Қазақстан Республикасының рәміздері. Ілік, табыс септіктері

Шакирова Г.Б.
преподаватель казахского языка и литературы
Мақсаты:
  1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер-  рәміздермен жан-жақты таныстыру.
  2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту.Ойлау, сөйлеу және септік жалғаулы сөздермен сөйлем құрастыру қабілеттерін дамыту.
  3. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсінік беру, оқып-аудару, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері,ҚР рәміздерінің сызбасы,  ҚР рәміздерінің авторларының портреттері), мәтіндер, тірек сызбалар, сөзжұмбақ.
Сабақтыңбарысы:
  1. Ұйымдастырукезеңі: амандасу, кезекшіменсұхбат, сабаққадаярлау
Сабақты ҚазақстанРеспубликасыныңәнұраныменбастау (әнұранорындалады) Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшысын белгілеу.
Әр топ басшысы өз тобын таныстырып өтеді.
Оқушылардың білімі бағдаршам әдісі арқылы бағаланады.
  1. Үй жұмысы: ҚР рәміздерінің авторлары туралы қысқаша хабарлама дайындау (үй жұмысы сабақтың барысында тексеріледі)
Тіл дамыту сұрақтары:(әр дұрыс жауапқа сәкес фишка беріледі)
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?
  1. Қазақстан қандай мемлекет ?
3.Қазақстан халқының саны қанша ?
  1. ҚазақстанРеспубликасыныңтұңғышпрезидентікім ?
5.Қазақстан қашантәуелсізболыпжарияланды ?
6.Теңге қай жылданайналымғаенді ?
7.Қазақстанның бас қаласыжәнеастасынатаңдар.
8.Қазақстан жері неге бай ? 
9.Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел ?
  1. ҚазақстанРеспубликасыныңрәміздеріненелержатады ?
Бүгінгі сабақты ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың өлеңімен бастайық:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының рәміздері. Ілік, табыс септіктері».
III. Жаңа сабақ
1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. (2 – слайд)
1.Мәтіндіндерді оқып, аудару . Мәтіннің арасында оқушылар дайындаған хабарламарын айтады
Мемлекеттік ту
( 2,3,4,5 – слайдтар)
 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы ШәкенНиязбеков.  
Хабарлама
1оқушы  (үйгеберілген  тапсырманыжатқаайтады)
 ШәкенНиязбеков ҚР МемлекеттікТуының авторы, Қазақстанғаеңбегісіңгенөнерқайраткері, Қазақстан дизайн өнерініңнегізінқалаушылардыңбірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
 (6,7,8,9 – слайдтар)
Елтаңбадан  сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары:  Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.
Хабарлама
2 оқушы
Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Хабарлама
3 оқушы
Шотаман Уәлиханов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
 (10,11,12,13 – слайдтар)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзінЖұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған.
Хабарлама
4 оқушы
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған
Хабарлама
5 оқушы
Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальстері де сондай әсем.
Сөзжұмбақ: ( 16 слайд  тақтада сөзжұмбақ шешіледі)
— Сонымен, бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы «септіктер», ілік, табыс септіктері.

Септіктер

                                                          Түбірдің соңғы әрібі (корень оканчивается на …)                                                           
сұрақтары Дауысты(гласные),

Үнді( м,н,ң)

Қатаң (с,ф,т,п,к,қ,х,ч,ш,щ,ц),

Ұяң (б,в,г,д)

(У,р,л),

Ұяң (й,з,ж)

1 Атаусептік Кім? Не? Кімдер? Нелер?
2 Іліксептік Кімнің? Ненің? -ның,-нің

нан-ның,Саша-ның

тың,-тің

Оспанов-тың, ат-тың,

тамақ-тың,сүт-тің

дің,-дың

тау-дың,

дәптер-дің

3 Барыссептік Кімге? Неге? Қайда? ға,-ге

Әлия-ға, дүкен-ге

кино-ға

-қа,-ке

кітап-қа, клуб-қа, жидек-ке

ға,-ге

қыз-ға,

үй-ге

-на,-не

-сы,-сі 3жақ(лицо)

 -на,-не

-ы,-і 3жақ(лицо)

4 Табыссептік Кімді? Нені? -ны,-ні — әке-ні

-ды,-ді – шам-ды

-ты,-ті

лақ-ты, бет-ті

ды,-ді

үй-ді,жау-ды

  1. Бекіту.
 Көп нүктенің орнына тиісті ілік септігінің жалғауын жалғаңыз.
  1. 1992 жыл… 4 маусымы – тарихи күн, себебі Қазақстан Республикасы … Мемлекеттік туы мен елтаңбасы бекітілді.
2.Елтаңбада  сол ел … тарихы және дәстүрі толық танылуы керек.
  1. Біз Қазақстан … азаматы екенімізді мақтан етеміз.
  2. Қазақстан Республикасы … Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді.
Отан, туған жер туралы мақал –мәтелдер сайысы
Мәнерлеп оқу сайысы (әр топтан бір студент шығып ту не елтаңба туралы өлеңді мәнерлеп оқиды):
  1. Қортындылау.
Тест тапсырмалары
-Сендер бүгінгі сабақтан кейін Қазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. КелешектеҚазақстан Республикасының  патриоты болып,  Қазақстанда тұратынымызды, Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіңдеріңді сенімдімін.
VI.Бағалау.
VII. Үй жұмысы: Мәтінді мазмұндау.