Информатика және медицина

Зейнелғаби Жанна Зейнелғабиқызы
.
.
Мақсаты:
  1. БілімділігіМедициналық информатика түсініктерімен, негізгі ұғымдарымен танысу.
  2. Дамытушылығы: Медициналық ақпараттармен жұмыс жасау негіздерін дамыту
  3. Тәрбиелігі: Жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулу, болашақ мамандығына қызығушылығын ояту.
 
Студент білуі керек: Медициналық информатиканың негізгі ұғымдарын, медициналық ақпараттық жүйелер жайлы.
Студент істей алуы керек: Медициналық статистикалық мәліметтермен жұмыс істей алу керек.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Баяндау, ойын элементтері, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: Кәсіптік орыс тілі, Кәсіптік шет тілі, Клиникаға кіріспе, Мейіргер ісі негіздері.
Әдістемелік қамтамасыз етілуі: Дербес компьютерлер,  интерактивті тақта, презентация, тапсырмалар, карточкалар.
 
Теориялық сабақтың  хронокартасы
1.

Ұйымдастыру

1 мин.

      2.

Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

«Инттелектуалды ойын»

20 мин.

3.

Жаңа тақырыпты баяндау. Лекция

25 мин.

4.

 «Джигсо» әдісімен жұмыс жасау

20 мин

5.

Сергіту сәті. «Біздің тас сіздің бақшаңызға»

1 мин

6.

Жаңа материалды бекіту.  Компьютерлік тест

15 мин.

7.

Сабақты қорытындылау

5 мин.

8.

Рефлексия. «Алма ағашы» студенттердің сабақты қаншалықты игергендігін анықтау

2мин

9

Үй тапсырмасын түсіндіру

1 мин.

 
  1. Ұйымдастыру сәті: сәлемдесу, студенттерді түгендеу, сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Студенттердің көңіл-күйлерін анықтау мақсатында шағын психологиялық тексеру жұмысын жүргізу. (Көңіл-күйлерін білдіретін смайликтерді таңдайды)
  1. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру(сондай-ақ, сабаққа ынтасын ояту мақсатында ойын элементтері қолданылады):
Презентация арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар ұсынылады.  Дұрыс жауап берген топқа балл көрсетілген стикер беріліп отырады. Ал топ спикері топ ішінде белсенділік танытқан студентке  тиесілеп отырады.
 
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Дәріс презентация көмегімен интерактивті тақтада баяндалады.
  1. Джигсо әдісімен жұмыс жасау.
Топтарға жаңа тақырып бойынша қосымша мәліметтер — шағын мәтіндер жазылған карточкалар таратылады. Топ мәліметерді өзара талдап, микромәтіндерді  өзара бөлісіп, тірек сызба,суреттерді қолдана отырып қорғауға дайындалады.
  1. «Біздің тас сіздің бақшаңызға» сергіту сәті. Бұл тәсіл топтың ұйымшылдығына, сондай-ақ көңіл-күйді жақсартуіа бағытталады.
  2. Жаңа материалды бекіту
 Компьютерде нәтижесі автоматты түрде шығатын тест тапсырмаларын орындайды(2-3 студенттен тұратын шағын топ болып орындайды)
  1. Сабақты қорытындылау
Студенттерді бағалау (белсенділік, тапқырлығы, тақырыпты меңгеруі, тест нәтижесі есеріледі). Бағалау парақшасында топ спикрлерінің бағасы, өзін өзі бағалау графалары бар.
  1. Рефлексия
Алма ағашы: Қызыл алма– Барлығы түсінікті, сұрағым жоқ
                                      Жасыл алма – Қиыншылықтар болды, бірақ жеңе білдім
                                         Сары алма – Тақырыпты толық игере алмадым, қосымша дайындық қажет.
  1. Үйге тапсырма: Дәрісті оқу, негізгі терминдерге ребус (3-5) құрастырып келу.
 
 
 
АШық СабақтыҢ өзіндік ТАЛДАМАСЫ
мейірбике ісі 305 тобы білім сапасы, талпынысы, сабаққа зейіні, ынтасы жағынан жоғары топ.
Сабақтың тақырыбы:Медицина және информатика
Жұмыс бағдарламасы бойынша тақырыпқа берілген сағаттар саны:  жалпы –6 сағат, оның 2 сағаты теорияға, 4 сағаты тәжірибелік сабаққа бекітілген.
Cабақтың мақсаты:
БілімділігіМедициналық информатика түсініктерімен, негізгі ұғымдарымен танысу.  
Дамытушылығы:  Медициналық ақпараттармен жұмыс жасау негіздерін дамыту
Тәрбиелігі:  Жауапкершілік пен ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасауға баулу, болашақ мамандығына қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
  1. Студенттердің көңіл-күйлерін анықтау мақсатында шағын психологиялық тексеру жұмысын жүргізу. Көңіл-күйлерін білдіретін смайликтерді пайдалану.
  2. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында өткен тақырыптар бойынша «интеллектуалды жарыс»-ты қолдану
  3. Джигсо әдісімен жұмыс жасау.
  4. Топтарға жаңа тақырып бойынша қосымша мәліметтер — шағын мәтіндер жазылған карточкалар таратылады. Топ мәліметерді өзара талдап, микромәтіндерді өзара бөлісіп, тірек сызба,суреттерді қолдана отырып қорғауға дайындалады.
  5. «Біздің тас сіздің бақшаңызға» сергіту сәті. Бұл тәсіл топтың ұйымшылдығына, сондай-ақ көңіл-күйді жақсартуіа бағытталады.
  6. Рефлексия-кері байланыс «Алма ағашы»әдісінде студенттердің өткен сабақтан алған әсерлерімен бөлісуі.
Сабақ барысында қолданылған технологиялар:  Ақпараттық-коммуникациялық технология; кәсіби қызметке модельдеу технологиясы; денсаулықты сақтау, ойын технологиялары кеңінен қолданды.
Сабақтың көрнекілігі: Студенттердің білімін тексеруге арналған презентация, смайликтер, интерактивті тақта, тақырып бойынша ,..