Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

Сулейменова Ж.К.
Информатика мұғалімі
.
.
Мақсаты:Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген            құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер
    Жүргізуші: Қайырлы күн бүгінгі салтанатымызға жиылған қауым!
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы!
Бармысыздар, қымбатты мектеп оқушылары!
Қош келдіңіздер, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!
      Жүргізуші: Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
       Жүргізуші: 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.
    Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.
       Жүргізуші: Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз- 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.
1 «а» сыныбы- сынып жетекшісі —————————————
1 «ә» сыныбы- сынып жетекшісі —————————————
1 «б» сыныбы- сынып жетекшісі —————————————
1 «в» сыныбы- сынып жетекшісі —————————————
1 «г» сыныбы-сынып жетекшісі ——————————————
Ән: «Ұстазым»
      Жүргізуші: Біреулер енші ап өмірден
Түлеп ұшты асып қыр.
Бүлдіршін балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр.
Сондықтан да назарды
Солар жаққа бұрайық
Балдырғанды кішкентай
Қарсы алып қол соғайық!
(Музыка ойнап тұрады, 1 сынып оқушылары кіреді.)
Жүргізуші: Қуаныш бүгін, мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Бүлдіршінге бір сәлем!
      Жүргізуші: Қымбатты 1 сынып оқушылары!
Білім ордасы-мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын!
Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
Білім күніне және 2017-2018 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)
       Жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй тілейміз.
Ұстаздар мен шәкірттер!
Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш-жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні- мерекең!
       Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!
Бүгінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты ту еткен Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі әлеуметтік күйзелістер мен үдемелі ғаламдық тұрақсыздық аясында Қазақстан тұрақты және сенімді түрде дамуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы-біздің тұтастығымыздың сарқылмас қут көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.
         Жүргізуші: «Мәңгілік Ел»- Отанға деген сүйіспеншіліктің бейнесі, қазақстандық патриотизмнің жоғарғы деңгейі.
Қымбатты оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар мен мереке қонақтары!
         Бүгінгі күні Қазақстан- саяси және қоғамдық тұрақтылықтың және 100 этнос пен 17 конфессияның мүдделерін сақтау мен нығайтудың үлгісі. Өйткені, бүгінгі Қазақстан- бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.
        Республикамызды мекендеген ұлт пен ұлыстардың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен 1995 жылы еліміздің басты құжаты болып Ата Заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын.
Міне, биыл еліміздің басты құжатына 20 жыл толып отыр.
        Жүргізуші: Бұл күн Қазақстан Республикасының Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси- экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың жарқын бастауына айналды. Бүгінде демократиялық, зайырлы құқықтық мемлекет ретінде орнығу талаптарының бәрі Конституция қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
       Биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблея жылы деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені, Ассамблея 20 жылдың ішінде еліміздің конституциялық органына, жалпыадамзаттың әне жалпыхалықтың институтына айналып, тұрақтылықтың сенімді факторы, қоғамдық келісімнің берік іргетасы, тұрақты дамудың кепілі бола ббілді.
  
      Жүргізуші: Құрметті Білім мерекесіне жиылған қауым!
       Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұлт болашағы үшін реформалық жүйелі жоспар құрып, «Нақты 100 қадам» бағдарламасын белгілеген болатын. Еліміздің өркендеуі мен дамуына бағытталған бұл реформа ұлттық мәнге ие болып тұр. Осы бағытта елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Педагогика мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты білім берудің принципі өзгеріп, мазмұны жаңаруда.
Ән: «Елім менің» 
        Осындай елеулі сәттің жетегімен шәкірт бойына білім нәрін егіп, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз деп есептейтін педагогикалық ұжымның басшысы мектеп директоры ———————————-   сөз кезегін ұсынамыз.
Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағына құттықтау сөз кезегін жолдаймыз.
………………………………………………………………………………………………………………….
Ән: «Әгугай»
        Жүргізуші: Қасиетті қазақ халқы «Бала-бауыр еті» деп баласын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 жасқа толып, мектептің 1-ші сыныбына қабылданып «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- бүлдіршіннің білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Олай болса, толқу үстінде тұрған ата-аналарға сөз кезегін ұсынамыз.
Жүргізуші: Әрқашан ата берсін күліп таңдар
Ойларың болсын дәйім тұнық, заңғар.
Атамыз Ыбырайдан бастау алған,
Алғашқы қоңырауды ұмытпаңдар!
Алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны осымен аяқталды.