Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуын зерттеу

Тимченко Артем
Жетекшісі: Рамазанова Ә.М.
.
.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғаммен бірге пайда болып, дамуымен бірге дамып отырады. Ал жазу – тілдің материалдық сызба таңбаларының жүйесі, жазба қатынас құралы. Сонымен бірге, адамзат қоғамының дамуы барысындағы барлық факторлардың ішінде шешуші рол атқаратын фактор тіл-жазу екені баршаға аян. Сондықтан,  ұлт өз тіл, жазуы арқылы өз мәдениетін дамытады, ілгерілетеді. Ал, ұлтымызда жазудың тым ертеде, бұдан үш мың бұрын пайда болғанын тарихшылар дәлелдеп отыр. Содан бері тарихи даму кезеңдерінде дана халқымыз сол дәуірдің даму талабына үйлесетін, тілімізді біршама толық бейнелеп бере алатын алуан түрлі жазуларды қолданды.
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі туындап отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев алғаш рет бұл туралы 1996 жылы Халықтар Ассамблеясының ІІІ сессиясында: «Латын қарпіне ұсынылып отырған көшудің өзі қазақ тілін басқа этностар өкілдерінің игеруіне, Қазақстанның әлемдік ақпарат кеңістігіне, технологиялық тұрғыдан бейнелеуге, сондай-ақ түркі тілді дүниемен мәдени тұрғыдан бірігуіне неғұрлым тиімді көмек көрсетер еді» [1, 171 б.] — деді, кейін араға жылдар салып, халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесіне  тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл –ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» [2, 17 б.] деген болатын.
ҚОРЫТЫНДЫ
 
Зерттеп қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:
  1. Қазақ жазу графикасы әрдайым динамикалық даму сатысынан өтіп отырған. Соған сәйкес халықты сауаттандыру, емле ережелерін біріздендіру мақсатында орфографиялық даму деңгейі де жиі реформалану процесіне ұшыраған. Қазақ жазу тарихындағы жалпыхалықтық сауаттандыру, тұрақты біркелкі жазу нормасын қалыптастыруға бағытталған кезеңдердің ішіндегі қиындығы мен тәжірибесі мол байқалғаны 1929-40 жылдардағы латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу кезеңі деп атауға болады.
2. Бұл кезеңде көтерілген ең өзекті мәселенің бірі  – түркі халықтары әліпбилерін бірыңғайластыру.