Көңілді старт

Бексултанова Д.
.
.
                    Мақсаты:Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:Доп,калош,көкөністер,жемістер,арқан.т.б
Сабақтың барысы:
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме балалар,тәрбиешілер және отырған қонақтар.
Бүгін «Балдәурен» шағын орталығында алғаш рет өткелі тұрған «Көңілді старт» сайысына қош келдіңіздер.
Ал,кәнекей ,қонақтар,
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар келеді,
Қол соғып, қарсы алайық.
Жүргізуші:-Сайыс болған соң  жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарын тағайындайтын әділқазылар болу керек.Олай болса,әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.4-сынып мұғалімі Бижанова Б.
2.Мектептің әлеуметтік педагогі:Карманова С.
Жүргізуші:
Ал енді кезекті ойыншыларға береміз.
«Бірлік» тобы;
Бір,екі,үш.
Спорт берер күш.
Жарысқа сен дайын болсаң,
Қанат қағып ұш.
«Достық» тобы:
Бүгін жарыс бақшада,
Қуанады бар бала.
«Көңілді старт»ойыны
Шаттық сыйлар баршаға