Күзгі хаттар

Исқожа А.С.
тәрбиеші
.
Мақсаты: Балаларғакүзтуралыжәнеоныңадамдарғаәсерітуралытүсінікберіпөту.
Өтубарысы: Ойынтүрінде,топтыңқатысуыменболады.
Музыка ойнап, әсембезендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Жүргізуші: Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз. 
Жүргізуші:Сәлеметсіздерме апайлар мен балалар!  Бүгінгі біздің ертеңгіліміз ойын түрінде өтеді. Яғни күздің бір сиқырлы кезеңі сары жапырақтардың жерге түсіп жататын кезеңі.
Жүргізуші:үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
Тентек жел шашып кетіпті
Жүргізуші:Балалар  күзде күн суық болып адамдар қалың киіне бастайды сонымен қатар жапырақтар сарғайып жерге түсіп жататын жыл мезгілдерінің бір кезеңі.
Жүргізуші: — Ал, балалар, балалар, 
Енді бері қараңдар. 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші. 
Әуелі жұмбақ жасырам, 
Қулығымды асырам. 
Таба алсаңдар шешімін, 
Қонағымды дәл ортаға шақырам. 
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын, 
Қамбаға астық толатын. 
Қызыл қырман ойнайтын, 
Қай мезгілде ойлайсың? 
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? 
(Балалардың жауабы). 
Өтежақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық! 
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). 
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар! 
Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге. Өрік, алмұрт,шие,жүзім, тәтті алма! 
Оған достым таң қалма! сиқырлы«Күзгі хаттар» ала келдім.! 
Жүргізуші: Олай болса балалар алдымен жапырақты аламыз жапырақтың артында тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды орындау  арқылы ертеңгілімізді жалғастырамыз. жапырақтарды да тазарта алады екенбіз.
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Күзгі хаттарыңызды көрейік.Отырыңыз жайғасып! Ән шырқайық бәріміз.
«Алтын күз» өлеңі.
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар. 

Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар. (Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»). 
Ойынның барысы:аяққа галош киіп,тырнауышпен ,күрекпен жапырақ жинау.
Жүргізуші: Мәссаған мына жердің жапыраққа толысын – ай. Балалар осы жердің жапырақтарын маған жыйнасуға көмектесіздерме?
Балалариә деп жауапқайтарады.
Ал балаларкімшығадыалғашқыжапырақтыалыпойындыкімбастайды.
   Жүргізуші: Балаларшаршағанболарсыңдарсергітусәтінжасапалайық.
         с е р г і т у с ә т і.
Қоюланыптағыбұлт
Жаудыжаңбырсебелеп.
Жапырақтыжамылып
Жата қалдыкөбелек.
Жүргізуші. Шаршағанымыздыбасыпалдық. Ендібалаларжарысқатүсесіздер. Сіздергежапырақтың  бейнесібейнеленгенмозайкаларберіледі. Осы мозайкалардыкімжылдамқұрыпшықсасолжеңімпазболады. Ал, кеттік. Сіздерге 15 минут беріледі.
Жүргізуші: Бәрекелдібалаларсіздерөтеақылдыжәнежылдамбалаларекендеріңіздікөрсеттіңіздер. Жарайсыңдар.
Алтын күз: Өте жақсы шапшаң,ақылдысыңдар, рахмет, балалар! Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар. 
Көрініс: «Бақшада»   
Қимылды ойын.«Жапырақтан жапыраққа жету.»
Мақсаты: Жапырақтан жапыраққа секіріп  өз орнына адаспай жету.
Жүргізуші: Балалар күзде не жауады? Жаңбыр
Дұрыс айтасыңдар, ал енді «Жамбыр» өленің Алтын күзге сыйлайық.
Алтын күз: Керемет! Қандайәдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сауболып тұрыңдар! Келесі кездескенше! 
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күзшығып кетеді). 
Жүргізуші: Алтын күздіңсыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сауболыңыздар!» дейотырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 
Ж: Жарайсыңдар балалар сіздер алғыр екенсіздер. Мен сіздерге қуаныштымын. Ойынға бар ынталарыңызбен қатысқандарыңызға рахмет.
Құрметті апайлар және балалар бүгінгі ертеңгілігіміз  аяқталды. Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!