Күз аруы

Куньязова Гульдана Толегеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
.
.
Мақсаты:
1.    Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.

2.    Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3.    Ұқыптылыққа,  шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністеріне байланысты әзірленген слайд.
Ертеңгілік барысы: (Ертеңгілік жұптардың вальс биімен ашылады).
1-жүргізуші:Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
                      Бармысыздар, жадыраған жас достар!
                      Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
2-жүргізуші: Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
                       Көңілді серіппелі күйін ашсын.
                       Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
                       Береке бірлікпенен ортақтассын.
1- жүргізуші
                   Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
                   Жиын десе, той десе жан салады.
                   Кешіміздің ашылу құрметіне,
                   Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: Жеңіс Ерасылдың орындауында «Мерекем» әні. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: 
        Жомарт көңіл жарқын күз,
        Сары алтынға малынған.
        Жетті міне Алтын күз,
        Сары алтыннан бұрын да.
        Сары пүліш көйлегі,
        Алтын күзді шынында,
        Ару дерсің бейнелі.
        Берген өзі табиғат.
        Күз ханзада – ханшасын,
        Қарсы алайық, жамағат!
дей келе, құрметті көрермендер сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық! 
3 «А» сыныбынан
•    Елузахқызы Айгерім
   
3 «Ә» сыныбынан
•  Бекенова Айша  
3 «Б» сыныбынан
     Алман Анель
3 «В» сыныбынан
•    Бақытқожа Алина

3 «Г» сыныбынан
•    Құдабаева Айдана

 Сайыскерлерді күзгі вальсқа шақырамыз

1- жүргізуші: 
 осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен  таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Аманова Айгүл Айтжановна
 2. Музыка пәнінің мұғалімі: Ереханова Клара Жұмаханқызы
 3. Бастауыш сынып мұғалімі: Мусаипова Меруерт Сакеновна

2- жүргізуші:
Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.
2. Сән үлгісі,( дайындап келген киім үлгісімен таныстырады) 
3 .Өнерлерін көрсетеді
4. Табиғи материалдардан компазиция жасайды.
5. Би сайысы.(әртүрлі музыкаға билеу) 
1-жүргізуші:
Таныстыру бөлімі.
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, — дей келе,  таныстыруға кезек берейік. 
3 «А» сыныбынан
•    Елузахқызы Айгерім
   
3 «Ә» сыныбынан
•  Бекенова Айша  
3 «Б» сыныбынан
     Алман Анель
3 «В» сыныбынан
•    Бақытқожа Алина

3 «Г» сыныбынан
•    Құдабаева Айдана

2- жүргізуші:
 Сән үлгісі
Ал, халайық, ықыласпен демелік,

Сайыскерлардің сән үлгісін көрелік.
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
1-жүргізуші:  
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын.
Жадырап жан сарайын,
Демалып бір қалатын – дей келе, кезекте сайыскерлер табиғи материалдардан компазиция дайындайды.
(Сайыскерлер жұмыстарын аяқтағанша сыныптардың өнерлерін тамашалау)
2- жүргізуші
Би сайысы
Мың бұралған, билеген,

Өренді кім сүймеген.
Аққудайын қалықтар,
Түрлі ұлт биін билеген. 
Ендеше, би сайысына кезек берелік. 
2- жүргізуші:
Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,
Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық, 
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық, 
Ән-шашуын біздерге алып келген, 
Сыныптарды   ортаға шақырайық. 
1-жүргізуші: 
Мектеп қой еліміздің қайнар көзі,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі «Алтын күз» қорытындысы
Берейік әділқазыға сөз кезегін. 
2- жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі «Алтын күз» кешін аяқтаймыз.
1- жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!