Кәсіпкерлік ұғымы, қызметтері және нысандары

Ескалиева Ш.Б.
.
.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға кәсіпкерлік  жөнінде толық мәлімет бере  отырып, алған білімдерін меңгерту, жетілдіру, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың экономикалық білімін, танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс  жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: еркін сөйлеуге, өз ойын ортаға салуға, өзгелердің пікірін тыңдауға, тапқырлыққа ізденіп, шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, схемалар, ҚР «Кәсіпкерлік қызметі туралы заңы»
Пән аралық байланыс:  Кәсіпкерлік құқығы, кәсіпорын экономикасы
Тақырып аралық байланыс:  Экономикалық өсім
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Жаңа тақырып бойынша ой тастау
  3. Кәсіпкерлік дегеніміз не?
  4. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білеміз?
  5. Кәсіпкерлік қызметтің қазіргі уақыттаға ерекшелігі қандай?
  6. Кәсіпкер болу үшін адамдарға не қажет?
  7. Қандай кәсіпкерлік түрі қазіргі уақытта қоғамға қажет?
  8. Сіздер үшін иесіне көп табыс әкелетін кәсіпкерлік түрі
  9. Өзінің жеке қызметін жүзеге асырып, тәуелсіз деңгейде табыс табатын қызметтің түрі?
жауап береді.
  Сенім серіктестігі (коммандиттік серіктестік)-бұл серіктестік атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің мүлігімен жауап беретін қатысушылармен қатар, серіктестік қызметімен байланысты тәуекелдікке салған салымдары шегінде жауап беретін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше салымшы-қатысушылардан  (коммандистерден) тұратын серіктестік.
   Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бір немесе бірнеше тұлғадан құрылады. Жарғылық капиталы жарғылық шартта анықталатын үлестерге бөлінген. Серіктестік қатысушылары оның мәндеттемелері бойынша жауап бермейді  және қоғам қызметімен байланысты шығындарға, тәуекелдікке салған салымдары шегінде жауап береді. 
  Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жарғылық құжаттарда анықталған салымдары құнында қосымша жауапкершілікке ие болады.
Жаңа тақырып бойынша ой тастау :
  • тапсырма: ҚР «Кәсіпкерлік қызмет» туралы заңын пайдалана отырып оқушылар берілген сұрақтың жауаптарын табу керек.
  1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түрлері
  2. Шағын, орта, ірі кәсіпкерлер деп кәсіпкерлерді қалай ажыратуға болады.
  3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерді тіркеу және тарату қызметтері қалай жүргізіледі
  • тапсырма:
  • Оқушылардың кәсіпкерлік кызметке көзқарастарын білу
  1. Оқушылардың қандай кәсіп түрімен айналысқысы келетінін сұрап, олардың ойларын тыңдау