Латын әліпбиі – Тәуелсіз Қазақстан жаңғырығы

Есказина Айдана Бисенгалиевна
Жүніс Бақыт Ақжігітқызы
колледж оқытушылары
.
Қазақ халқы өз тарихында талай заман көшінен өтіп, дамып, жетіліп отырды. Мәдениеті мен қатар әдебиеті, жазу тарихы да талай ғасырларды артқа тастап,  заман талабына сай түрленіп келеді. Тарихымыздың түп тамыры сонау Есік қаласынан табылған «Есік жазуы», Орхон-Енисей, Талас өзендерінің бойынан табылған, түркі халықтарына ортақ мұра «руна жазуыларынан» бастау алса, VII-IX ғасырларда ислам дінімен қоса келген араб жазуы, яғни «төте жазуды» қабылдап, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Фараби одан бері Абай, Ыбырай аталарымыздың мұраларымен жалғасын тауып, құнды мұра болып бізге жетіп отыр. Сонау VII ғасырдан басауын алған төте жазу 1928 жылға дейін қолданылып келді.  1929-1940 жж. аралығында латын әліпбиіне жаппай көшірілді. 1940 жылдан бері осы уақытқа дейін  славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған «кириллица» жазуын қолданып келеміз.  Кириллицада қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті және тарихы жазылды. Бұл өткен тарих, оны ешкім сызып тастай алмайды.     
Енді арада ғасырға жуық уақыт өткенде жаңа үлгідегі латын әліпбиіне өзіміз таңдау жасап қайта қабылдағалы отырмыз.  Қазіргі заманда әлем бойынша мойындалған және БҰҰ-да тіркелген 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілдері. Бұл тілдер жер шарының мемлекеттеріне кең таралған. Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылады. Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады.
Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшын тіліне басымдық беріп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.
Осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр. 2017 жылғы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаланың «ІІ.  Таяу жылдардағы міндеттер» атты бөлігінде Елбасымыз: «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден бастап, барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз» деп шегелеп айтты.
Бірнеше рет өзгеріп, қайта қаралған латын әліпбиі 25 қыркүйек күні парламент мәжілісінде таныстырылып, 27 қазан күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті жарлыққа қол қоюы нәтижесінде латын графикасына негізделген  жаңа әліпби пайда болды. 
Бірақ, енді мынадай мәселелер туындап кележатқаны белгілі: бұрын кириллицамен жазылған шығармалар қайда қалады? Оларды келешек жас ұрпақ оқи алама, — деген заңды сұрақ қойлып келеді. Ол мәселе қазіргі ақпарат заманында техника арқылы жүзеге асуға тиісті.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы бастама көтерілген болатын. Онда қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, орыс және ағылшын тілінде әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығудың мүмкіндіктері ашылатындығы айтылған. Бұл да өте дұрыс ұсыныс, заманға лайықты өмір сүруге қажетті жағдайлардан туындаған қадамдар деп ұғуымыз керек.
Енді, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының латын алфавитіне өтудің өзіндік қиындықтары болатындығы анық. Онда: алфавит ауыстырып, оны үйрену, сауатты жазуды меңгеру, бұрынғы шығармаларды қайта аудару және тағы басқа мәселелер бар. Бірақ, қарап отыруға тағы болмайды. Сондықтан, ортақ тоқтам жасалған жаңаша алфавитті мемлекеттік деңгейде бірнеше нұсқа ішінен таңдап алып, соны ҚР Үкімет қаулысмен бекіту қажет.
Одан кейін сол латын алфавитін балабақшаларда, орта мектептерде және ЖОО-ында үйрету керек. Яғни, оны жазу мен оқуды үйретудің бірнеше сатылы мемлекеттік механизмдерін ойластыруы тиіс. Олар қандай деңгейде жұмыс жасау керектігі анықталуы шарт. Осы аталған мәселелерді мемлекет тарапынан қадағалайтын, бақылайтын арнайы мекеме қызметкерлері болуы қажет.
Латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей:
Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын кейбір әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден , қазақ тілінде оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле,ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та,қаржы да үнемделеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу — қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпараттар кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі,негізінен, латынды қолданады. Бізге олармен рухани, мәдени, ғылыми,экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Латын әрпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат – кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.
Қазақ тілінің латиницаға көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Латын алфавитін енгізу – еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады. Себебі ұстаздар мен оқушылар үшін әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болулары үшін ұсынылған латын әліпбиін енгізу зор үлес қосары анық.
Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылады. Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.
Қазақ тілінің латиницаға көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Латын алфавитін енгізу – еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады. Себебі ұстаздар мен оқушылар үшін әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болулары үшін ұсынылған латын әліпбиін енгізу зор үлес қосары анық.
Қортытындылай айтқанда, әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ
Бірақ, латын алфавитіне көшуде өте асығыстыққа жасамай, біріншіден алфавиттің ортақ тоқтам жасалған нұсқасын анықтау керек. Екіншіден, оны үйрету мен оқытудың мемлекеттік механизімін жетілдіріп, белгілі бір жүе қалыптастыру қажет. Үшіншіден, халықтың өзі саналы түрде оны меңгеруге талпыныстар жасауы тиіс.