Тәуелсіздік таңы мәңгілік

Сәрсенбаева Ұлжан Ұланбекқызы
Тарих пәндерінің оқытушысы
.
.
Мақсаты:
  1. Білімгерлерді 25 жыл ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру; тәуелсіздігіміздің мән-мағынасын түсіндіру,
  2. Мемлекетіміздің жас ұрпаққа артар жауапкершілігін саралай отырып олардың бойында Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету;
  3. Мемлекетіміздің мәртебесін көтеруге атсалысу және патриоттық ұстанымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған плакаттар, ұпай беретін парақшалар, мадақтау қағаздары, итерактивті тақта, слайдтар.
Шарамыздың мақсаты: қазақстан тарихының терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, қазақстан тарихының кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Өтілу барысы:
1-жүргізуші:
— Армысыздар, құрметті оқытушылар мен білімгерлер!«Тәуелсіздік таңы-мәңгілік» атты танымдық-интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер. Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпағымызға берген үлкен бақыты халқымыздың мәңгілік құндылығы. Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 26 жыл. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс
болатын. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол аса күрделі кезеңде елімізді сүріндірмей сара жолға шығарып, өзінің көреген басшы, салиқалы саясаткер екендігін Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге таныта білді.Осы елдің мемлекеттік тілін білу арқылы халық бір – бірін түсінеді, тағдырлары мен тарихы ортақ екенін сезінеді.
     Тарих қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіреттіӨз елінің тарихы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
2- жүргізуші:
«Тәуелсіздік таңы-мәңгілік» атты танымдық-интеллектуалды сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтеді.
 1-жүргізуші:
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік. Біздің сайысымыз бес бөлімнен тұрады.
1- бөлім- «Сәлем – сөздің айнасы» (Таныстыру) Әр топтың топ басшысы өздерін таныстырады. Топ белгісі, ұраны туралы айтып өтеді.
2- бөлім- «Сен білесің бе»  Әр топқа он сұрақтан беріледі. Сол сұраққа қаншалықты  жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
3 — бөлім- «Тірек-сызба сайысы», Әр топтың басшысы өздеріне берілген тірек-сызба бойынша  көрсетілген жұмыстың мағынасын ашып айтып береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
4 — бөлім – «Сандар сөйлейді»  «Қазақстан Республикасының мерекелік күндері»  тақырып  бойынша  сандарды  сөйлетеді. Сол сұраққа қаншалықты  жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
5- бөлім «Ғимараттар және ескерткіштер» Интерактивті тақтада қараймыз Суреттерді танып, атын атау, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1-жүргізуші:
Енді, қай топ нешінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты таңдап, ойынның басынан аяғына дейін кім нешінші болып бастайтынын анықтаймыз. Шарт бойынша қоржыннан: қызыл асықты алғандар- бірінші, көк асықты алғандар- екінші, ақ асықты алғандар- үшінші болып сайысымызды бастайды.
1- бөлім- «Сәлем – сөздің айнасы» (Таныстыру) Әр топтың топ басшысы өздерін таныстырады. Топ белгісі, ұраны туралы айтып өтеді. Керекті белгілер экраннан көрсетіледі.
  1. «Тұлпар»
 «Тұлпар»тобы алға!
  Биіктерге самға
  Достығымыз барда
  Жүреміз тек алда!            
  1. «Қыран»
  Қырандай қалықтаймыз,
  Оқудан біз жалықпаймыз!
  1. «Білгір» Ұраны: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»
2- жүргізуші: Кез-келген интеллектуал адамның бойында кездесетін ең жақсы нәрсе ол ерекше жақсы қасиеттері. Сондықтанда ал қатысушылар осы жақсы аттарыңа сай өнерлеріңді ортаға салыңыздар.
 2- бөлім- «Сен білесің бе?»  (Жылдам сұрақ- жауап жүргізу) 10 сұраққа топ басшысы топтың көмегімен тез жауап қайырады. Сол сұраққа қаншалықты  жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
 «Тұлпар» командасы үшін:
  1. Астана қала күні мерекесі тойланатын күн? (6-шілдеде)
  2. Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданған жыл?(1995ж., 30- тамыз).
  3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (1992 жылы, маусым)
  4. Ұлттық теңгеміздің шығу уақыты?(1993 ж. 15-қараша)
  5. Ұлы Отан соғыс жылдардағы қазақтан шыққан батыр қыздар.(1943 жылы мамыр айында Алматыдан 185 қыз майданға аттанған. Олардың iшiнде 73 қазақ қыздары болған)
  6. ЭКСПО-17 Бүкіләлемдік көрме қандай тақырыпта өтеді? (Болашақтың энергиясы)
  7. Қазақ хандарын ата.(Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Есім хан,Жәңгір хан,Тәуке хан, Хақназар хан)
  8. Қазақстанның тарихи даму барысында астана қызметін атқарған қалаларды жылдармен ата?
  9. 1920-1925 жылдар, Орынбор.
  10. 1925-1929 жылдар, Қызылорда.
  11. 1929-1997 жылдар, Алматы.
  12. 1998 жылдан Астана.
  13. Қазақ хандығының 550 жылдығы қандай мерекелермен тұспа-тұс
келді?(Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Конституциямызға 20 жыл, Жеңіске 70 жыл).
  1. 1991 жыл, 2- қазандағы оқиға (Ғарышқа тұңғыш қазақ азаматының ұшуы)
«Қыран» командасы 
  1. Абылай хан ел басқарған жылдары (1771-1781 ж.ж.)
  2. КСРО құрылған уақыты (1922 ж)
  3. Қаған сөзінің мағынасы (хандардың ханы; түрік мемлекетінің билеушісі титулы)
  4. Ислам дінінің Қазақстан жеріне ене бастауы (ҮІІІғ. басы)
  5. Батыс түрік қағанатының құрылуы (603-704 жж.)
6.ХҮІ ғ. Жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы (М.Х. Дулати) 
  1. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы (1731 ж)
  2. Аңырақай шайқасында жоңғарлардың жеңілуі (1730 ж.)
  3. Қазақ тарихында болған бірінші төл заңы» («Жеті Жарғы»)
  4. Ұлы жүздің биі кім? (Төле би)
  «Білгір» командасы
  1. ХҮ ғ. Қазақстандағы этоно-саяси қауымдастықты өз төңірегінде
Шоғырландырғандар( Керей мен Жәнібек)
  1. Моңғол империясы қай ғасырларда құрылды? (ХІІІ ғ басы)
  2. Моғолстан мемлекеті Қазақстанның қай бөлігінді құрылған? (Оңтүстік –Шығыс Қазақстан)
  3. «Қазақ»  сөзі пайда болған уақыт (Көне түркі дәуірінде)
  4.  Шыңғысханның ел билеуі (1206-1227 жж)
  5. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталады? (Құрылтай)
  6. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым (Шоқан Уәлиханов)
  7. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы: (епті адам)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
  8. Қола дәуіріне тән мәдениеттер (Андронов, Беғазы-Дәндібай)
  9. М.Х. Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі: (1465-1466ж.ж.)
 1-жүргізуші
 Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
 Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
 Шаңырағы биік болып қазақтың
 Қисаймасын берік болсын уығы ,- дей келе келесі бөліміміз:
3- бөлім «Тірек-сызба сайысы»
1-топ:
1.Туымыздың авторы – Ш.Ниязбеков
2.Мемлекеттің даму бағытын, ұлттық бейнесін білдіретін белгі.
3.Туымыз көк түсті, ортасы күн шұғылалы, қыран және ою-өрнек өрнектелген.Көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдірсе, туымыздағы күн,қыран, ою-өрнек- еліміздің ұлттық жиынтық белгісі.
2- топ:
1.Елтаңба авторлары – Ж. Мәлібекұлы, Ш.Уәлиханұлы
2.Біздің тегімізді, тілімізді, түрімізді айқындайтын басты таңба.
3.Қазақ хандығынан бері әр руда өз таңбасы болған. Біздің елтаңба: пырақ қанатты ат, жеті буыннан  тұратын мүйіз, бес бұрышты жұлдыз.
3- топ
1.Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов.
2.Біздің мемлекетті басқа елдерден ерекшелейтін бет айнасы
3.Әуелгі әнұран 1992 жылғы кеңестік кезеңнен қалған үлгі, кейін «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы қаңтарда мемлекеттік Әнұранға айналды. Әр топ тың басшысы өздеріне берілген тірек-сызба бойынша  көрсетілген жұмыстың мағынасын ашып айтып береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі
2- жүргізуші.  
Келесі бөліміміз: 4-бөлім «Сандар сөйлейді»         «Қазақстан Республикасының мерекелік күндері»  тақырып  бойынша  сандарды  сөйлетіңіз:  Ол үшін  мына кестені  толтырып, түсіндіреді. Бұл тапсырма үшін әр топқа әртүрлі тапсырмамен А3 плакаты таратылады.
1 1.01-2.01 Жаңа жыл
2 7.01 Христосттың туған күні
3 8.03 Халықаралық әйелдер мерекесі
4 22.03 Наурыз мейрамы
5 1.05 Халықтар ынтымақтастық мерекесі
6 7.05 Отан қорғаушылар күні
7 9.05 Жеңіс күні
8 1.06 Балаларды қорғау күні
9 4.06 ҚР рәміздері күні
10 6.07 Астана күні
11 30.08 ҚР Конституция күні
12 1.09 Білім күні
13 16.12-17.12 Тәуелсіздік күні
14 1.12 Бірінші предидент күні
15 15.11 Ұлттық валюта күні
16 17.11 Студенттер күні
17 1.04 Күлкі күні
18 14.04 Қозы Көрпеш- Баян сұлу күні (Махаббат күні)
                                
1-жүргізуші. Келесі бөліміміз:
5- бөлім.«Ғимараттар және ескерткіштер» Интерактивті тақтада қараймыз Суреттерді танып, атын атау. әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
2- жүргізуші. Тапсырма орындалғанша «Қазақ елі әні» тыңдалады.
1-жүргізуші.  
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың –  дей келіп бүгінгі «Тәуелсіздік таңы мәңгілік»  сайысымыз да мәресіне жетті. Әзірше әділ қазылар алқасы сайыс бойынша қорытындыларын шығарғанша, слайдпен ән тыңдай тұрайық.
1-жүргізуші. Сонымен қадірлі оқытушылармен мен білімгерлер. «Тәуелсіздік таңы- мәңгілік» атты сайысымыздың қорытындысын тыңдау үшін әділқазылар алқасына сөз берейік. Әділ қазылар алқасы өз қорытындыларын жариялап, марапаттайды.