Өмір – шексіз керуен!

Ахметова С.С.
.
.
Мақсаты: студенттерді адамгершілік құндұлықтарының мәнін аша білуге үйрете отырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді құрмет тұтуға баулу.
Көрнекілігі: кештің тақырыбын ашатын керуендер бейнесі, плакаттар, нақыл сөздер.
1 жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті кеш қонақтары!
 
2 жүргізуші:
Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей ағып жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді біреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып өз жолын таба алмай жатады.
1 жүргізуші:
Өмір – өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,
Сондықтан да, өз-өзіңе абай бол
Өмір сені сонда ғана шыңдайды, — деп ақындар жырлағандай, Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнанды тауып ағу сенің басты мақсатың. Өмірдің мақсаты жүзу емес, өз жағаңды табу.
Олай болса, бүгінгі тәрбиелік шарамызды терең рухани, адами құндылықтарға сүйене отырып, өмір кереуеннің мән-мазмұнын айқындай түссін деген мақсатпен «Өмір – шексіз керуен» деп атауды жөн көрдік.
2 жүргізуші:
Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым,
Өмір деген қымбат екен, достарым
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным
Өмір менің сарқылмайтын дастаным
1 жүргізуші:
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам
Ойлауменен өтед ылғи оңашам
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан!
2 жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер, «Өмір – шексіз керуен» атты тәрбиелік мәні бар кешімізге хош келдіңіздер! Сіздерді біздің кешіміздің құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.
1 жүргізуші:
Өмір – Тәңіріміздің адамзатқа берген сыйы. Өмір – сынақ. Өмірде әркім өзінің жолын табуға талпынып, жетістіктерге жетуді армандайды.
2 жүргізуші:
Адам болу – қасиетті атақ. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты адам болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.
1 жүргізуші:
Халқымыз қайырымды – мейірімді жанды «адамгершілігі мол» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан деген.
2 жүргізуші:
Адамгершілік құндылықтары мен адами қасиеттерін бойларына сіңіріп, өзін солай болуым керек деп тәрбиелеу арқылы, өмірде қай жерден болмасын өзіне орын таба білген құрметті қонақтарымызға сұрақтар қойып сөз берейік.
  1. «Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету» деген екен Аристотель. Олай болса, құрметті ***, өмірге сіздің көзқарасыңыз қандай?
  2. Жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?
  3. Өмірде қиыншылықтарды жеңу үшін не істеу керек?
  4. «Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс» дейді Белинский. Осы қанатты сөзге сүйене отырып, ***, тәрбие жөнінде сөз қозғасаныз.
  5. Сіздердің кездеріңіздегі жастар мен қазіргі таңдағы жастардың өмірдің қиныншылықтарына деген көзқарасының айрмашылығы бар ма? Қалай ойласыз?
  6. Зорлық зомбылықсыз балалық шақ дененіміз не?
  7. Талаптыға нұр жауар дегеннің мағынасын түсіндіріп берінізші.
  8. Күйзеліс жағдайда адам өз-өзіне қалай көмек бере алады?
  9. Сіздің өміріңізде қатты қиналып кеткен жағдайда, сол сәтсіздіктерді қалай жеңдіңіз?
1 жүргізуші:
«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.» — деп еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  айтқандай.
«Мен де бір перзентімін маң даланың,
Қазақтың қара сөзі – қанбағаным.
Анамның аппақ сүтін ішкендіктен,
Адамның адал жолын тандағаным»
Сондықтан ата-ананы сыйлау ең үлкен адамгершілік қасиетке жатады.
Ән _________________________________________________________
Орындайтын ________________________________________________
2 жүргізуші:
Өмір жолы жеңілдіктен ғана тұрмайды, оның тәтті сәттері мен қиын кездері болады. Адам өмірінде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады.
Өмірге келген нәресте бірден қалыптаспайды. Ол ер жете келе өз орнын табуға ұмтылады. Адамның қалыптасуы мен кәмелетке жетуі, өмірге араласуы әр түрлі кезеңдерден тұрады. Соның ішіндегі ең қымбаттысы – балалық шақ пен жастық шақ.
1 жүргізуші:
Бұл уақытта адам алдына мақсат қойып, өмірден үйренуге тырысады. Көп білсем екен, көп көрсем екен деп талпынады.
 2 жүргізуші:
Айтып өткендей өмірде жеңіске жету оңай келмейді. Сондықтан адам бойында сабырлық, шыдымдылық қасиеттері болуы қажет. «Сабыр» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер, құрметті студенттер?
1 жүргізуші:
Сабыр – шыдамдылық көрсету, ауыр жағдайларда табандылық танытып, өзімізді жоғалтып алмауымыз үшін орынсыз сөздерден, әрекеттен тыйылу.
Сабырлы жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа – демекші, сабыр – мұсылманның қаруы. Сондықтан оны уақыты келгенде қолдану керек.
(Студенттерге сөз беру.)
 
2 жүргізуші:
Ортаға ОП 27 тобының студенті *** шақырайық.
Көркем сөз: «Өмір – шексіз керуен»
Өмірімде ешқашанда бір болмаған,
Күйге енемін өмірді ойлап мың толғанам.
Бұл фәниге кімдер келіп кім кетпеген,
Заңдылық бар қандай-дағы тың орнаған?!
Өмір шексіз, шегі болмас көп керуен,
Жалықпайсың одан қалмай тек еруден.
Тәлкегіне тап болсаң да сұм тағдырдың,
Бас тарта алмас оны ешкім өткеруден.
Кей адамдар өмірді өлшеп білсем дейді,
Өмірдің тек жақсы жағын көрсем дейді.
Өмірді өлшеу, түсіну мүмкін емес- Өмір- шексіз,
ал шексіздік өлшенбейді.
Белгілі бір заңы бардай тіршіліктің,
Бәз біреулер өмір сүрер құлшынып мың.
Ал, басқасы талқысына ұшыраған,
Тағдырына айтатындай күрсініп мұң.
Өмір тұрар: атар таң мен батар кештен,
Айнымайды керуеннен қатар көшкен.
Кейбіреуге тағдыр тартса қиындығын,
Ал біреуге қуаныштың лебін ескен.
Өмір-өзен тоқтаусыз ағып жатқан,
Түскендерге міндетін тағып жатқан.
Адамдар көп өз жолын таппаған да,
Ағынында өз арнасын тауып жатқан.
Бұл өмірді тоқтайтындай ете алмайсың,
Сол өмірден асып тағы кете алмайсың.
Өз тұсыңда өміріңді бас салмасаң,
Өтіп кетсе қусаң да жете алмайсың.
Өмір қысқа, бағамдағай өтуін тек,
Айтар ем «ол- біреу ғана» -осы мұң деп.
Өмірге адам болып келгеннен соң,
Өмірден адам болып өту міндет!
                                                         ***
2 жүргізуші:
Құрметті қонақтарымыз, өлкелең жас ұпраққа  жылы лебіздеріңізді тілеуіңізді сұраймыз.
1 жүргізуші:
Келесі сөз кезегін колледж директоры *** беріледі.
Сахнаға *** шақырайық! *** орындауында керемет әнді қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші:
Адамға ұят, иман, сабыр – қазық,
Қанағат, рақым, шапағат – өмірге азық.
Ақыл, ой-ар, намыстың күзетшісі,
Бұған сенсең кетпейсің жолдан азып – деп отырып «Өмір шексіз керуен» атты кешімізді аяқтаймыз.
1 жүргізуші:
Сіздердің әрбір күндеріңіз шаттыққа, қуанышқа толсын! Әлемнің бар жақсылығын, асылын, ізгілігін тілейміз!