КҮРДЕЛІ ВИСМУТИТТЕРДІҢ ФИЗИКА ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІННІҢ МАҢЫЗЫ

Оразымбетова А.Н.
.
.
Өзектілігі:  Висмут тотығының қатты фазада сілтілік – жер және мыс оксидімен әрекеттесуі арқылы алынған күрделі оттекті қосылыстары аса жоғары өткізгіштік қасиеттер көрсетеді. Осыған байланысты висмутиттердің синтездеу жағдайын, олардың рентгендік құрылымын анықтау, термодинамикалық және физикалық қасиеттерін зерттеу – ғылыми өзекті мәселе болып табылады.
   Жұмыстың мақсаты. (- сирек-жер элемент, Me-магний ) жүйесіндегі жаңа анорганикалық материалдарды синтездеу және олардың рентгенографиялық және кейбір физикалық көрсеткіштерін анықтап, халық жағдайындағы пайдалы қасиеттерін анықтау.
Зерттеу әдістері:
  1. Күрделі висмутиттер қосылыстары бойынша ғылыми әдебиетті зерттеу және талдау.
  2. электронды микроскоп әдісімен TmMgBiO4, микродифракциялық көріністері, иондардың орналасу жағдайлары қарастырылды
Зерттеу бөлімі:
RMgBiO4 (–) құрамының жаңа қосылымдарына синтез жасалынды;
—  РФА әдісімен сингония типтері, синтезделген висмутиттердің
элементарлық ұяшықтарының параметрлері анықталған;
  • Ренгенографикалық анализ арқылы TmMgBiO4, кристалдық шамалары анықталды;
  • электронды микроскоп әдісімен TmMgBiO4, микродифракциялық көріністері, иондардың орналасу жағдайлары қарастырылды
Синтезделген фазаны Рентгендік суретке түсіру үшін  XIPert MPD PRO (PANalytical) рентгендік дифрактометр  және, керамиканың беткі қабатының морфологиясын зерттеу үшін Электрлік дифракцияның суретін жарықтаушы Philips CM300 (жылдамдатушы қысым 300 кВ)  JEOL 6510EX электрондық микроскопында алынды. Электрондық микроскопта зерттеу жүргізу үшін үлгілер агат ұнтақтағышында буталон астында үгіліп, аморфтық тесікті қабықпен жабылған мыс торына жағылды. Сурет модельдерін түзу бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану арқылы жүргізілді. Бұл тәжірибелер Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде Жапон Микроскопиялық зерттеулер Орталығында жүргізілді.
 Контакті жағайда фирмасының JEOL JED-2300 маркадағы электронды микроскоп қолданылды.
Синтездеу жағдайы Тамман шарты бойынша, реагенттердің балқу, температурасына жеткізбей, фазалар бірдей күйде болатын жағдайда өткізілді. Күйдірілген үлгілер пештің суу  режимінде салқындатылды. Үшінші сатыда кристалдану процесі толық аяқталып, поликристалдар толығымен түзілуін пластинка формалы түзілімдер кубты сингониялы құрылымдардың пайда болуының дәлелдемесі