Көптілділік – заман талабы

Рсымбетова Нұргүл Дарханқызы
арнайы пән оқытушысы
.
.
«Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуытиіс.
Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыстілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауынан.
.
Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтерген. Әдетте тіл жөнінде: тіл ــ адамдар арасындағы қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар арасындағы қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта одан да маңызды, тіл —  белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан, тіл-қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағлымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы.
Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр»,-деген еді.
Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Қазір күллі әлем ортақ тіл – ағылшын тілінде ақпарат алмасады. Ақпараттар ағымы қарқынды дамыған сәтте көштен қалып қоймау керек. Үш тілде білім беру жүйесі қандай мүмкіндіктердің есігін ашады? Көптілділік мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру кейбір кеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты:
  • бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру;
  • қазақ тілі –мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу – тұлғаның ой – өрісін кеңейтеді;
  • «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады;
  • ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
  • шет тілін меңгеру – кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпарттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие етеді.
Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты: тек нақты білім іскерліктерін біліп кана қоймай, сондай-ақ тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және  «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050 »стратегиясында педагогтарға сенім арта отырып, жастарымыздан  үміт  күтеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр. Жастарымызды сауатты  болуға  баулысақ, болашағымыздың жарқын болатыны белгілі»,- деп түйеді. Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, өскелең ұрпаққа біліммен тәлім-тәрбие беру барысында, біз, техника ғылымдарының кандидаты, көреген басшымыз Нусупбеков Ержан Серікұлы басқарған Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің педагогикалық ұжымы үштілділікті қолдануды жолға қоюға белсене кірістік. Осы орайда түрлі семинарлар, ашық сабақтар, тренингтер өткізілуде. Арнайы пәндер сабақтарын  оқытуда үнемі үштілділік қолданылады. Соның бір дәлелі: «Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандығының арнайы пән оқытушысы Кунгалиев Ардакбек Токтарбекұлының үштілді қолдана отырып, «Тұрақты сигнал белгілері» тақырыбында «Техниканы пайдалану ережесі» пәнінен өткізген  сапалы да тамаша,  жаңа  технологиялы ашық сабағы болды.
Мұнымен қатар «Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының ұстаздарымен біріге отырып , «Взгляд в будущее-путь потомков» тақырыбы аясында семинар өткізілді.Колледжде көптілділікті жолға қою мақсатында қазақ , орыс, ағылшын тілдерін үйрететін курстар жұмыс істейді. Сонымен қатар, тіл мамандары мен арнайы пәндер бірлестіктері оқытушылары бірлесе отырып, интеграцияланған және бинарлық жаңа технологияға арналған сабақтар өткізіліп,  үштілді  сөздіктер, глоссарийлер құрастырылуда. Осы іс-шараларға колледждің әдістемелік кабинетімен бірге «Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» бөлімінің (бөлім меңгерушісі: Махамбетиярова А.М.)  барлық оқытушылары, соның ішінде:  Кенжебаева Л.Б., Рсымбетова Н.Д., Қайрғазы А.Ж., Қалабаева А.Н., Кунгалиев А.Т. белсене атсалысып, өз әдістемелік, педагогикалық  шеберлігін танытуда.
Қорыта келгенде, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде. Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Біздің ана тіліміз — қазақ тілі. Қазақ тілі — ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Егемендігіміздің арқасында еңсесін тіктеп, күре тамырын тереңнен бойлаған төл тіл.
Мемлекеттік тілді білу — парыз, өзге тілдерді үйрену — құқық. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жарық жағылып тұратыны белгілі. Ендеше, біздің мақсат: Мәңгілік Еліміздің болашағы – кемел жастардың қолында екендігін түсіндіріп, олардың көптілді меңгерген, заман талабына сай, Қазақстан теміржолының келешекте мәртебесін биік ететін тұлғаға айналуына жол ашып беру. АМККК колледжі осы сара жолды салуға бар күшін жұмсауда.
                                                                                          
Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан» Жолдауы
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
  3.  Солташұлы Ы. Заман Талабы ــ көптілді болу.