Кәсіптік білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Садихова Разила Абужановна
колледж әдіскері
.
.
XXI ғасыр-ғылым мен техниканың дамыған кезеңі.Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі.Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру-ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды,қарқынды өзгерістердің сатысында тұр.Қазіргі кезде қоғам дарынды,қабілетті адамдарды қажет етеді.Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті,ептілікті,ерекше ой қызметін ғана емес,мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілік пен белсенділікті талап етеді.
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің,соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.Инновацияның өмірге енуі колледждің өзінің жұмыс істеуіне  себепші  болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын(оқытушылар,студенттер)біртұтас жүйе болғандықтан,инновацияға үнемі орын табылады.Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады.Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымның қажеттілігіне беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады,мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі,мектеп оқушыларының білімге,дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы,жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы.Технологияны,ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана колледж өз бағытын нығайта алады.Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейтіп отыр,тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалу үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады.Дегенмен,кері байланыста бар.
Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді.Ол қоғамдық дамуды тездетуді немесе тежеуі мүмкін.Осы тұрғысынан қарайтын болсақ,білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай,қажетті шарттары да болып табылады.
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те тануға болады.Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып,бір мезетте мәтіндік,аудио,бейне құжаттарды және интернет ресурстарын қолдана алады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты,жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай  қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді,нақты жолдарын көрсетеді.Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады.
Ақпараттық техноогияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
  • Алған білімді жүйелеу;
  • Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • Білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
  • Білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
  • Оқытушы мен білім алушының өзара қарым- қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі;
  • Оқу материалын терең түсіну;
  • Оқу мотивациясының артуы;
  • Алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте сақталуы;
Заман талабына сай күнделікті сабақ барысындабейне және аудио-құрылғыларды,теледидарды,компьютерді,сондай-ақ электронды оқулықты,интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттырып,ең бастысы олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады.Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б.жатады.
Оқушыларға оқу материалмен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес,ол қоғамдық та мәселе болып табылады,білім беру қызметі  қоғам үшін ерекше ықлас білдіріп,балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек.
Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді,олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің колледждің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды.Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүргізіп,дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз.Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу,қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде,күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді.
Қазіргі заман оқытушысы тек өз пәнінің терең білгірі емес, тариха танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білімі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Оқытудың жаңа технологиялары-алға қойған мақсатқа  жетудің тиімділігін қамтамасы етуге  арналған оқытудың әдіс-құралдары мен түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұн, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау оқытушының шеберлігіне байланысты.Мұндағы оқу мазмұнының мақсаты-оқушының қабілеттіліг мен табиғи алғырлығын, ынтасын дамыту, мүддесі мен қызығушылығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету.Осылайша,әрбір оқушының шығармашылық ойын қалыптастыруға қажетті білім,білік және дағдылармен қаруландыру арқылы кез келген салада қызмет етуге және бүгінгі  сәт сайын жылдам өзгеріп отыратын заман талабына лайық тез бейімделе алатын түлектер тәрбиеле аламыз..
Қоғам мен мемлекеттің дамуы мен болашағы білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер артып отыр. Оқытушы өз пәнін терең білумен бірге  ақпараттық жағынан өте сауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға болуы тиіс.Міне сондықтан да мен оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген ұстаз ғана сапалы білім бере алады деп санаймын.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады.Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдар жүйесі мен амалдары әр оқытушылармен оларды терең игеруін,іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
                                                           Әдебиеттер
  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әдеуметтік және саяси жаңару жолында», «Егеменді  Қазақстан»газеті,3/III-2005,№13
  2. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар», Алматы,2003
  3. К.Ж.Бұзаубақов, «Жаңа педагогикалық технология», Алматы,2004
  4. М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология», Алматы,1982
  5. Қ.А.Сарбасова ,«Инновациялық технологиялар», Алматы,2006