САРЫ ҚЫМЫЗ, ЕЖЕЛДЕН АТЫҢ ҮСТЕМ

Яичникова Кристина
Жетекшісі: Жүнісова А.С.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
.
.
1.1. Сары қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамы
Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз – халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Әлем бұл күнде садақ  атудың, шалбар киюдің, жылқыны қолға үйретудің  түп-төркінін қазақ  жерінен іздеп жатқаны белгілі.              Ал адамзат өркениетіне өшпес мұра қалдырған сол бабаларымыздың  бастауы – скифтер. [1] Осыдан 5500 жыл бұрын қымыз жасауды ең алғаш көшпенді қазақ  халықтары мен монғолдар ойлап тапқан. Қымыз дайындау технологиясын көшпенділер ғасырлар бойы құпияда сақтаған.                  
1.2. Сары қымыздың құндылығы.
Жылқы сүтінің өзіндік ерекшелігі сол жоғары сапалы, жұғымды әрі тез қортылады. Жаңа сауылған сүтін саумал деп ем ретінде пайдаланады. Ол адам ағзасын тазалайды. Бойында жиналып қалған артық заттар – шлагты ағзадан шығарып, сергітіп, жасартып жібереді. Ағзаның жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді. [7]  Қымыздың құндылығына баға жетпес, себебі ол тек адамдардың  ғана емес, сонымен қатар, құстар мен жан-жануарлардың ауруларын емдейтін қасиеті бар. Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының, жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке жүйесі мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Қымыздың  ауруға, әсіресе кеуде ауруына емдік қасиеті өте зор.
  1. Практикада қолданылуы
2.1. Сары қымыздың түрлері, категориялары.
         Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөлген. Қымыздың қырық шақты түрлері бар. [8] Солардың негізгі түрлері [қосымша Ә] мыналар:
Қорытынды
Сары қымыз – қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағам екенін, оның емдік қасиеті бар екенін зерттеу арқылы құндылығын, қажеттілігін іздене отырып көп пайдасы барын ұқтым. Дайындау әдісін көзбен көргенде, оның адам қолымен істелетініне көзім жетті. Қымыз дайындайтын адамның еңбегі өте зор екенін көрдім.     Екі сағатта бір сауып, күбіге құйып бірнеше рет піскеннің өзі үлкен еңбек. Сары қымыз оңайлықпен алдымызға келмейді екен.