Қазақ халқының музыка мәдениеті

Ериков К.З.
.
.
I  Ұйымдастыру кезеңі                                                        
 
  1. Амандасу
  2. Оқушыларды түгелдеу
  3. Топқа бөлу
  4. Бағалау парақшасын тарату,түсіндіру.(1-минут)
Топқа бөлу үшін өзім үш оқушыны тандаймын.Ол оқушылар өздеріне команда жасап алады.
II Бүгінгі сабаққа болжам жасау.
Оқушылар бүгінгі сабақта не білемін деп ойлайсыңдар?
Тақтада «Идеялар себеті» ілініп тұр .Соған ақпарат жапсырамыз.
III Үй тапсырмасын сұрау.
Әрбір топқа үй жұмысы бойынша сұрақ беріледі.
Бейнелеу өнері?
Қолданбалы өнер?
Зергерлік бұйымдар?
IVЖаңа сабақ
Жаңа сабақтың жоспары:
  1. Музыка өнері
  2. Тәттімбет Қазанғапұлы
  3. Құрманғазы Сағырбайұлы
  4. Дәулеткерей Шығайұлы
  5. Біржан Қожағұлұлы
  6. Жаяу Мұса Байжанұлы
  7. Ақан сері Қорамсаұлы
  8. Ықылас Дүкенұлы
  9. Балуан Шолақ Баймырзаұлы
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысыҚарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) – күйші-композитор, домбырашышертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.
Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар:
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-189) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би,Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаңсияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.