Кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлаудың инновациялық жолдары

Мукашева Сандугаш Мукангалиевна
Өндірістік оқыту шебері
.
.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында елімізде кәсіптік – техникалық білім беру саласын дамытуға айрықша мән беріліп келеді.Оған айғақ – Елбасының «2030 стратегиялық бағдарламасында » берілген нақты тапсырмалардың жартысына жуығының білім беру , жастар тәрбиесіне арналуы. Біздің міндет жаңа технологияларды , идеялармен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» — деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Жаһандану заманында білім беру процесі іздену , жаңылықты , жаңаруды талап етеді, яғни иновацияны.
Иновация дегеніміз өзі жаңалықты енгізу , жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология . Қазіргі уақыт жаңалық пен иновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқу үрдісі де сәйкес болуы керек. Жаңалықты пайдалану студенттің ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп , алдын ала болжам жасауға үйретеді. Иновация әдістері бұл белсенді оқыту әдістері.
Кәсіптік колледж – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын , оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны. Кәсіптік колледж – педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие. Оның мақсаты – студенттердің жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына , мүмкіндігіне қарай білім беру , оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру. Кәсіптік колледждерде оқу мерзімі 2-3 жыл. Қазіргі білім беру ордаларында мұғалімдердің алдында  тұрған  басты міндет – студенттердің шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Студенттерге жүйелі  білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білеуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Мұғалімдердің мақсаты – оқытудың барлық компаненттерін пайдалана отырып, студентке жалпы кәсіптік білім деңгейінде терең білім беру. Әрбір студентті жан – жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің негізгі міндеті.
Қазіргі заман  — ғылымдардың өте жан – жақты тараған кезеңі. Пәндерді оқытудың мазмұны жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін сабағында қолдану арқылы танымалдық іс – әрекеттерін ұйымдастыра отырып студенттердің құзыреттілігін дамытуға болады. Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Студент интерактивті тақтаны мүмкіндігінше пайдаланады. Ондағы мақсат – студенттің өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету.
Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану , иновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып , шығармашылық шабытын шындап , ғылыми көзқарасын қалыптастырып , мамандық сапасын арттырып , еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды , іскерлік , ерік , күш – жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайда аман қалуда қамтамассыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамассыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән бере отырып, білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен , шапшаң технологиялық өзгертулермен , соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компанентін анықтай отырып , ол адамның  алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін айтады.
Негізгі құзыреттілік – сала ерекшеліктеріне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған , себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды , соның ішінде:
а ) ақпараттық;
б) коммуникативтік;
в ) әлеуметтік .
Жалпы кәсіптік құзыреттілік – әр сала маманның кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Құзыретті маман даярлау мақсатында «білім алушылардың білімдік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдалана отырып , оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін , дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу.
Ақпаратты , коммуникативті, әлеуметті – құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа , электрондық оқулық , интернет) мүмкіндіктерін , бұған қоса студент пен педагог арасындағы байланысын , бірін – бірі түсінуін , топпен жұмыс жасауын , ұйыдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын , қолдану қабілеттерінің басым болуын , әлеуметтік қызметтердің  маңызын түсінуін , қоғамдық міндеттерге тұрақты қарауын талап етеді.
Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың  басты сапасы екенін әрдайым есте сақтаған жөн. Өйткені еліміздің саяси – экономикалық , мәдени , қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай өзінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп , өз ісінің шебері , бәсекеге қабілетті , кең ауқымды , жан – жақты дамыған маман дайындауға ұмтылу – кәсіби білігі мол педагогты қажет ететін заман екенін ескере кетемін.
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Олар: «Ойын арқылы оқыту технологиясы» , «Модульдік оқыту технологиясы» , «Білім берудің ізгілендіру технологиясы» , «Дамыта оқыту технологиясы» , «Интерактивті оқыту технологиясы» , т.б.Бұл жаңа технологиялардың бәрі оқытушы мен студенттің жұмысына жақсы ықпал етеді. Қазіргі кезде сабақты  көзбен көре отырып оқыту технологиялары – компьютерді , мультимедиялық проекторларды немесе бейнематериалдарды қолдану арқылы өткізіледі. Бұл әдіс сабақтың қызықты да әсерлі өтуіне көмегі зор.
Бүгінде  иновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы студенттің құқықтық білімге деген ынта – жігерін арттырып , оның ізденушілік қасиетін қалыптастырып қана қоймай , білімнің сапасын көтеруге , жаңаша көзқараспен тәрбиелеуді негіздейді.
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтардың да рөлі өте зор . Себебі , жоғарғы оқу орындары , колледж немесе мектеп оқытушылары болсын осы электронды басылымдарды өз сабақтарында пайдаланып келеді. Бұл электронды оқулықтың тиімділігі жаңадан алынған мәліметтерді кез келген уақыт аралығында енгізіп , жаңартып отыруға болады.
Қазіргі әр түрлі әдістемелік құралдар мен әдіс – тәсілдер оқытушы мен студенттің бірлесіп жұмыс істеуіне , жұмыстың нәтижелі шығуына алып келеді.
Бүгінгі күні біздің еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу стратегиясын таңдап отыр.Осы стратегияны жүзеге асыру үшін Қазақстан білім мен  ғылым , жаңа  ақпараттық – коммуникациялық технологияны  жетік меңгерген , бәсекеге қабілетті елдер қатарында болуы қажет.
Қорыта айтқанда , иновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және оқытушының кәсіби өсіуінің тура жолы.
Біздің колледжде білікті маман даярлау, жеке тұлғаның қалыптастыру , біздегі барлық педагогикалық ұжымның негізгі мақсаты.