Латын әліпбиі-қазақ тілінің қолдану аясының кеңейуінің себепшісі

Ежебаева Сымбат Советовна

Тәрбиеші

.

.

Тілсіз халықтың тарихы мен болашағы жоқ,сондықтан тілге деген құрмет әр азаматтың санасында ерекше орын алуы тиіс.

Тіл-ұлт тәуелсіздігінің нышаны,егемендігінің көрінісі.Қандай құдіретті ұлт болмасын, «тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады».

Біздің ана тіліміз-қазақ тілі аз қыспақ көрген жоқ.Оны қатпарлы тарих айтады.Аттың қомы,түйенің жалында күн кешкен жауынгер қазақтың осынау қиын қыстау кезеңде тілімізді қалайша аман сақтап қала алғанына,кейінгі ұрпаққа жанын пида етсе де,қаймағын бұзбай жеткізгеніне қайран қаласың.ҚР Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі болып саналады.Қазақ тілі ғылыми,әдеби және саясы жазу нормалары қалыптасқан бай тіл.Қазақша сөйлеуді әркім өзінен бастағаны дұрыс.Дүкенге барып азық-түлік алғанда сатушымен қазақша сөйлесіңіз.Көше атын сұрағанда қазақ тілінде жауап беру керек. «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі-бай тіл.Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл.Қазақ тілі ғылым жолында салынып реттелсе,ешбір жұрттың кем болатын емес,бұған илануымыз керек» деген екен Халел Досмұхамедұлы.Технология, іс-қағаздар,ғылым тілі толық қазақ тілінде сөйлеу үшін тіліміздің әулеті болсада,әрекеті болмай тұр.Қазақ тілінің қолданысы кеңінен тарап,адамдардың сөйлеу мәдениеті жоғары,адамдардың сөйлеу мәдениеті жоғары,әдеби стиьлге лайық болса,бұл баға жетпес көрсеткіш.Тіл-ұлттық болмыстың көрінісі,тіл халыққа рух қосады,сондықтан қаншалықты тіліміз бай болса,соншалақты халықтың рухы жоғары болады.

Дегенмен,тілдің қолданылуы таза болуы тиіс.Қазіргі таңда қазақ тілінде кейбір ерекшеліктер байқалады.Мәселен жастар арасында тілдің қолданысы мәз емес.Сонымен қатар,еліміздің әр аймағында тілдің қолданысы диалектикалық себептерге байланысты әр-түрлі болып келеді.Қазіргі таңда қазақ тілінің әліпбиі латынға ауысуы қарқынды түрде жүріп жатқаны тіліміздің модернизациялануының бір жолы болмақ.Егер тіл-бұл белгілермен таңбалар жүйесі болса,ал сөйлеу-тілдің қолдану,іске асыру үрдісі,тіл тек сөйлеу арқылы өз көрінісін алады.Қоғам-адамдардың жиынтығы. «Өз ойыңды мазалап,өз бойыңды тазалап,Өзіңмен алыс,өлгенше!» деп Абай атамыз айтқандай. Егер тіл-бұл белгілер мен таңбалар жүйесі болса,ал сөйлеу-тілді қолдану,іске асыру үрдісі,тіл тек сөйлеу арқылы өз көрінісін алады.Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру-ұлттық мүдде талаптарының бірі.Қазақ тілі мәдениетінің үлкен бір саласы-сөйлеу мәдениеті,оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы-дұрыс айту нормасы.Жазу мен сөйлеу мәденитінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиалық ережелерді жүйелеу мәселелермен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді.Егемендік пен тіл жақын ұғым,яғни тілсіз тәуелсіздік,егемендіксіз тіл болмас.Тәуелсіз Қазақстанның болашағы-біз,яғни жастар,сол себептен,қазақ тілінің дамуын өз күш-жігерімізді,үлесімізді қосуымыз керек.