Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты : 
1.Студенттердің әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,
шығармашылық ізденісін байқау. Жан-жақты болуға қалыптастыру.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
  1. Оқуға, пәндерге деген қызығушылығын арттыру.
  
Көрнекі құралдар: суреттер, тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі.  Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

  
Іс-шараның барысы.
 Ойынға қатысушылармен танысу.
—          Құрметті мұғалімдер, студенттер! Бұл ойын қазақ тілі мен әдебиет, тарих пен орыс тілі және ағылшын тілі пәндер апталығына арналған іс-шара болып табылады. Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, байқауымызға қош келіпсіздер! Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті,мемлекеттік іс-қағаздар ,  қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы, қоғамтану пәндерәнен сұрақтар қойылады. Біздің колледж студенттері арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» деген интеллектуалдық ойынды өткізуге рұқсат етіңіздер.
—          Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1-ші қатысушы –
2-ші қатысушы –
3-ші қатысушы –
4-ші қатысушы –
5-ші қатысушы –
6-шы қатысушы –
7-ші қатысушы –
8-ші қатысушы-
9-ші қатысушы –
10-ші қатысушы –
— Әділқазылар алқасымен таныстыру.
1.
Сонымен қатар, біздің ойында есепші барлық ұпайларды санап, тақтаға жазып, көрсетеді. Есепші әділ-қазыларға санауға көмектеседі.
Студент:
  1. Кіріспе сөз.
Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
— Бүгінгі интеллектуалды ойын бес кезеңнен тұрады:
I кезең – «Бәйге»
II кезең – «Полиглот»
III кезең – «Ғажайып алаң»
IV кезең – «Қиял әлемінде»
V кезең — «Жорға»
  1.  Ойынның барысы:
 Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе, біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 жүргізуші:
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген, оған  бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Кезеңнің соңында Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
1 жүргізуші:
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.
1жүргізуші:
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі.
1 жүргізуші:
4 кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.
1 жүргізуші:
5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
1-жүргізуші:
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Ал енді, бірінші кезеңді бастайық.

«Бәйге» турын бастаймыз. 

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, 
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз 
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар, 
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз. 

 I кезең БӘЙГЕ
1.«Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы . Алтынсарин 
Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Бигелдинов 
3.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы . Алматы
4.Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке
5.Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл 
6.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев 
7.Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай 
  1. «Қазакфильм» киностудиясы кімнің атында екенін белгіле. Айманов 
9.«Азия» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткері. Сүлейменов 
10.Ұлы жүздің төле биі. Төле би 
11.Қазақ фольклорын зерттеген орыс ғалымы. Радлов 
12.Қазақтың батыр қыздары. Маметова, Молдағұлова
13.Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. Жетісу
14.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір
15.Көмір өндірілетін жер. Қарағанды
16.«Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. Б.Төлегенова / К.Байсеитова
17.Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары. «Сарыарқа»
18.Қабанбай батырдың шын аты. Ерасыл
19« Невада-Семей» қозғалысының басшысы. О.Сүлейменов
20.Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы. «Қыз Жібек»
21.Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор
22.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы«Семей-Невада»
23.Соңғы Конституцияның шыққан жылы. 1995
24.Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997
25.Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997
26.Латын алфавиті қолданылған жылдар. 1929-1939
27.Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланған жыл. 1991
28.Қазақстан облыстарының саны. 14
29.Киіз үй неден тұратынын белгіле. шаңырақ, уық, кереге
30.Әбілхан Қастеев- кім? Суретші
31.Бауыржан Момышұлы-кім? Батыр, жазушы
32.Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта. Құсбегі
33.Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап. Нағашы атасы
34.Көшпелілердің баспанасы. Киіз үй
35.Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата?. Дина Нұрпейісова
36.Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан
37.Балалар әдебиетінің негізін салушы? Алтынсарин
38.Тұңғыш педагог? Алтынсарин
39.Тұңғыш спектакль? «Қалқаман-Мамыр»
40.Халықаралық дәрежедегі госсмейстр. Болат Асанов
41.Қазақстандағы ең тұщы көл? Марқакөл
42.Қалибек Қуанышбаев кім? әртіс
43.Тұңғыш қазақ газеті? «Түркістан уәлаяты»
44.Семей полигоны қашан жабылды? 1991жыл
45.Шетелде тұңғыш ән салған әнші? Әміре Қашаубаев
46.Жүз жасаған ақын? Жамбыл
47.Тоқтар Әубәкіровтың туған жері? Қарағанды
48.Тудың авторы? Ш.Ниязбеков
49.Елтаңбаның авторы? Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

50.Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов. Н.Назарбаев 

Ең көп ұпай жинаған 8 катысушы қалады. 

Сөз әділқазы алқасына беріледі. 

II кезең – «Полиглот» 

«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар. 

Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып, үш тілде аудармасын табу керек. 

Кім жылдам, әрі тез болса сол оқушы табысты болады.

1.Гүл өссе – жердің көркі,
. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка-girl )
  1. Ел іші – алтын … (бесік – колыбель -cradle )
  2. Білімді өлсе,
Қағазда … қалар (есімі- имя -name)
  1. …. — үлкен мектеп (Өмір – жизнь- a life)
5…. – алтын қазына ( тіл – язык-language)
6…. – отбасынан басталады (отан – родина-birthplace)
  1. … – ақылдың көркі (Білім – знание -knowledge)
  2. … — білім бұлағы (оқу – учеба- learning)
  3. … – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга-book)
10…. алды – қызық тіл (өнер – искусство-art)
— Қорытынды жасаймыз.

Ең көп ұпай жинаған 6 катысушы қалады. 

Сөз әділқазы алқасына беріледі. 

Келесі кезеңіміз III – «Ғажайып алаң» 

Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, Қазақстанның мәдениеті, спорты және музыка саласынан сұрақтар беріледі. 

Мәңгі бақи есте қалар, 

Ғажайып бір кеш болсын. 

Білімдірек шәкірт озар, 

Қиынырақ сұрақ болсын! 

 
 
 
 
Ғажайып алаң 
   қазақ тілі Қазақстан тарихы дүниежүзітарихы  Қоғамтану   Спорт Музыка
10  10  10  10  10  10 
20  20  20  20  20  20 
30  30  30  30  30  30 
40  40  40  40  40  40 
50  50  50  50  50  50 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 

10 ұпай- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? Түркі тілдер тобына 
20 ұпай – Жазба әдебиетінің негізін салушы? Абай 
30 ұпай — Тіл білімінің негізін салушы? Ахмет Байтұрсынұлы 
40 ұпай – «Құтдадұғу білік» кімнің еңбегі? Жүсіп Баласұғн 
50 ұпай – «Түркі тілінің сөздігі» кім құрастырды? Радлов 
 Қазақстан Тарихы пәні бойынша 
10 ұпай –  Қазақ хандығы қай жылы құрылды ?  1465-66жж
20 ұпай –  Ресейдің құрамыны ең алғашқы болып өз еркімен кірген кіші жүз ханы? Әбілқайыр хан.
30 ұпай –  Жер-су реформасы қай жылы жүргізілді және Қосшы одағының жетекшісі кім? 1921-1922жж, жетекісі Ораз Жандосов.
40 ұпай –  Алаш партиясы қай жылы кімнің жетекшілігімен  құрылды және  бағдарламасы қай газетке жарияланды? 1917 ж  Алихан.Б. Қазақ газетіне
50 ұпай – Ұлт –азаттық көтеріліс қай жылы болды және қай облыстарды қамтыды? 1916 ж Жетісу,Торғай облыстарын.
 
 
 
Дүниежүзі тарихы пәні бойынша 
10 ұпай —  Екінші дүниежүзілік соғыс болған жыл? 1939-1945
20 ұпай – Қырғи-қабақ соғыс қай елдер арасында болды?
30 ұпай –  Антанта одағы мен Үштік одақ қай жылы құрылды? Антанта 1907ж, Үштік Одақ 1882ж.
40 ұпай –  Екінші дүниежүзілік соғысты бастап Германия 1939 жылы 1 қыркүйекте қай елге басып кірді? Польша
50 ұпай – Бірінші дүниежүзілік соғыс болған жыл? 1914-1918

Қоғамтану пәні бойынша 

10 ұпай –  ҚР Конституциясы қанша баптан тұрады? 98
20 ұпай –  Саясат денеіміз не?
30 ұпай —  ҚР мемлекттік билік органдарына не жатады? Президент, парламент, үкімет,сот.
40 ұпай –  Қоғам дегеніміз не?
50 ұпай —  ҚР мемлекттік рәміздері ту,ел таңба, ән ұраның авторлары?
Спорт саласы бойынша 
10 ұпай – Қазақ халқының ұлттық ойыны? Тоғызқұмалақ 
20 ұпай — Спорт алғашқы қай елде пайда болды? Грекия 
30 ұпай – Күрестен олимпиада чемпионы? Жақсылық Үшкемпіров 
40 ұпай – Сидней олимпиадасының чемпионы? Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрахимов 
50 ұпай – Күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы? Дәулет Тұрлыханов 
 
 
Музыка саласы бойынша 
Құрманғазыдан бата алған күйші? Дина Нұрпейісова 
Ішекті аспаптарды ата? Домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна. 
Қазақ музыкалық аспаптары нешеге бөлінеді? 4 – ке бөлінеді. 
«Музыканың ұлы кітабы» атты еңбек кімдікі? Әл –Фараби 
Е. Г. Брусиловскийдің жазған операсы? Қыз-Жібек 
Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.  Сөз әділқазы алқасына беріледі. 

Келесі кезең 4 кезең «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»

Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек. 3 минут уақыт беріледі.

А) «Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі мен бүгіні», «Қазақстан»

1-жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен, 
Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен. 
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр, 
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Музыкалық нөмір
 ——————————————
 
Жанкүйерлерге сұрақтар:
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
  1. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3.Халқаралық тіл (ағылшын)
4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)
5.Бала дәрігері (педиатор)
6.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
7.Мұсылмандар діні (Ислам)
  1. Жаздан кейін не келеді? (күз)
  2. Бір жылда 12 не бар? (ай)
  3. Наурызда пісірілетін тағам? (наурызкөже)
  4. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
  5. Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
  6. Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)
14.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
  1. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
Бұл кезеңде өз мәресіне жетті. Ендігі, сөз әділқазылар алқасынының назарына беріледі. Бұл сайыта ең үздік деген екі оқушы алдыға шығады.
 1- жүргізуші:

V кезең — «Жорға»

1- жүргізуші:
Ойын толық жатқандай асып, тасып, 
Біреу мығым, біреулер шалыс басып. 
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, 
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып. 
Жоғары, жоғары, жорғала 
Шапшаңдыққа таң қал ма. 
Ойын деге нарталас, 
Жеңілемін деп ойлама!
Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!
Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.
«Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов 
Тұңғыш қазақ оқулығын ата? «Қазақ хрестоматиясы» 
Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Байтұрсынов 
Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке хан 
Алакөл шайқасына қатысқан батыр? Қабанбай 
Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? 1938 
«Отырар сазы» оркестірін ұйымдастырушы? Н.Тілендиев 
Бейнелеу өнерінің негізін салушы? Ә.Қастеев 
Әбділда Ақшораев кім? тоғызқұмалақ ойынынан республика чемпионы 
«Алтын Адамды» тапқан кім? Кемел.Ақышев 
Ж.Жабаевтың өмір сүрген жылдары? 1946-1945 
Шоқанның өмір сүрген жылдары? 1835-1865 
Тұңғыш қорық? «Ақсу-Жабағылы» 
Шешендік өнер нешеге бөлінеді? 3-ке 
Әйтеке бидің шын аты? Айтық 
Тұңғыш ұлттық театрдың режиссері кім? Жұмат Шанин 
Орта жүздің биін ата? Қазыбек би 
Алғашқы деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді? 1938 жыл 
Еділ есімі тарихта қалай аталып кеткен? Атилла 
Тәуке ханның тұсындағы үш жүздің биін ата? Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би 
Екінші оқушының сұрақтары:
Шоқанның шын аты? Мұхамедханафия 
Абайдың шын аты? Ибраһим 
Қазақстанның астаналары? ОрынборҚызылорда Алматы,Астана 
Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттеген ғалым? Сауранбаев 
Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалым? Айдаров 
«Диуани луғат-ат-түрік» кімнің еңбегі? М.Қашғари 
Зергерлік бұйымдарды ата? Сақина, білезік, алқа, жүзік, шолпы, белдік,сырға, қапсырма 
Тұңғыш қазақ академигі? Сәтбаев 
Қазақстан Республикасының мемлектеттік рәміздері қабылданған жыл? 1992 жыл 4 маусым 
Сақталмаған қалалар? Отырар 
Йасы деп ІХ-Х ғасырларда қай қала аталды? Түркістан 
Түркістанның бұрынғы атаулары? ІV-Х Шабғар, ІХ-Х Йасы,ХV Түркістан 
Конституция неше баптан тұрады? 98 
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? 1989 
«Тіл құрал» оқулығының авторы? Байтұрсынов 
Астана қаласының жанындағы қорық? Барсакелмес 
Тұңғыш қазақ журналын ата? «Айқап» 
«Шахмат алғаш рет қай елде пайда болды? Үндістанда 
Әміре Қашаубаевтың туған жері? Абыралы 
Алматы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды? 1927-1997 
1- жүргізуші:
Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
2-жүргізуші:
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. 

Әділ-қазылардың назарына! 
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген, оған  бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Кезеңнің соңында Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.
1жүргізуші:
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі.
1 жүргізуші:
4 кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.
1 жүргізуші: 
5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.