Исламдағы бала тәрбиесі

Калжанов Ержан Хайруллаевич
.
.
Ассаламу алеикум уа рахматуллухи уа баракатух ! Оқырман қауым, шынында да исамдағы бала тәрбиесі бұл өте маңызды мәселе ислам бала тәрбиесіне өтте қатты көңіл бөлген,        Имам Мүслим (рахматуллаһи аләйһ) риуаят еткен хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Ата-аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер”, — деген. бала деген бұл өмірдің шамшырағы .  Әр — бір жанұя бұл жеке бір мемлекет,  егер бұл жанұяда тыныштық болса, онда ол мемлекетте тыныштық деген сөз,  тыныштықтың басы бұл жанұя «Отан отбасынан басталады» ата бабамыз осылайша исламда бала тәрбиесіне жіті мән берген ! Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата – ана. Пайғамбарымыздың хадис шәріпінде: «Хафиз Әбу Бакр Баззор Будайда атасынан есітіп жеткізген риуаятта: “Бір адам Кағбаны анасын арқасына арқалап көтеріп жүріп тәуап етіп боп, Расулалладан сұрапты: “Анамды арқалап, көтеріп жүріп қажылық жасаттым. Қасиетті Кағбаны жеті айналдырып тәу еттірдім, енді айтыңызшы, ана ақысын өтедім бе?”, — депті. Сонда Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): “Жоқ, бұл қызметің анаңның саған жүктілік  уақытында қиналған бір де сәтіне (секундына) тең емес”, — деп жауап берген екен.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттің абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек.
Жас бала –жас бір шыбық,жас күнініде қалай иіп тастасаң, сол иілген күйінде өседі.  Жүсіп Баласғұни бабамыз айтқандай Бала нені білсе жастан,ұядан өле-өлгнше соны таныр қиядан дегендеи балаға жас кезінен тәләм тәрбие берү керек
Бұл дүние — қайтар дүние. Жақсылық істесең — жақсылық көресің, жамандық істесең — жамандыққа бірде болмаса, бірде тап боласың. Ата-анасын сыйламаған перзент — өз перзентінен өзін сыйлауды талап етпей-ақ қойғаны дұрыс.
       “Бір ақсақал ұзақ өмір сүріп, тым қартайып кеткендіктен перзентіне жақпай қалыпты. Әкесінен жалыққан сорлы бала біржола құтылмақ үшін қарияны арқалап, жолға шығады. Шаршап, шалдығып, бір ағаштың саясына тоқтағанда әкесі баласына қарап жымиып, күліп қояды. Оған ұлы таңдана қарап, әкесінен күлгенінің себебін сұрайды. Әке сонда: “ұлым, менде бір кездерде әкемнің қызметінен құтылу үшін оны бейтаныс жерге апарып тастау ниетімен жолға шыққан едім. Мына дүненің қайтар дүние екенін қарашы, дәл осы жерге әкемді көтеріп келгенімде мен де аздап тынығып алу үшін осы ағаш саясына тоқтаған болатынмын…”, — деген екен. Осы оқиғадан ғибрат алуымыз керек
 «Адамды анықтайтын үш нәрсені  есте сақтаңыз:
Үш нәрсе ешқашан қайтып оралмайды:
Уақыт, айтылған сөз, мүмкіндіктер.
Үш нәрсені жоғалтуға болмайды:
Сабыр, үміт, ар-намыс.
Өмірде үш нәрсеге сенуге болмайды:
Мансап, сәттілік, байлыққа
Адамды үш нәрсе бұзады:
Ішімдік, менмендік, ашу-ыза
Бұл мақаламызда Исламдағы бала тәрбиесіне үлес қосу. Жалпы адамзат баласы қашанда ұлының ар намысты иманды, қызының ұытты ибалы, өскенін қалайды олай болса Исламдағы бала тәрбиесі Тәрбие тал бесіктен деитін халық қағидасын естен шығармайсалиқалы ұл.қыз тәрбиелеүдіі Алла баршамызға Жасын!!!