Жылқы – қасиетті жануар

Қасен Ә.Н.
.
.
Оқу мақсаты 5Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5Ж3. Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздерді қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Тірек сөздердің мағынасын түсіне алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Сөйлем құрастыруда сипаттау, бейнелеу  құралдарын қолданып жаза алады.  

Бағалау критерийлері Ø  Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестердің мағынасын түсінеді.

Ø  Сөйлемдер құрастыруда берілген сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады.

Ø  Тірек сөздердің мағынасын түсіне алады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:  Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жаза алады.

Пән лексикасы және терминология: Жақсы көру, жан серігі,  сымбатты, жылқы баласы, ауруға ем.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неге жылқы қасиетті деп саналады?

Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

 

Пәнаралық байланыс Тарих
Осыған дейін меңгерілген білім Барлық оқушылар қазақи ит – төбет екенін, ит жеті қазынаның бірі, адамның адал досы екенін біледі. Кейбір оқушылар тақырып бойынша сөйлемдер құрай алады.