Киіздің — заманауи киім дизайнында жандауы

Нұртазаева Ұлдана Шакизадақызы
Арнаулы пән оқытушысы
.
.
Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан, бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұланғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден -бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығыменерекше.
         Қазақ халқы, өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та кұра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен тығыз байланысты екенін көреміз .
Қазақ халқының ұлттық киімі, қазақ хал­қының салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне бейім­ділігімен қатар, өзіндік  пішіні мен түстік нақышымен ерекше.  Нанымы мен танымына өте  тығыз байланысты, қазақ киімдері өзінде қайталанбас, терең философияны осы кезге дейін жарылмаған қауыздай алып келген. Қазақ киімі ұлттық, қолданбалы қолөнермен тығыз байланысты, қолөнер түрлерінің зергерлік, киіз басу, былғары өңдеу, кестелеу өнері ұлт­тық киімнің ансамбльдік даралық белгісін ашып тұр. Уақыт өте келе ұлттық киімнің жасалу жолдары, өңдеу технологиясы дамып, жеңілдетіліп, өткел тарих өзінің өрнектерін салғанның өзінде ұлттық киім заманауи үлгіде одан да әрлене, түрлене түсті. Оны бүкіл әлем мойындап бағалап этнодизайн ретінде де зама­науи бәсекеге қабілетті де, тіпті моданың бағытын өзгеруіне де ықпал жасай алатын дәрежеге ие болды десектеартықайтқанымызболмаседі. 
         Қазіргі кезде қолөнер шеберлерімен қатар дизайнерлер киізді көптеген заттар жасауда қолданып жүр. Киім дизайнында жүннен жасалған алуан түрлі аксессуарлар, жүнді түрлі маталармен үйлесімін тапқан киім топтамалары көпшілік назарына ілігуде.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктержасаған.Киізді  қой жүнінен  жасаймыз,ал жүннің  жылу реттейтін қасиеті бар. Дәрігерлердің пікірінше,құрғақ жылу суық тигенде  бірден бір ем. Жүннен жасалған киімдер мен бұйымдар жараның тез жазылуына,сынықтың тез бітуіне көмектеседі. Жүннен жасалған киімдер тері астындағы қан айналымын жақсартады, адам терісінің қартаюын тежейді екен. Қой жүнінде ланолин  деген табиғи май болады. Осы табиғи майды косметикада кеңінен қолданылады.
               
 
         Ая  Бапани  киізден түрлі киімдер жасау арқылы қазақтың дәстүрлі өнерін жаңғыртып жүргендердің бірі. Киіз басу технологиясын қолдана отырып, әртүрлі мата фактурасымен әйелдердің тігіссіз заманауи киім үлгілерін жасайды. Дизайнерді  ата-бабаларымыздың атамекені, оның рухы мен сұлулығы шабыттандырады. Оның киіз кенептері қазақтардың көне мәдениеті мен тарихына деген көмескі естеліктерге толы.
Азияның төл туындысы — киіз бұйымдары қазір Еуропада да кеңінен танымал. Мәселен, Германияда Халықаралық киіз академиясы бар. Бұның бір филиалы мал шаруашылығымен айналысатын Голландияда көрінеді. Академия Түркия, Қырғызстан және басқа да киіз басу дәстүрін жетік меңгерген елдерге танымдық мақсатта семинарлар ұйымдастырып, оқытумен айналысады.
Біздің қазақ халқының ұлттық технологиясын өзгелер үйреніп, қазір әлем нарығында киіз басуға арналған машиналар да шығып жатыр. Қорқыныштысы сол, жаһандану процесі қазақтың дәстүрлі технологиясын  жалмап кету қаупі бар. Ал қолөнерге қызығушылықты арттыру — мәдени мұрамызды сақтап, қайта түлету мүмкіндігі. Ендеше бұл саланы дамыту үшін қолөнер шеберлерінің тыныс-тіршілігіне назар аударып, қолдауымыз қажет.