И дыбысы мен әрпі

Уайтбаева Акмарал Досанбековна
Воспитатель предшколы
.
.
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдер: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: И дыбысы және әрпі
   Мақсаты: И дыбысымен таныстыру. И дыбысымен әрбір сөзге дыбыстық талдау жасауды үйрету.
   Айтылу ерекшелігіне қарай И дыбысының дауысты дыбыс  екенін, жіңішке естілетінін өздеріне   анықтату. Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, өтілген әріптерді  қосып оқуға үйрету;
   Ой-өрістерін дамыта отырып байқағыштыкқа тәрбиелеу.
Білімділік: И дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. И әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Дәптермен жұмыс. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытылушылық: Балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын
Жаңа сөздер: Иненелік, ине.
Қолданатын көрнекіліктер: Кеспе әріптер қалтасы, текшелер, үлестірмелі суреттер, әліппе-дәптер. Сауат ашу: «Дидактикалық материалдар».
Тәрбиеші: Уайтбаева Акмарал Досанбековна

Әрекеттің кезеңдері

                Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың 

 іс-әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу

 

 

 

 

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен әріптерді еске түсірді.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Мақсаты: Берілген дыбысқа сөз ойлап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.

Ойын барысы: Әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетемін. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады..

Мысалы: А – болса:

Балалар: Ай, алма, алмұрт, асқабақ т.б.

Слайд көрсету.

Дыбыс деген не?

Әріп деген не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Оларды қандай текшемен белгілейміз?

-Балалар, біз бүгін  жаңа әріппен танысамыз. Ол үшін сендер мына  жерде қиылған суреттер жаттыр,сол суретті құрастырсандар әртүрлі заттар шығады.

Балаларға суреттерді құрастыруды ұсыну.

Сурет бойынша түсінік беру.

Ит – жануар
Ине – іс тігетін зат
Инелік – бунақденелі, жәндік.

-Ине, инелік, ит сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

-И дыбыстан басталып тұр.

-Балалар бүгін біз И дыбысымен танысамыз.

  Енді  И, дыбысын айтып көрейік.

— И-и-и

— Қалай айтылады екен?

— Созылып айтылады

— Демек бұл қандай дыбыс?

— Дауысты дыбыс

— Оны қандай текшемен белгілейміз?

— Қызыл текшемен
— И әрпін ауада жазып көрсету.
— И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету.     И дыбысы неге ұқсайды.

 Сергіту жаттығуы.

Енді карандашпен И дыбысын жасайық.

Неше карандаш пайдаландық?

 И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.

 И дыбысы бар сөздерді ойлату, буынға бөлу.

Сергіту жаттығуы.

Буын оқу:

Иа   Ит  Ир  Ио  Ин  Ин

Слайд  көрсету.

 «Сауат ашу. Әліппе-дәптердің» И әрпіне байланысты бетіндегі суреттер бойынша әңгіме құрау. «Ит» сөзінедыбыстық талдау жасау.  

Ойын:«Буынға буын қос»

Мақсаты:Басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшандыққа, зейінділікке баулу.

Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды.

Мысалы:

Ау – (ла). Ал — (ма). Са – (ра). Сә (біз). Қа (уын).

Естеріне алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Суреттерді құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

Буындап оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы ойынға қатысады.

Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)

 

Сұрақ қояды.

-Балалар біз бүгін қай дыбыспен таныстық?

-И –қандай дыбыс?

-И дыбысынан байланысты сөздер айтайықшы.

-Қандай ойын ұнады?

 -Не қиын болды?

И әрпімен таныстық

И-дауысты  дыбыс..

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар «И» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.
Түсінігі : Балалардың И дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.
Орындай алады: И дыбысыңың дауысты дыбыс екенін,
И дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.