Киім түрлері, оны қолдану

Акбергенова Асемгуль Семейгазыновна
Мұғалім-дефектолог
Сабақтың мақсаты: Киім түрлері, оны қолдану жөнінде түсінігін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Киімнің қолданылуы, оның түрмыстағы рөлі туралы түсінігін кеңейту.                                                                    
Түзету-дамытушылық:  Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыра   отырып, танымдық  ойлау, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын  арттыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, жинақылыққа ,тазалыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, киім , аяқ киім түрлері, пайдалы кеңестер, слайд.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу, оқушының көңіл — күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
2.Құралдарды тексеру.
Мотивациялық кезеңі:
Қане, «Шаттық шеңбер»- деген тақпақты айтайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Қонақтарды құрметтеп.
Бас иеміз біз.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сурет бойынша  жұмыс.
III. Жаңа сабақ:
1.Ребус  шешу: (Мұғалімнің көмегімен)
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін, ребусты шешуіміз керек. 
— Бұл не?
 — Бұл көз. 
— Соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қай әріп қалды? 
— «К»- әрпі
— Бұл не?  — пима
— Бірінші,соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қай әріп қалды?
— «И»- әрпі 
— Бұл не?  Бұл тіс. 
— Бірінші және соңғы әріптерді алып тастаймыз. Қай әріп қалды?
— «І»- әрпі 
— Бұл не? 
— Бұл мысық . 
— Соңғы  төрт әріптерді алып тастаймыз. Қандай әріп қалады?
— «М»- әрпі 
-Дұрыс, енді қандай сөз шықты дауыстап бірге оқиық(киім)
-Сонымен,  бүгінгі сабақтың тақырыбы: Киім түрлері, оны қолдану.

2.Слайдтағы суреттер  бойынша  әңгімелеу( Киімдердің  суретін көрсету, сұрақтар қою )
Мұғалім:
-Бұл не? (Киімдер,ілгіш , киім тазалайтын щетка, )
-Дұрыс,балалар,бұл киімдер, киімді тазалауға арналған құралдар.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым. Киім бұл адамға ең қажетті зат.Аязда тоңып қалмау үшін, жаңбырда су болып қалмау үшін киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.Киім түрлері адамның жасына, ұл- қыз ерекшеліктеріне және жыл мезгілдеріне сәйкес болады.
-Қазір қай мезгіл?(Күз)
-Күн қандай? (Салқын)
-Суретке қарашы, далаға шыққанда балалар қандай киім киіпті?
(Куртка,шапка,етік.)
Ия, дұрыс күзде, көктемде, күн салқындайды, сондықтанда біз жылы киінеміз.
-Келесі суретке назар аударайық.
-Суретте қай мезгіл? (Қыс)
-Қыста күн қандай? (Аяз.)
-Күн суықта,  аязда балалар қандай киім киіпті? (Тон, қалың  куртка, малақай,пима, жылы етік,)
— Дұрыс, қыста күн суықта біз қалың  киінеміз.
— Келесі суретке назар аударайық.
— Бұл қай мезгіл? (Жаз.)
— Күн қандай?(Ыстық.)
— Суретке қараңдаршы,  күн ыстықта балалар қандай киім киіпті? (Шорты,юбка,футболка,жеңіл көйлек,жаздық аяқ киім.)
— Сонымен біз киім түрлері  жыл мезгілдеріне сәйкес болатынын білдік.
— Жаңбыр жауғанда,қар жауғанда біздің сыртқы киімдеріміз су болып қалады.Сондықтанда біз сыртқы  киімдерімізді дұрыс күте білуіміз  керек.
Мысалы,қар ұшқындарын немесе жаңбыр тамшыларын кетіру үшін киімді немесе бас киімді шешкен соң сілкіп жібереміз. Пальтоны және басқа да сырт киімді біртегіс кебуі үшін ілгішке іліп қоямыз. Бір пальтоның үстіне екінші пальтоны ілуге болмайды.Киімдер шаң болғанда, дақ түскенде киім щеткасымен тазалаймыз.
1.Практикалық жұмыс:
Біз жаңа айтқандай жаңбыр жауғанда киімдеріміз су болып қалады.Енді киімдерімізді шешіп ілгішке ілу керекпіз.
-Киімдеріміз су, не істеу керек?
-Қаане көрсетші.( Киімдерді сілкіп ілгішке іледі)
-Ал,егер пальтомыз шаң болса,дақ түссе не істейміз?
-Киім щеткасымен тазалаймыз.
2.Дидактиқалық ойын:  ( Қағаз куыршақты жыл мезгіліне сай киіндіріп, тақтадағы жыл мезгілдерінің суреттеріне сәйкес қою)
Күз мезгіліне сай қағаз қуыршақты киіндіру.
Қыс мезгіліне сай қағаз қуыршақты киіндіру.
Жаз мезгіліне сайқағаз қуыршақты киіндіру.
V.Сергіту сәті:
(Видеоға қарап қимыл-арекеттерін қайталаймыз )
VI. Бекіту:
Дидактикалық ойын: «Кімге арналған киім?»
Мақсаты: Баланың зейінін, логикалық ойлауын дамыту.
Шарты: Ұл мен қыздың киімдерін араластырып қоямыз, қыз баланың киімінің үстіне гүлді, ұл баланың киімінің үстіне жапырақты жабыстырамыз.
Балаға сұрақ қою арқылы сабақты қортындылау:
VI. Қорытынды:
-Бүгін не туралы өттік?
 -Сабақ ұнады ма?
VII. Үйге тапсырма:
1.Киімдердің кескінін бояп келу.