КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Курманбаева Молдир Ерболовна

Информатика пәні оқытушысы

.

.

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай

мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп еліміздің

тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай,

 

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіне ауадай қажет жаңару — оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Үздіксіз жаңалық  енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер жұмысының дамуының ең басты факторы. Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз.

Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған оқытушының іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім.

Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.

Оның бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, оқытушылардың технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, оқытушылардың кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б.

Ең алдымен жаңашыл технологияларды оқу үрдісіне ендіру бөлгілі-бір шарттарды қажет етеді:

  • оқытушының оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;
  • оқыту субъектілерінің (оқытушы мен студент) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық -педагогикалық ахуал;
  • оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу — әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;
  • оқу бағдарламасының жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі  және ақпараттандырылуы.

Білім сапасы оқытушының шеберлігіне байланысты. Оқытушы шеберлігі қойылған педагогикалық мақсаттар мен бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде.

Оқытушының педагогикалық қызметін технологияландыру:

  • оқытушының оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;
  • жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
  • мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;
  • іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;
  • технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуымен негізделеді.

Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушы білуі керек:

  • жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
  • жаңа технологияда оқытушы қолданатын әдіс-тәсілдерді;
  • студенттердің жұмыс әдісін;
  • күнтізбелік — тақырыптық жоспарлауды, оқу моделін құрастыруды;
  • студенттердің өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;
  • компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау, т.б.

Оқытушылардың педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті.

Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалықты игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған.

Бұл мәселені шешуде колледжде кәсіби педагогикалық іс-әрекетті материалдық және моральдық ынталандыру шараларының жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызатын арнайы ортаны құру —  педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне көмектесуі мүмкін.

Оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен оқытушы жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады: өз тәжірибесінде жұмыстың инновациялық түрлерін қолданып жүрген тәжірибелі оқытушылармен жұмыс.

Олардың мақсаты — өз жұмысына қандай да бір технологияны кезеңмен ендіріп, нәтижесін ұжым талқысына шығарып, сол арқылы әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың іс-әрекетін қайталау тілектерін туғызу:

  • әрқайсысына тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген жас мамандармен жұмыс.
  • туындаған сұрақтарына жауап беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек, ақыл-кеңес, беретін тәжірибелі әріптеспен бұндай жұмыс әрқашан нәтиже береді;
  • өз жұмысына өзгеріс енгізуге тілек білдірмеген оқытушылармен жұмыс;
  • олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу.

Колледжде жаратылыстану бағытындағы физика, математика және информатика пәндерінің оқытушыларынан құралған «Инноватор» педагогикалық-шағармашылық тобы жұмыс істейді. Бұл топ оқытушыларға сабақтарда жаңа технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін ашық сабақтар, шебер сыныптар, ғылыми жұмыс түрінде көрсетеді, үйретеді.

Сонымен, білім сапасын арттырудағы колледждің оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды жасауға болады:

  1. Ең алдымен оқу орнының үрдісін технологияландыруда таңдап алынған мәселенің жағдайын тереңдеп зерттеу;
  2. Ендірілетін технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу:
  3. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге оқытушыларды жалпы ынталаңдырумен қатар оқу орнында тәжірибелі, белсенді, бастамашыл, ендірілетін технологияның мәні мен мазмұнын түсінген 8-12 оқытушылардан тұратын тәжірибелік-эксперименттік топ құрған жөн.

Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың жаңа технологияның ғылыми — әдістемеліктің қамтамасыз етілуіне көмектесу міндеті де қойылады.

Тәжірибенің мақсаты — қолданылып отырған технологияның тиімділігін мұқият тексеріп, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік базасын жасап, өз тәжірибесіне және оқыту технологиясының теориялық негіздеріне сүйене отырып, инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау.

Оқытушылардың эксперименттік тобы жаңа технологияны ендірудің жалпы жоспарына сай келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тәжірибе-эксперименттік жұмыстың екінші жылында оған қатысушы оқытушылардың шеңбері кеңейіп, жаңа технологияларды жаппай ендіру мәселесі қойылады.

  1. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамсыз ету.
  2. Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру.

Қорыта айтқандаоқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістердің қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады.

Жаңалықтарды меңгеру оқытушының көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.