Кәдесый домбырасын жасау

Ишанбекұлы Ерасыл
Жетекшілері: Технология пәнінің мұғалімі:
Прназаров Д., Байдрахманов Е.
.
.
Қазақтың ұлттық әуендік аспаптарының ен көп тарағандарының бірі – домбыра. Оның қазақтың музыка өнеріндегі орны ерекше. Домбыра құрылымы күрделі, дайындау технологиясы толық (таныс болуды) игеруді талап етеді. Кәдесый домбыраның жалпы ұзындығы – 196 мм, мойнының жуандығы (гриф) – 20 мм, мойны – 96 мм, үнтілше (дека) ұзындығы – 80 мм (дека немесе үнтілше – дыбыстың шығуын дұрыстап тұратын ішекті музыка аспабының астыңғы және үстіңгі қақпағы) 
Бұйымды балалар шығармашылығы үшін және кәдесый ойыншық ретінде пайдалануға болады.
Жобаны экономикалық негіздеу
Экономикалық негіздегенде кәдесый домбырасын жасауға жұмсалған шығын түгел есептеледі. Экономикалық есептің нәтижесі жобаланған бұйымның экономикалық жағынан тиімділігімен негізделуі керек.
Жобаны экологиялық тұрғыда бағалау
Экологиялық тұрғыда бағалағанда бұйымның жасалуы және қолданылуы, қоршаған ортаға, адамға зиянды әсері жоқ па осы ескерілуі керек. Сонымен қатар экологиялық бағалауға бұйымның конструкциясы мен жасалу технологиясы, бұйымды қалдықтардан жасау, сондай-ақ бұйымды жасау барысында пайда болған қалдықтарды пайдалану, т.б. жатады.