Кәсіби шеберліктің даму жолындағы педагогикалық негіздері

Мұхамбеталиева Айнұр Қуанышқызы
І-санатты ағылшын тілі пәні оқытушысы
.
.
Кәсіби оқытушы – құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Оқытушы, педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және студенттерге өз қабілет – қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.
Кәсіби даму — (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа. Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім  саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу. Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады. Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.
Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн:
  • Кәсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды баллдық жүйеде бағалауға, бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі;
  • Жұмыс, еңбек әрекеті – қандай дағдылар қолданылмайды және неге? түсіндіру;
  • Құндылықтар – сіздің құндылығыңыз топтың өзекті санайтын құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеру. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі;
  • Оқу – өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдау;
Кәсіби дамуда педагогтың кәсіби өзіндік даму мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше. Әр педагог өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап жүру керек. К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр. Кәсіби өзіндікдамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Педагогтың өзін – өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен қайнар көзі – өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндік дамуда өзін – өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие.
Кәсіби өзіндікдамудың құрамдас бөлігі – педагогтың өзіндік білім алу жұмысы.  Кәсіби өзіндік білім алудың тиімді жолы – педагогикалық ұжымның шығармашылық ізденіс жұмысына қатысу, білім беру мекемесін дамытуда жаңашыл жобалар, авторлық курстар мен педагогикалық технологияларды  жасақтау.
Өзіндікдамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші  жағынан – тұлғалық даму мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан – өзіндік дамумен айналысуға қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден көруге болады:
  • Мақсатқоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндікдаму міндеттерін қою;
  • Жоспарлау: өзіндікдаму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;
  • Өзіндікбақылау: өзіндікдамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;
  • Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.
Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі іскерліктер мен уақытты талап етеді. Сондықтан зерттеушілер кәсіби өзіндікдамудың сатыларын бөліп көрсеткен:
Бастапқы сатысында кәсіби өзін – өзі тәрбиелеуді меңгерудің мақсаты мен міндеттері нақты емес, мазмұны толықтыруды қажетсінеді. Құралдары мен әдістері толық анықталмаған.
Екінші сатысында мақсаты нақтылана бастаған. Алға қойылған мақсат пен міндеттер белгілі тұлғалық қасиеттерді керек етеді. Өзіндікталдау жүзеге асады.
Үшінші сатысында педагог мақсат пен міндеттерді өзбетімен және негізделген түрде қояды. Сондықтан өзіндікдаму мазмұны жекелеген сапалардан маңызды және жалпы кәсіби мәні бар тұлғаның қасиеттерін қажетсінеді. Жұмысты жоспарлау, құралдарды таңдау, өзіндік әрекет жасау жүзеге асады. Өзіндікдамудың барлық негізгі әрекеттері – мақсатқоюшылық, жоспарлау, өзіндікбақылау, түзету күштеусіз, автоматты түрде жүзеге асады.
Кәсіби өсу – технологиялық әрекеттің үнемі жүзеге асуы, бағытталудың, құзыреттілік және кәсіби қажетті сапалардың баюшылығы, еңбектік қалыптасудың тиімділігін арттыру.
Болашақ маман – мұғалімдерді дайындау соңғы уақытта педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуына әсер ететін тиімді факторларды іздеуге бағытталған өзгерістерді талап етуде. Жоғары педагогикалық оқу орнын бітірген түлек жоғары білім  ала отырып, үнемі білім беру мекемесі қоятын міндеттерді орындай алмай жатады. Осыдан кедергілер туындайды да, педагогикалық кәсіби өшу орын алып кетуі әбден мүмкін. Сол себепті жас маманға ұжым тарапынан психологиялық қолдау көрсетіліп, әдістемелік жұмыстарға тарту кеңінен жүзеге асқаны жөн. Психологтар дұрыс өзін – өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: біріншісі – өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі – өз жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік бағалауда педагог әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар болатынын көрсетті. Қиындықтармен күресу педагогикалық – психологиялық жағдайды реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл педагогтарда кездесетін жағдай. Егер педагог өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да пеадагогикалық кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет. Егер өзіндікдамуды мақсатқа бағытталған әрекет деп қарасақ, онда оның негізгі міндетті бөлігі – өзіндікталдау болуы шарт. Педагогикалық әрекет  танымдық психикалық үрдістерді дамытуға ерекше талаптар қояды: ойлау, қиял, ес.  Әр педагог өз психикалық үрдістернің дамуын талдап, реттеп отырса, өзіндік дамуын байқай алады.
Қазіргі оқу орындарында, соның ішінде зияткерлік оқу орындарында оқыту мен білім берудің міндеттерін сәтті шеше алатын, оқушы тұлғасын дамытуда қажетті нәтижеге жете алатын мұғалім керек. Әр кәсіби маман жоғары өзін – өзі жетілдіруге, өзінің тұлғалық және кәсіби даму болашағын саналы сезінуге, кәсіби оқу мен педагогикалық шығармашылыққа дайын, білім берудің гуманизациялау қағидасын жүзеге асыратын, толеранттылық танытатын,  психологиялық сауатты және құзыретті болуы тиіс. Соның ішіндегі кәсіби шеберлікті дамыту мақсатында оқытушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру өте қажет. Осыған орай оқытушының кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттарын атап кетсем:
  • Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
  • Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
  • Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
  • Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
  • Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
  • Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлік сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады. Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
            Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталғандығын ескеруі керек.
  • Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту;
  • Оқу орындарындағы тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату;
  • Оқу орындардағы материалдық базасын нығайту;
  • Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару;
  • Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау;
Осындай биік шәтижеге қол жеткізуді – кәсіби шеберлігі жоғары оқытушы ғана жүзеге асырмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
/ Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы / 2007
 /И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009
/Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009