КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ИГЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

ИбраеваА.А.

 директор,

арнайы пәндер оқытушысы

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту»деп атап көрсетті.Бірінші, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет[1].Осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабылетті, білімді,азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.Нәтижеге бағдарланған оқыту яғни құзыреттілік ең алдымен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, педагогтан қабілеттілік пен даярлықты талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын,оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Оның құрамына білім, іскерлік, дағды кіретіні белгілі.«Педагог білімін әртүрлі әдістермен білім алушыларға береді»- [2]деп кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қолжетімділігі – кәсіби сауаттылық негізі анықталады.

«…Халықаралық тәжірибеге с үйеніп, жақсы технологияларды әкелу» деген ұстанымы Мемлекеттік тілді дамыту бағытында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тіл саясатының белгілі бір жүйемен істеліп жатқан іс-шаралары қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға бағытталып және тәжірибе жүзінде қолданыс қызметін кеңейтуге қызмет етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда тиімді әдістерді қолдану. Сол себепті оқыту әдістемесінде және тіл үйретуде  ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын,  сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және өмірде, тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді» деп көрсетті [3].

Оқытудың инновациялық технологиялар: интерактивті оқытулар, ақпараттық технология, жобалау әдістері т.б. Соның бірі – оқытудың ақпараттық технологияжүйесі. Оқытудың ақпараттық жүйесінің түрлерін енгізу бағытында оқыту әдісемесін тиімді қолдануға болады. Құзіреттілігі жоғары кәсіби техникалық мамандар даярлау жүйесінде инновациялық технологиялармен оқыту маңызды орын алмақ. Өйткені бүгінгі күні ақпараттықтехнологиялармен оқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың ақпараттықтехнологияларжүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Танымдық белсенділігін арттырады. Белсенді оқыту әдістер: пробламалы дәрістер; нақты жағдаяттарды талдау; жағдаят-проблема; жағдаят-баға; жағдай-иллюстрация; жағдай-жаттығулар; семинар-дискуссия; іскерлік ойындар; дөңгелеу үстелдер т.б.

Колледждердегі кәсіптік оқытудағы белсенді әдістердің біріинновациялық технологиялар. Жалпытехникалық пәндердің мазмұны және пәндерді оқыту әдістемесінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Теориялық және өндірістік оқыту тақырыптары кәсіптік мамандыққа сай таңдалынып, айырмашылықтары ментехникалық мамандық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Елбасының: «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» деп атап көрсетті [1]. Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда. Оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімдіігін арттырады, сондай-ақ, ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және оның шетел тілі мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту үрдісінде оқытудың белсенді форматтарын қолдану керектігіне тоқталады. Осыған орай білім алушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз ету үшін білім алушылардың бір мәселені бірігіп шешуде өз бетінше белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интерактивтік тәсілге назар аударуда.

Осы ретте республикада ғалымдар,тіл мамандары, әдіскерлер, оқытушылар (бұл жерде барлық білім жүйесі туралы) білім алушылар мен тіл үйренушілерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, тиімді әдістемелік тәжірибелерді кеңінен таратып, оқу-әдістемелік кешендерді ұсынып келеді. Мемлекет басшысы: «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» (курсив-А.Ибраева) жобасы іске асырыла бастады.Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет [1].

Кәсіптік  білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқытуқазіргі заман өзгерістеріне бейім терең экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, кәсіби қызметтің барлық салсында мамандарды даярлау іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Колледж түлегі жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті-прагматикалық тұрғыданкәсібін меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, бәсекеге қабілетті тұлға болуы тиіс. Сондықтан, барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенді қолдану – маңызды мәселелердің бірі. Колледжде  оқыту  барысында болашақ маман ретіндегі студентті еңбек нарығының сұраныстарына сай қалыптастыру оқу үрдісін қазіргі білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы және мақсатты ұйымдастырумен тығыз байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа және бұрын қолданылған озық тәсілдер мен бағыттарды жетілдіре енгізу қажет.  Олардың ішінде оқытудың инновациялық технологиясы айрықша орын алады. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына мынадай талаптар қойылады.

Кәсіпке баулу: оқытудағы заманауи ақпараттық және коммуникативтік технологиялар, модульді технологиялар кәсіптік білім берудегі тұлғаға бағдарланған технологияларды тиімді пайдалану. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Қазіргі заманауи экономикалық өсімнің басты факторлары сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасызету, байланыс және коммуникация т.б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны қоғам сұранысынан туындайды.

Инновациялық технология – бұл жаңашылдыққа негізделген технология.

Оның студенттер үшін пайдасы:

  • кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
  • түйінді шешім қабылдау, өз бетімен ізденгіштік қабілетін дамытады;
  • болашақ кәсібі жөніндегі танымдық белсенділігін кеңейтеді, қалыптастырады;
  • ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;
  • алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңейеді;
  • ақпаратты талдайды, сыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлайды.

Білікті мамандар даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі – оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып табылады.Осымен байланысты «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жобасына қазақ тілінің мәртебесін жоғары деңгейге көтеретін мәселелер қамтылуы тиіс. Бұған біріншіден, «Мемлекеттік тіл» Заңы қабылданып, толыққанды жұмыс жасауы, ол Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдамасымен үндес келуі, яғни Қазақстан халқының болашық өмірінің кепілі болуы. Екіншіден, қазақ тілі коммуникативтік қарым-қатынас, ресми қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы[4].

Әдіскерлер тілді үйретуде жаңаша бағыттарда жұмыс істеп, жаңа ізденістер қоғамдық сұраныстар тұрғысынан назар бөлінуде. Озық тәжірибелер мен әдістемелерді ортаға салып, кәсіби бағытта жұмыс жүргізуде. Әрине, бұл жерде кешенді мәселе бар: ол кәсіби мамандыққа дайындау және тілді үйретудегі бірізділік жүйесі. Оған: орта мектеп,кәсіптік-техникалық білім, ЖОО, қызметшілер (ересектер). Бұл жүйелі кешен Халықаралық стандартқа негізделген алты деңгейлік оқу-әдістемелік кешен. Оның ішінде білім мазмұнын қамтитын стандартқа, типтік бағдарламаға сәйкес алты деңгейге арналған кісіби бағыттағы оқулық, жаттығулар жинағы, нұсқаулықтар, грамматикалық анықтамалар (әрбір кәсіби мамандық тақырыптың ішінде грамматикалық бірлік-тұлғалар беріліп, ол функционалды-прагматикалық тұрғыдан түсіндірілуі тиіс), сонымен қатар оқытуда электрондық оқу құралдарымен.қамтылуы, себебеі білім алушыларға онлаин жүйесінде ақпарат алып, қолданыла алатындай мүмкіндік туғызу:біріншіден, оқытуда интерактивтік тәсілдіқолдану кезінде оқытуда қойылатын талап, жасалатын жұмыс оқыту процесіндегі мамандыққа сай болуы керек. Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар білім алушылардың білім деңгейіне, кәсіби бағытына, ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.

Үшіншіден, студенттер экономикалық өсудің жаңа моделіне өзін-өзі дағдылануы керек.

Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

¨ терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

¨ өз  идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

¨ ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;

¨ ақпаратты жан-жақты талдау;

¨ өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

¨ оқу үдерісінде жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік бағыт (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

¨ пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

¨теория мен практиканы бірліктің оқытудың нәтижелі болуы;

¨ ортақ жұмысқа жұмыла білу және қиын мәселелерді шешу;

¨ басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;

¨ ұжымда ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау.Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі түсінікті[5].

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық технологияның негізгі міндеттері:

¨әрбір білім алушының білім  алу, даму, іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

¨ өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

          ¨ аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек студенттік аудиторияда орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттертізімі

  1. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағыЖолдау: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».http://massaget.kz/mangilik_el/43897/.
  2. Қасым Б.Қ. Қазіргі қазақ тілінің теориялық және қолданбалы аспектілері. – Алматы, 2010. –371 б.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан  жолы-2050».
  4. . Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
  5. Кругликов Г.И. Методика профессионального обучения с практикумом: учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений/ Г.И. Кругликов. – 2-е изд., стер. – М.: Издательский центр «Академия», 2007.