Кремний

Калмурзаева Айнур Жолайхановна
Жалпы пән оқытушысы
.
.
Кремнийді алғаш рет 1811жылы Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар ашқан.            
1824-1825 жылдары швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.
Табиғи кремнийдің едәуір бөлігі құм немесе кварц түрінде кездесетін  кремнезем  деп аталатын кремний (IV) оксиді болып табылады.
Өте таза кристалл күйдегі кремний окиді тау хрусталі деп аталады.
Кремнийдің аллотропиялық түр өзгерісі:
  • Кристалдық қара сұр түсті металдық жылтыры бар, өте қатты,қиын балқитын аздап электр тогын —  өткізетін зат.
  • Аморфты сұрғылт түсті ұнтақ зат.
Физикалық қасиеттері
Кремнийдің түсі күңгірт-сұр, шайырдай жылтыр салмағы 2,32 г/м3, балқу t 1420С, қайнау t 2600С-қа жуық.
Қыздырғанда сутектен  басқа кез келген бейметалмен қосыла алады.
Таза кремний темір, мыс, алюминий, қорғасын қорытпаларында қолданылады.
Ол мұндай қорытпалардың қышқылдарға төзімді, мықты,электрлік және магниттік қасиеттерін арттырады.
Кремнийдің қосылыстары

Аты

Сипаты

Алынуы

SiН4 — силан

Түссіз,ауада өздігінен  тұтанатын жанғыш газ

 SiН4+О2→SiO2+Н2О

 

SiО2 – кремний оксиді (кремнезем, құм,

кварц кристалдары

 деп те аталады)

Суда ерімейтін,қиын балқитын зат.Ол қышқылдық оксид болғандықтан қыздырғанда немесе балқытқанда негіздік оксидтермен,сілтілермен әрекеттеседі.Сөйтіп,кремний қышқылының тұздары – силикаттар

түзеді.

SiO2 + Na2O→Na2SiO3

(натрий силикаты)

SiO2 + 2NaOН→Na2SiO3+ Н2О

Химиялық реакциялар көмегімен қолдан алынады.

Н2SiО3-кремний қышқылы

Суда ерімейтін әлсіз қышқыл.Коллоид ерітінді түрінде болады.

Оны силикаттарға күшті қышқылмен (тіпті көмір қышқылымен де)әсер ету арқылы алады.

K2SiO3+2HCI→H2SiO3+2KCI

Na2SiO3+H2O+CO2→H2SiO3+Na2CO3

Кремний қышқылын сәл қыздырса немесе бөлме температурасында біраз уақыт ашық қалдырса айырылады.

H2SiO3→ Н2О + SiO2

Кремнийді жартылай өткізгіш ретінде қолданылады.
Одан жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын күн батериясын дайындайды.
Металлургияда  кремнийді жоғары ыстыққа тұрақты және қышқылға төзімді кремнийлі болаттар алу үшін қолданады.
Сәйкестігін табу
                                                                                                       
1.SiO2 + ……… => Si + 2CO↑                           а) О2
2.SiO2 + ……… => Si + 2MgO                           ә) 4HF
3.Si + ………. => SiO2                                         б) 2Mg
4.SiO2 + ……. => SiF4 ↑ +   2H2O                       в) С
5.SiO2 + ………. => Na2SiО3 + H2O                    г) СаСО3
6.SiO2 + ………. => CaSiO3 + CO2                      д) СаСІ2
7.Na2SiO3 + ………. => H2SiO3↓ +Na2SO4          ж) 2NaOН
8.Na2SiO3 + ………. => CaSiO3 + 2NaCl            з) Н2SО4
Химиялық диктант
H2SiO3 — ……….. қышқыл.  
Кремний қышқылының тұздары …………………. деп аталады.
Кремнийдің құрылымы …………… құрылымына  ұқсас.
Кремний (ІV) оксиді ………., ………… балқитын зат.
Өте таза кристалл күйдегі кремний оксиді ……………. деп аталатын минерал түрінде кездеседі.
 ……… –  жағымсыз иісі бар улы газ,ауада өздігінен тұтанады.
Табиғи  силикаттарға ………………………………………………………жатады. 
 Кремний қосылыстарымен ілесе жүретін тозаңдар …………………….. деп аталатын  ауру  тудырады.
Силикаттардан  ……………., …………………., …………….. алынады.
Жұмбақ есеп
 
      Мен № 4 үйдің  14-ші пәтерінде тұрамын.
Көбінесе  8-ші пәтермен араласып тұрамын.
 Кәдімгі жағдайда №9 пәтермен араласамын.
№17, №35 №16 пәтерлермен араласып тұрамын.
 Мүмкін болса, осы жұмыстарды жүргіз.
Үйге тапсырма:§ 8,7
   
Қосымша кремний және оның қосылыстары туралы хабарлама жазып келу.
Сөйлемдерді  толықтыр
  • Кремнийдің аллотропиялық _______түр өзгерісі бар.
  • Ол _________ және _________ кремний.
  • Кремнийдің қосылыстардағы тотығу дәрежелері    ____, _____, ______ болады.
  • Табиғи кремнийдің едәуір бөлігі құм немесе кварц түрінд кездесетін ______________ деп аталады.