Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары

Жумахан Алия Ануарқызы
Преподаватель по предмету Информатики
Магистр естественных наук
.
.
Сабақтың мақсаты: Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Вирустар  және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Білім алушылардың  компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету дағдыларын дамыту
Тәрбиелік:  Білім алушыны  жауапкершілікке және ұқыптылыққа, қазіргі заманға сай білімді, ақпаратты толық меңгеруге   тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі. ағылшын тілі
Пәнішілік байланыс: ДК құрлысы, Windows операциялық жүйесі, Файл түсінігі
Сабақтың көрнекілігі: ДК, электрондық оқулық «Sin каз», тақырып  бойынша №4 модуль, ОӘК.
 
 
 
Теориялық сабақтың кезеңдерін құрастыудың технологиялық
 картасы:
 
  1. Ұйымдастыру кезеңі — 2 мин
  2. Сабақтың мақсатты ұстанымы — 3 мин
  3. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу) – 20 мин
  4. Бастапқы білім деңгейінің қорытындысы
  5. Жаңа тақырыпты түсіндіру -50 мин
  6. Жаңа тақырыпты бекіту-10 мин
  7. Сабақты қорытындылау — 3 мин
  8. Үй тапсырмасы — 2 мин
 
 
 
 
Теориялық сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Білім алушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу;
  • Кезекшімен сұхбат, аудиторияның тазалығын шолу;
  • Білім алушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
  1. Сабақтың мақсатты ұстанымы. (Оқытушының кіріспе сөзі).
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары. Бұл тақырып бойынша  білім алушылар компьютерлік вирустардың шығу тарихымен таныстырып, оның түрлері, көбеюі, және компьютерді вирустардан қорғау тәсілдері жайлы білуі қажет.
  1. Білімнің негізін өзектілеу (негізду). Үй тапсырмасын тексеру: Тесттік сұрау.
1 С
Жұмыс iстеудiң жоғарғы жылдамдығын және ақпаратты қысудың жоғарғы дәрежесiн қаматамасыз ететiн архиватор қалай аталады?
  1. RAR
  2. WinZip
  3. ARJ
  4. ICE
  5. Дұрыс жауабы жоқ
2 D
ARJ командасы үшiн орындалатын жұмыс түрiн көрсететiн бiр әрiптен тұратын команда аты қалай аталады?
  1. Режимдер
  2. B. Архив-аты
  3. C. Каталог
  4. D. Команда
  5. E. Файл
3 А
«-» немесе «/» таңбаларынан басталатын режим атаулары.
  1. A. Режимдер
  2. B. Архив-аты
  3. C. Каталог
  4. D. Команда
Е. Файл
4 В
Өңделуге тиiс архивтiк файлдың аты және ол бiр сөзден тұрады.
  1. A. Режимдер
  2. B. Архив-аты
  3. C. Каталог
  4. D. Команда
Е. Файл
5 С
Архивке енгiзiлуге тиiс файлдар орналасқан каталог аты.
  1. A. Режимдер
  2. B. Архив-аты
  3. C. Каталог
  4. D. Команда
Е. Файл
6 D
Архивке енгiзiлген файл аттары.
  1. A. Режимдер
  2. B. Архив-аты
  3. C. Каталог
  4. D. Файл-аттары
Е. Файл
7 А
Архивтеу программалары қандай әдіспен таратылады?
А. Тегін немесе делдалдық әдіспен
В. тегін әдіспен
С. делдалдық әдіспен
  1. арнайы әдіспен
Е. Дұрыс жауабы жоқ
8 А
Архиватор дегеніміз не?
  1. A. Файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программа
  2. B. Арнайы жазылған шағын көлемді программа
  3. C. Мәліметтерді дискіге жазу программасы
  4. D. Антивирустық программа
  5. E. Дискідегі орынды ұлғайтуға арналған программа
9 А
Архив-аты дегеніміз не?
  1. өңделуге тиіс архивтік файлдың аты
    B. олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды
  2. C. архивке енгізілген файл аттары
  3. D. А – С
  4. E. Архивке енгізілуге тиіс файлдар орналасқан каталог аты
10 А
WinRar дегеніміз не?
  1. A. Архиватор
  2. B. Программа
  3. C. Вирус
  4. D. Файл
  5. E. Дұрыс жауабы жоқ
 
 
 
 
Критерий: (Тест)
9-10 дұрыс жауап  «5»
6-8  дұрыс жауап  «4»    
3-5  дұрыс жауап   «3»                                                                           
2 және ↓дұрыс жауап «2»
 
  1. Бастапқы білім деңгейінің қорытындысы.
Әрбір білім алушының жауабының толықтығына, сауаттылығына, ойлау қабілетіне көңіл бөліп, жеке-жеке бағалау.
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспары:
  1. Компьютерлік вирус түсінігі
  2. Вирустар түрлері
  3. Қорғану тәсілдері
Вирус (лат. vīrus — «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі, тірі организмдерде көбею қасиеті бар, жұқпалы ауруларды қоздырады
  • computer virus- компьютерный вирус- компьютерлік вирус
  • VIR, Vir, vir (virus)- вирус
  • virus detection system (VDS) –система обнаружения вирусов- вирусты табу жүйесі
  • Antivirus- антивирус; 2. противовирусный, антивирусный
  • antivirus program —антивирусная программа- антивирусты бағдарламалар
  • infect – заражать, инфицировать (вирусом)— жұқтыру
  • infected- зараженный, инфицированный (вирусом)- жұқтырылған
  • protection; security, guard; lock — защита- қорғаныс
         Компьютерлік вирустардың ең алғашқы «эпидемиясы» 1986 жылы, Brain (англ. «мозг») компьютерлік дискеталарды «зақымдады». Қазіргі кезде компьютерлерді зақымдайтын, және желі бойынша тарайтын он мыңнан аса вирус түрлері белгілі.
Вирустың бірінші прототипі т 1971 жылы пайда болды. Бағдарламашы Боб Томас, ақпараттың бір компьютерден екінші компьютерге берілуі жайлы Creeper, программасын құрды. Өздігінен бір компьютерден екінші компьютерге желі арқылы секіретін программа болатын Шындығында бұл программа өздігінен көбейген жоқ.
1983 г., калифорниялық университеттің программалаушы факультетінің студенті Фред Коэн, 1-ші компьютерлік вирусты жасады. Аталмыш вирус толықтай компьютерлік жүйені жаулап алады және барлық жұмысын басқарады. Коэн (.exe) кеңейтілуі бар файлдарға өтіп кететін қауіпсіз вирустың жасады. Олар «вирустар қысу» деген атауды алды. Фред Коэн қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке деген ешқашан тартылмаған ,себебі оның зерттеулері білім шеңберде пайдаланылды. Қазір белгілі «вирус жасаушы» бастықпен ақпараттық қауіпсіздіктің қамсыздандыру компаниясында басқармының бастығы болып қызмет етеді
Өздігінен көбейетін жасанды конструкцияны бірінші зерттеген ғалымдар Фон Нейман жәнеНорберт Винер
Компьютерлік вирус дегеніміз — арнайы жазылған шағын программа.Ол компьютердегі оған ақпараттарды бұрмалайды,зақымдайды, жояды,өзін басқа программаға тіркейді.
Биологиялық және компьютерлік вирустарда ұқсастығы қандай?
  1. Көбею қабілетінің жоғарылығы;
  2. Адам денсаулығына зияны және компьютер жұмысына кері әсері;
  3. Көбею кезінде жасырын болуы себепті вирус көзге көрінбейді
Пайда болу белгілері:
Программа дұрыс жұмыс жасамайды немесе жұмысын тоқтатады;
Экранда бөгде хабарламалар, символдар шығуы;
Компьютердің баяу жұмыс істеуі;
Операциялық жүйенің дұрыс жүктелмеуі;
Кейбір файлдардың бұзылуы, жоғалуы
Жиі тұрып қалулар, жаңылысулар;
Резиденттік – өзін жедел жадқа көшіреді, біраз уақыт бойы білінбейді.
Резиденттік емес- өзін жедел жадқа жазбайды, алдымен вирус-программа іске қосылады.
Файлдық — com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.
Жүктейтін – дискеттің немесе винчестердің жүктеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программасын зақымдайды, компьютерді жүктегенде іске қосылады. 
Желілік — ондаған, жүздеген мың компьютерлерді біріктіретін желілерде тарайды.
Макровирустар — Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз
Зақымдауы бойынша файлдық вирустар мынадай топтарға бөлінеді:
  1. Қайта жазатын вирустар. Программа кодының орнына орындалып жатқан файлдың атын өзгертпей өз денесін жазады, нәтижесінде программа жүктелмей қалады.
  2. Серіктес вирустар. Зақымданған программалар орнында өздерінің көшірмелерін жасап қояды, бірақ негізгі файлды жоймайды, оның атын өзгертеді немесе орнын ауыстырады. Программа қосылған кезде бірінші вирус коды іске қосылады, кейін басқару негізгі программаға
  3. Файлдық құрттар іске қосады деген үмітпен өздерінің көшірмелерін тартымды аттармен жасап қояды
  4. Вирус-буындар Программа кодын өзгертпейді ,зақымданған программаның мекенжайын өзгерте отырып, ОЖ-ге өз кодын жасауды мәжбүрлейді
ЖЕЛІЛІК ВИРУСТАР
Компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн!
Троян аттары. «Троян аттарының» қолданылуы: құпия, ниеті бұзық деген мағынада қолданылады. Осы бағдарламалар пайдаланушымен түрлі рұқсатсыз әрекеттерді жасайды:
  • ақпараттың жиынына зиянкестік жасайды;
  • ақпараттың бұзылуы немесе әдейі өзгерістер жасайды;
  • компьютердің жұмыс қабілетін бұзады;
  • компьютер ресурстарының басқа мақсаттарға пайдаланылуын қаматамасыз етеді.
Желілік құрттар –желі арқылы өздерінің көшірмелерін тарататын программалардың мақсаты:
  • алыстағы компьютерлерге ену;
  • сол компьютерлерде өзінің көшірмесін қалдыру;
  • ары қарай басқаларына тарату.
Троян аттары. «Троян аттарының» қолданылуы: құпия, ниеті бұзық деген мағынада қолданылады. Осы бағдарламалар пайдаланушымен түрлі рұқсатсыз әрекеттерді жасайды:
  • ақпараттың жиынына зиянкестік жасайды;
  • ақпараттың бұзылуы немесе әдейі өзгерістер жасайды;
  • компьютердің жұмыс қабілетін бұзады;
  • компьютер ресурстарының басқа мақсаттарға пайдаланылуын қаматамасыз етеді
МАКРОВИРУСТАР
Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен айырыламыз.
  • Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды азайтуы мүмкін.
  • Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дыбыстық, ішкі эффектілер арқылы азайтады.
  • Қауіпті – компьютер жұмысының істен шығуына алып келеді.
  • Аса қауіпті –программалардың, ақпараттардың жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттардың жоқ болуына алып келеді.
Вирустардың компьютерге ену жолдары
  • Ғаламдық желі Internet
  • Электронды пошта
  • Жергілікті желі
  • «Ортақ қолданылатын» компьютерлер
  • Қарақшылық программалық жасақтамалар
  • Жөндеу қызметі
  • Алмалы-салмалы тасығыштар
Электронды пошта
Қазір бір вирустың таратуының негізгілері Жай вирустар электрондық поштаның хаттарында: суретті, құжаттарды, музыканы, сайттарға деген сілтемелерде бүркеледі. Кейбір хаттарда вирустар болмау мүмкін, бірақ сілтемелерді ашқан кезде вирустық коды бар арнайы құрылған Веб сайттарға тап болуымыз мүмкін.
Жергілікті желі
Жергілікті желі “жылдам жұқтыру” жолы б.т. Егер залалсыздандыру тәсілдерін қолданбаса желіге қосылған кезде файлдарды жұқтыру қаупі жоғары.Келесі күні желі қосылған кезде зақымданған файлдар іске қосылып, компьютерлерге рұқсат алады.
Ортақ қолданылатын компьютерлер»
Оқу орындарындағы компьютерлерге вирустар мынадай жолдармен жұғуы мүмкін. Вирусы бар тасығышты қолданатын болсақ, осы компьютерде жұмыс істеген барлық тасығышқа вирус жұғады.
Қарақшылық программалық жабдықтамалар
Рұқсатсыз көшірмелер, программалық жасақтамалар «қауіпті аймақ» болып табылады. Қарақшылық көшірме дискілерде түрлі вируспен зақымданған файлдар болуы мүмкін.
Қорғану тәсілдері
  • Жергілікті желіні қорғау
  • Вирусқа қарсы базаны уақтылы ауыстыру керек;
  • Компьютерді жүктеу барысында дискі құрылғысында диск қалдырмау қажет;
  • Құнды ақпараттардың қосымша көшірмелерін жасап, жиі сақтап отыру керек;
  • Антивирусты программаларды қолдану
  • Файлдарды үнемі тексеріп отыру
  1. Доктор программалары
  2. Детектор программалары
  3. Ревизор программалар
  4. Доктор ревизорлар
  5. Полифагтар
  6. Сүзгі программалар
  7. Вакцина программалар
Доктор-Программалар-
немесе “фагтар” вирус жұққан программалармен дискілерді “вирус” әсерін алып тастау,яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Детектор-Программалар- тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді
Ревизор-Программалар- да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Доктор-Ревизорлар – Олардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру.Д.Мостов дайындаған прогамма-ревизор ADif жақсы танымал.
Полифагтар.Олардың қызметі-вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программадан Жалпыға әйгілі полифаг Е.Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti-Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі
Сүзгі-Программалар- компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады.Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Вакцина-Программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
  1. Жаңа тақырыпты бекіту.
7. Сабақты қорытындылау. Барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған білім алушыларды бағалау, ескерту жасау.
 
  1. Үй тапсырмасы. Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары. 1. Информатика /Михеева Е.В., Титова О.М., М: Издательский центр «Академия» 2013 г. 146-157 бет
  2. Информатика /Хубаева Г.Н. Ростов н/Д, 2010 г 170-174 бет