«Информатикалық бестік» сайыс

Байтемирова Гулимхан Жаппаровна
.
.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық іскерлігін, ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білімдерін шыңдау.
Жоспары:
І тур.  Топы таныстыру
ІІ тур.  «Ой шақыру» әдісі:  Жасырын ұяшықтар.
ІІІ тур.  «Миға шабуыл» әдісі: Құпия жәшік- «Жылдам, тағы жылдамырақ»
ІV тур. «Дода» Практикалық жұмыс
V тур. Информатикалық тапқырлық. (залмен ойын)

Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуальдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам,
— дей отырып, барлықтарыңызды «Информатикалық бестік» сайысын көріп тамашалауға шақырамыз!
Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Жүргізуші:
І тур. Топты таныстыру:    (жай дауыспен әуен қояды)
Компьютерде келешек,
Ұғып, білгіш елгезек.
Әр топтың білгірлері,
«Paint» тобына бер кезек,- деп ортаға «Paint тобын» шақырамыз.
Информатика пәнінен,
Көрсетер бізге алғырлық.
Ой толғайтын жүйелі
«Windows» тобын шақыралық,- ортада «Windows» тобы.
Тобының жоғын мұңдайтын,
Ертеңі жайлы ойлайтын.
Болашақтың арманын,
Бүгіннен бастап сайлайтын,- «Word» тобын ортаға шақырайық.
Болашақ білім – ғылым тұтқасында
Мұны әр кез, әр кез ұстасында
Заманның компьютердей кезеңінде
Информатика тағы тұр көш басында, — деп ортаға «Google» тобын шақырамыз.

Қатысушылар:
Ендігі сөз кезегі топтардың таныстыруларында.
1. Топтың аты: ««Paint»»
Топтың ұраны: (Әр топ жеке жеке ұран шығарады, өздерін таныстарыды. Әділ қазылар соған қарап бағалайды.)
2. Топтың аты «Windows»

3. Топтың аты «Word»

  1. Топтың аты- «Google»
 
ІІ тур.  «Ой шақыру»  әдісі:  Жасырын ұяшықтар. (Жеке жұмыс)
Информатика бұл кейде басты талап,
Ол дегенің ізденгенге қару — жарақ.
Жасырын ұяшықтың сұрақтарын
Көрейік қайсы топ табар тез — ақ,
— деп ІІ турымызды бастайық.Әр қатысушы түстерге қарап ұяшық таңдайды,  ішіндегі  информатикаға байланысты 1 сұрақ беріледі. Жауабын толық түсіндіріп,  қызметін айту.

ІІІ тур. «Миға шабуыл» әдісі: Құпия жәшік

             «Жылдам, тағы жылдамырақ»  (жұптық жұмыс)
      Ақпараттану күнбе-күн,
   Тез — ақ дамып келеді.
     Таппай іздеп жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
    Аздаған болса хабарың.
    Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың,-
деп ІІІ — турымызды бастаймыз. «Жылдам, тағы жылдамырақ» деп аталатын бұл турда алдарында тұрған жәшіктен сұрақ алып жұптасып жауап беруге мүмкіндігі бар
ІV тур. «Мен жасай аламын» Практикалық жұмыс. (жұптық жұмыс)
Информатика пәнінен,
       Алғырлық біздер көрсетіп.
Практикалық жұмысты
Бастайық біз орындап,-
деп «Дода» турын бастайық. Практикалық жұмыс. Шәкірттер компьютерде 10 минуттың ішінде 4 топ бірдей тапсырмалар орындайды.
V тур. «Информатикадан тапқырлық» Тапқырлық ойыны  (залмен)
          О, информатика, сен қандай ғажап едің,
Сенсіз өткен күндерім азап менің,
    Жоғымды интернеттен іздеп тапсам,
Мен сені қалайша жырламаймын,-
деп толғана отырып, кезекті көрермендерге береміз.
  1. Информатикаға қатысты жұмбақтар жасырылады.  Тапқан шәкірт ортаға шығады.
  2. Түсті конверттің ішінен сурет бөлшектерін алып құрастырып қызметін айту керек.
Қорытынды:  Нәтижесінде 4 топтың арасынан суырылып шыққан «Paint»  тобы 1- ші орынды,  «Google»  
тобы 2-ші  орынды, «Word»  тобы 3-ші орынды, «Windows» тобы 4 орынды иеленді.
Әділ қазыларға сөз кезегін береміз. Сөз соңында марапаттау және сыйлықтар тапсыру.
Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар!