Интелектуалдық сайыс «Білгірлер бәйгесі»

Асылханова Аяулым Асылханқызы
Биология пәнінің мұғалімі
.
.
Мақсаты: 9 сыныптар арасында биология пәнінен  зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сайыс басталмай тұрып  Әнұран орындалады.
Алғы сөз: Армысыздар көрермендер, бармысыз қадірменді білгір қауым! Бүгінгі 9 сыныптар арасында өтетін «Білгірлер бәйгесі» атты интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Қатысушы топтарға сөз беріледі.
Сайыс барысы:
  1. 1. Таныстыру (сайысқа 3 топ қатысады, әр топтан бір оқушы капитан болып сайланады, топты таныстырады)
  2. Әділ қазылар алқасын таныстыру
Сайыс шарттарын айқындау
I- тур
Таңдаулы тақырып — 30 ұпай  (5,10,15 ұпайдан тұратын тақырыптық сұрақтарға жауап беру, барлық кезеңдерде ойлануға 1 минут уақыт беріледі)
II – тур
Тұлғадан сұрақ – 10 ұпай (бейнесұрақ, әр топқа бір сұрақтан)
III – тур
Ситуациялық сұрақтар – 20 ұпай (оқушылар берілген ситуациялық  сұрақтарға өз ойларын білдіріп, жауап береді)
IV — тур
Капитандар жарысы — (әр топтың капитаны 60 секунд ішінде берілген сұрақтарға жауап береді, бір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі)   
Әр сыныпқа көмек ретінде  залл көмегі 1 рет беріледі  (өз сыныбынан болуы тиіс).
Жүргізуші сөзі: Сайымыздың алғашқы кезеңі «Таңдаулы тақырыпқа» кезек берейік.
Генетика
5 ұпай – Кез-келген белгінің  бірдей немесе екі түрлі  көрінісін анықтайтын жұп гендер қалай аталады?             Аллельді гендер
10 ұпай – Ата-анасының екі белгісі де көрінбей, аралық сипаттағы жаңа белгінің жарыққа шығуы? Толымсыз доминанттылық немесе аралық сипаттағы тұқым қуалау
15 ұпай – Хромосомалар санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп артуы? Полиплоидия
Селекция
5 ұпай – Құнды белгілері бар дараларды сақтауға және көбейтуге бағытталған қолдан сұрыптаудың түрі?  Мақсатсыз сұрыптау
10 ұпай – Вавиловтың зерттеулерінің нәтижесінде «Қандай да болсын өсімдік түрінің генетикалық жақын формалары көбірек таралған аймақ — сол түрдің шығу орталығы болады» деп тұжырымдап, еңбектерінде неше орталықты атап көрсетті? 7 мәдени орталық (Оңтүстік Азия, Шығыс Азия, Оңт-Батыс Азия, Жерорта теңізі, Абиссиния, Орталық Америка, Оңтүстік Америка )
15 ұпай – Организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оның геномына арнайы мақсатта жаңа ген енгізу арқылы қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгертуді қалай атаймыз? Гендік инженерия
Эволюция
5 ұпай – Тірі организмдердің қарапайым құрылыстан күрделіге қарай жоғарылауы? Градация
10 ұпай – Балықтың және өзен шаянының  желбезектері, көртышқан мен бұзаубастың аяқтары, кұс, жарғанат және көбелектің қанаттары қандай мүшелерге жатады? Аналогиялық мүшелер
15 ұпай – Аса жоғары бейімділікті көрсететін гетерозиготалы генотиптердің көп болуы және тіршілік қабілеті төмен гомозиготалы даралардың жарыққа шығу құбылысы? Теңестіруші полиформизм
2 — кезең «Тұлғадан сұрақ»
  1. Адам өсімдіктерді және жануарларды қолдан сұрыптау кезінде нәтижесінде не пайда болады? (жануарлардың қолтұқымдары, өсімдіктердің іріктемелері пайда болады)
  2. Алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын, шөптекті, көпжылдық жылу сүйгіш өсімдік қалай аталады? (картоп)
  3. 900-ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны, олардың ішінде жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ тұқымдастары (Оңтүстік Америка, Мексика)
 3 — кезең «Ситуациялық сұрақтар»
  1. Бәсекелестік күрес неден болады, сен қалай ойлайсың?
Жауабы: тіршілігін сақтап қалу үшін организмдер арасында тіршілік үшін күрес жүреді. Тіршілік үшін күрес —  қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым –қатынастың жиынтығы.
2.Неғұрлым түрлер көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды. Осының себебі?
Жауабы:Себебі қарқынды даму түрді сақтап қалудың “құралы”. Барлық организмдер  ұрпақ қалдыруға тырысады. Сондықтан  қарқынды түрде көбейе бастайды.
3.Бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді жыл сайын әрбіреуі      3-6 млн уылдырық шашады немесе үй шыбыны 5 күнде    20 мың жұмыртқа салады. Өсімдіктерде бір түп көкнәрда 10 қауашақ дамыса, онда жыл сайын жерге 30000 тұқым шашылады. Осындай қарқынды дамумен көбеймеу себебі неліктен?
Жауабы:    Мұндай қарқынды даму, тек қолайлы жағдай болғанда ғана өніп — өсіп, тіршілігін сақтап қалады.  Түрлер неғұрлым көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, себебі қарқынды даму түрді сақтап қалудың құралы. Көп организмдер орта жағдайында орынның, қоректің, ылғалдың, жарықтың жетіспеуінен және жауына жем болудан қырылады.
4 – кезең «Капитандар жарысы»
  1. Белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендеп, бір-бірімен еркін будандасатын биологиялық түр дараларының жиынтығы (Популяция)
  2. Жыртқыш пен жемтігінің өзара қатынасы нені білдіреді? (Түраралық күресті білдіреді)
  3. Ағылшын табиғат зерттеушісі А.Р.Уоллес қанша биогеографиялық аймақты атап көрсетті? (6 биогеографиялық аймақ)
  4. Организмдер ұрығының дамуын зерттейтін ғылым саласы? (Эмбриология)
  5. Құрылысы мен шығу тегі бір мүшелер? (Гомологиялық мүше)
  6. Селекцияның ғылым болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалым? (Н.И.Вавилов)
  7. Тұқым қуалайтын тек ер адамда кездесетін ауру? Хромосомаларының жалпы саны 47-ге тең болады. (Kлайнфельтер ауруы)
  8. Түр теориясының негізін қалаған? (Карл Линней)
  9. Организмнің жеке дамуы? (Онтогенез)
  10. Мейоздық бөліну неше фазадан тұрады? (4 фазадан)
  11. Даярлық кезең қалай аталады? (Интерфаза)
  12. Митоздың мейоздан айырмашылығы? (Жыныссыз жолмен көбейеді)
Жүргізуші сөзі: Осымен сайымыз өз соңына жетті, әділ қазылар алқасын қорытындылау үшін шығарып салайық.
Қатысушаларымызды қолдау үшін 9 сынып оқушыларының дайындаған өнерін тамашалайық!
Қорытынды: Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз. Бүгінгі «Білгірлер бәйгесі» атты интеллектуалдық танымдық сайыс аяқталды. Құрметті көрермендер, сайысымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет!