Кірпі қонаққа келді

Ежебаева Куралай Саулешовна
.
.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ұқсас заттарды таба білуге үйрету,сұрақтарға дұрыс және толық жауап бере білуге дағдыландыру.Сондай-ақ заттармен түстерді салыстыра отырып (қандай?) деген сұрақтарға дұрыс жауап берулерін қадағалау.сенсорикалық және моторикалық  ойын арқылы баланың қиялын,ой-өрісін дамыту, қабілеттерін нығайту.Түстерді бір –бірімен салыстыру арқылы айырмашылықтарын айтқызу. балалардың ұсақ моторикасын дамыту. 
 Технологиямен жұмыс жасау арқылы балалардың білім деңгейлерін нығайту.
Дамытушылық: Зейінін,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру,  пішіндерден бейне құрастыра білуге үйрету.  жаттықтыру,сенсорикалық  ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту. Түр –түстерін ажырата отырып пішіндерден бейне құрастыру,  айтып мағыналарын түсіндіру. өз қолдарымен ұсақ моториканы дамыту үшін ойындар қабылдау
Тәрбиелік: Балалардың бойында  жанашырлық,адамгершілік,қамқорлық қаситтерге тәрбиелеу,табиғат сүйюге,аялауға баулу, сенсорика  сабағына деген қызығушылықтарын арттыру,  сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілік:  жіп, қыстырғаш,  моншақтар, кірпі,интеративтік тақта, компьютер,тапсырмалар,қағаздар, (слайд) т.б.
Қос тілдік компанент:қағазбен жұмыс-работа с бумаги кірпі-ежик, қыстырғыш-пришипка,
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Тәрбиеші балалармен залға кіреді.
Тәрбиеші . Балалар қарандаршы , бізге көп қонақтар келіпті.
Қайырлы  таң, қымбатты әріптестер!
Балалар:
Қайырлы таң, аспан ата!
Қайырлы таң, жер ата!
Қайырлы таң, достарым!
Сендерді көрсем қуанамын!
Тәрбиеші . Балалар біз қонақтарға  сабағымызды бастайық.
  1. Негізгі бөлім.
а) Тәрбиеші балалармен  шеңбер құрып.
Достарымның барлығын,
Сыйлап жақсы көремін.
Алақаным арқылы,
Жылыуымды беремін.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар.
Тәрбиеші: Балалар  қараңдаршы бізге не келді,мынау не?
Балалар: -хат келді
Тәрбиеші: хатта не жазылған екен, кәне көрейік, хат түлкіден келіпті түлкі моншақтарын үзіп алыпты қалай тіетінін білмей бізден көмек сұрап жазып жіберіпті.
Тәрбиеші: балалар көмектесеміз бе?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Жарайсыңдар  балалар біз казір  осы  алдымызда тұрған моншақтарды алып жіпке тізейік, балалар моншақтарды жіпке тізе бастайды
Тәрбиеші: жарайсыңдар өте тамаша тізіпсіңдер  
Тәрбиеші: -біз бұл моншақты түлкіге беріп жібереміз, түлкі қуанып қалсын.
Тәрбиеші: -балалар енді барлығымыз жолға шығайық, балалармен жолға шығады.
 Кірпі :- көңіл күйі болмай бүрісіп ренжіп балалардың алдынана шығады.
Тәрбиеші: — ой балалар біз ненені көріп тұрмыз,
Балалар:- кірпі
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар, кірпі сен  неге көңілсізсің?
Кірпі: менің жемістер тасыйтын тікенектерім әлсіз болып қалды ештеңе ұстамайды, сол үшін менің көңіл күйім болмай  тұр  не істерімді білмеймін.
Тәрбиеші:кірпі сен мұңайма біз саған көмектесеміз солай ғой ие балалар.
Балалар: көмектесеміз.
Тәрбиеші: балалар алдарыңда жатқан тікенекті алып кірпіге жабыстырайық,
Балалар алдарында жатқан заттар мен жұмыс жасай бастайды.
Тәрбиеші: жарайсыңдар өте жақсы тікенектер жасадыңдар, ал енді біз тікенектерін тексеру үшін бір жемістер  жасап берейік.
Балалар: алдарында жатқан жемістерді құрастыра бастайды.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар қандай керемет міне кірпі сенің тікенектерің де жемістеріңде дайын болды, (кірпіге ұсынады)
Кірпі:ой балалар рақмет сендерге мен сендердің көмектесетіндеріңді білген едім қолдарыңнан келді көп көп рақмет енді мен ештеңеден қорықпайтын болдым.(шығып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біз жасаған жұмыстарымыз дұрыс болды мекен қарайықшы тақтадан. (Дұрыс жауабын тақтадан қарайды)
Балалар: мәз болып қуанады
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! 
 Қорытынды:
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге бірінші не келді?
Балалар: хат
Тәрбиеші: хат неден  келді  қандай көмек керек болды?
Балалар: түлкіден
Тәрбиеші:   түлкіге не керек болды ,біз оған не істедік?
Балалар:  моншағы үзіліп қалыпты моншақ тізіп бердік.
Тәрбиеші: жолда не кездесті
Балалар: кірпі
Тәрбиеші кірпіге не керек болды
Б:Тікенектері әлсіз болды сосын оған жемістер жасадық
Жарайсыңдар!
балалар тақтаға қараңдар біз бүгін өте жақсы жұмыстар атқардыңдар жарайсыңдар. Балалар сендер сабақты жақсы оқып,ойларыңды дұрыс жеткізе білсеңдер,болашақта осындай биік дәрежелерге жетесіңдер табасыңдар.
Балалар қонақтармен қоштасайық
Сау болыңыздар!