Кәсіби жану және оның алдын-алу жолдары

Қасымбай Балауса Тлеубердіқызы
«Психология негіздері мен коммуникативтік дағдылар» пәнінің оқытушысы
.
.
Кәсіби жану – ол созылмалы күйзелістен пайда болатын және адаммен жұмыс жасайтын маманның тұлғалық және эмоциялық күш-қуатының сарқылуы.
Кәсіби жану синдромы – адамдармен жұмыс жасайтын педагог, әлеуметтік қызметкер, психолог, дәрігер, менеджер, журналист, іскер және саясаткер  адамдар көп шалдығатын аса қауіпті кәсіби күйреу.
Кәсіби жану іште жиналған жағымсыз эмоциялар сыртқа уақтылы шықпағанда пайда болады. Ол адамның эмоциялық күш-қуаттық қорларын тоздырады: пессимизм, апатия, депрессия, өмірдің мән-мағынасынан айрылуы; өзін кінәлі және тәуелді сезіну. 
Мақсаты: Қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайту үшін эмоциялық қысымды   түсіру. 
         Міндеттері:
  • Қатысушылардың өзін қалыпқа түсірудің психологиялық әдістерімен таныстыру.
  • Өз-өзімен жемісті еңбек етуі үшін қолайлы жағдай туғызу.
  • Ішкі жан сарайының үйлесімділігін сақтай отырып, жеке басының қасиеттерінің дамуын жетілдіру.
Кәсіби жанудың басты себептері:
  • Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар – әріптестер арасында түсініспеушілік, олардың тым сынағыштығы;
  • Моббинг – психология ғылымында жаңа терминдердің бірі болып табылады, ол жұмыста қыспаққа алуы және қудалауы;
  • Субъективті моббинг – тексеріс, емтихан, комиссия және т.б. себептерден қобалжу;
  • Экстремалды жағдайлар – жұмыс барысында тез әрі жауапты шешімдер қабылдау қажеттігі;
  • Аса жоғары жауапкершілік – жасалынған жұмыс туралы есеп беру.
Кәсіби жанудың алғашқы белгілері:
  • Шаршау
  • Ұйқысыздық
  • Әріптестермен және білім алушылармен қарым-қатынастағы қиындықтар
  • Өз жұмысына деген жағымсыз сезімдер
  • Өзін бағалауының төмендеуі
  • Шектен тыс ашушаңдық
  • Тәбеттің болмауы немесе шектен тыс тамақтану
  • Өзін кінәлі немесе тәуелді сезіну
  • Кәсіби міндеттерді елемеу
«Кәсіби жану және оның алдын-алу жолдарына» бағытталған тренинг жаттығулары
Бет және қол бұлшық еттеріндегі қысымды азайтуға арналған жаттығулар
«Шыбын» жаттығуы
Мақсаты: бет бұлшық еттерінің күштерін азайту.
Сипаты: жайғасып отырыңыз: қолыңызды тізеге бос қойыңыз, иығыңыз бен басыңызды төмен түсіріңіз, көзіңіз жұмыңыз. Сіздің бетіңізге шыбын қонуға тырысатынын ойша елестетіңіз. Ол мұрыныңызға, аузыңызға, маңдайыңызға, көзіңізге қонады. Сіздің міндетіңіз: көзіңізді ашпастан, бет бұлшық еттерінің көмегімен жабысқақ шыбынды қуу.
«Аспан, жер, мұрын» жаттығуы
Мақсаты: қол бұлшық еттерінің күштерін азайту, зейінді тез ауыстыруға бағытталған
Сипаты: жайғасып отырыңыз: күнделікті қаламсап ұстайтын қолыңыздың үш саусағымен ғана жұмыс істейсіз. «Аспан» — үш саусақты жоғары көтерміз; «Жер» — үш саусақты төмен қаратамыз; «Мұрын» — үш саусақты мұрынның ұшына тигізміз. Жетекші қимылдарды арнайы шатастырып тез жасайды. Қалғандары жетекшіге қарап бірақ қимылдарды дұрыс тез жасауы қажет.
«Қолтырауын» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Сипаты: Ойынға қатысушылар арасынан алты қатысушы шығады. Әр қатысушыға ішінде суреті бар (көлік, жануар, мамандық т.б.) арнайы конверттер беріледі. Әр қатысушы өзіндегі суретті көрермендерге ым ишара, қимыл қозғалыспен жеткізуі керек.
«Ең, ең, ең ….» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өзара қарым-қатынасын анықтау
Сипаты: қатысушыларға арнайы келесідей қағаздар беріледі.
  • Ең әдемі ………………………
  • Ең еңбекқор ……………………..
  • Ең қамқор ………………………..
  • Ең жомарт ……………………….
  • Ең көңілді ………………………..
  • Ең ақылды ……………………
  • Ең талантты ………………….
  • Ең бақытты …………………….
  • Ең қарапайым ……………….
  • Ең әділетті …………………….
  • Ең қылықты ………………….
  • Ең ақкөңіл ……………………..
  • Ең әзілкеш …………………….
Қатысушылардың міндеті аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау қажет.
«Вартегтің графикалық тесті»
Вартег тесті тұлғаны жан жақты зерттеуге арналған проективті әдістеменің бірі.
Нұсқаулық: Сізге арнайы белгілері бар, сегіз торкөзден тұратын парақша беріледі. сіздің міндетіңіз әр торкөздегі белгіні пайдаланып суретті аяқтауыңыз қажет. Сондай-ақ әр суретке атау беріп, үш сын есім сөзбен сипаттауыңыз қажет.
Тест нәтижесі:
  1. Сіздің ойыңызша, өзіңіз және осы өмірдегі орныңызды білдіреді.
  2. Сыртқы ортамен қарым-қатынасыңызды білдіреді
  3. Болашаққа жоспарыңыз, мотивация деңгейіңіз?
  4. Өмірде кездесетін қауіп пен қиыншылықтарға көзқарасыңыз
  5. Сіздің өмірде кездесетін қиыншылықтарға қайтарар жауабыңыз (жеңіс, жеңіліс), шешу жолыңыз
  6. Сіздің жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңыз
  7. Сіздің жан дүниеңіздің сезімталдығы, нәзіктігін білдіреді
  8. Өзін-өзі қорғау қанағаттану сезімі
«Кеңестер кәрзеңкесі»
*  Ұйқыңызды қандырып ояныңыз.

* Жай темппен сөйлеп,жай екпінмен жүріңіз.
* Таза ауада көбірек болыңыз.
* Бүгінгі күнге жұмыс тізімін жасақтаңыз.
* Алдыңызға шынайы мақсаттар қойыңыз.
* Әр күніңіздің тым болмағанда 1 сағатын өзіңізге арнаңыз.
* Айнаға қарағанда жымиып қарап,өзіңізге комплимент айтыңыз.
* Келеңсіз жағдайға тап болғанда жақындарыңызбен бөлісіңіз.
* Іштей 10-ға дейін санаңыз.
* Өз мүмкіндігіңізді бағалап,артық уәде беруден сақтаныңыз.
* Өз көңіл-күйіңіздің көтерілуі мен түскенін бақылай біліңіз.
* Өзіңізге талапты көп қоя бермей,бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.
* Барлығы жақсы болған күндерді есіңізге түсіріңіз.
* Барлық адамға жағам деп тырыспаңыз — бұл мүмкін емес.
* Жалғыз емес екеніңізді естен шығармаңыз.
* Өмірге құштар болыңыз! Бұл өмірдің келеңсіз сәттерінен гөрі қуанышты кездерін таба білуге көмектеседі.
* Асығыс шешім қабылдамаңыз.Өзіңізді сабырға шақырып алып,шешім шығарыңыз.
* Сәтсіздікті қабыл алыңыз.Әр адамның бойында жетістігі мен кемшілігі болады.
* Күйзелістен  арылудың ең жақсы емі- сүйікті қызмет,жұмыс.
«Сау дененің рухы да сау!» – деп айтылады. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту  стрессті болдырмаудың  тағы бір әдісі болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
  1. М.М.Ақмырзаев, Ә.Ү.Сағымбаев. Валеология. Оқулық. «Фолиант», — 2007 — 262 б..
  2. Э.Қалымбетова. Еңбек психологиясы. Оқулық. «Алматы», — 2008 -71б..
  3. А.К. Маркова. Психология профессионализма, Изд.: Международный гуманитарный фонд «Знание», 2009., с-308
  4. А.В. Ребров. Влияние мотивационной структуры на результативность труда работников \ различных профессий // Социологические исследования,  № 5, 20
  5. http://art-psychology.ru/about/test_Wartegga.html сайтынан