«Ұлы дала ұландары» тақырыбында туристік өлкетану сайыс сабағы

Жумагалиева Гульмира Аскаровна

Дене шынықтыру пəні мұғалімі

.

.

Жалпы мақсат:

1. Туристік мүмкіншіліктерімен студенттерді таныстыру. Туристік жарыс бағдарламасы бойынша, әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің рухани дүние танымын байытады.

2.Жарыс барысында қоршаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу.  

3.Студенттердің  арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдері ұштасады.

 Оқу нәтижесі

Студенттердің білімдері жинақталады, тақырыпқа қызығушылығы артады. Өлкенің тарихи-мәдени мұраларымен танысады. Спароттық ойындарға бейімделеді. Ұлттық ойындарды жаңғыртады.

Түйінді идеялар:

  Топта жұмыс жасай алатын, өзара іс-әрекет нәтижесінде білімдері дамыған, таныстырылымды көре отырып  өлкенің мәдени мұрасын, ұлттық ойынын жетік меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі

География және дене тәрбиесі пәндерінің кіріктірілген демонстрациялық сабақ

Сабақта қолданылатын материалдар:

Туристік құрал-жабдықтар (карабиндер, белдеу(обвязка), жюмор, мұртшалар, рюкзактар, жіптер(40м)), спорттық құрал-жабдықтар(), Маркерлер, А4 қағаз, стикерлер,  скотч, қайшы, смайликтер, түрлі-түсті қағаздар.Пәндер бойынша қажетті оқулықтар

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Бағалау

АКТ қолдану

Жарыстыру

1. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

 

 

 

Уақыты Тренердің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

1.     Топтарды түгендеу

2.     Студенттердің дайындығын тексеру

1.     Топтар түгеднледі

Жарысқа дайын тұрады.

 

 

4 минут

Сергіту сәті:

Оқытушы студенттермен шеңбер құрып тұрады, сергіту өлеңін оқи тұрып жаттығу жасайды

Студенттер оқытушының іс-әрекетін бірге қайталайды.

5 минут

Оқытушы студенттерге сабақтың барысымен таныстырады, жарыс кезеңдерін атап өтеді:

1-кезең –Таныстыру

2-кезең – Өткелдерден өт

3-кезең – Досыма көмек беремін

4-кезең – Бәріміз біргеміз

5-кезең –Сөз жұмбақ

6-кезең – Бестемше

Студенттер  оқытушыны мұқият тыңдап, жарысқа дайындалады.

1-топ

2-топ

3-топ

5  минут

Әр топқа 1-кезеңді бастауға кезек береді

Студенттерден құралған әр команда өз топтарын таныстырады

Әр топ бағаланады 

 10  минут

2-кезеңге кезек беріледі,бұл кезең байлаулы тұрған арқанның көмегімен турист өзінің керекті заттарын жинап, бір жаққа өткізу қажет. Туристтің құралды жиналғаннан кейін, сұрақ болады, әр топ сол сұраққа жауап береді.

1-топтың сұрағы: Тарас Шевченко деген кім? Біздің өлкеге қандай қатысы бар? Тарас Шевченко атында нелер бар?

2-топтың сұрағы: Иса-Досан ескерткіші қай жылы орнатылды және өлкемізде орнатылу себебі?

3-топтың сұрағы: өлкемізге қарасты тарихи-мәдени орындарды ата және «тарихи-мәдени» деп аталу себебі

1-топ жауап береді: Тарас Шевченко украин халқының жазушысы, біздің өлкедеайдауда болған, осы өлкеде аудауда болған. Өлкемізде өмір сүрген жылдары көптеген өлеңдер шығарып, қалдырып кеткен. Тарас Шевченко атында мұражай және ескерткіш бар. Мұражайда Т.Шевченконың тұрмыс заттары, кітаптары, барлық қолданған дүниелері сақталған. Және орталық саябақта мұражайға қарама-қарсы тұста ескерткіші орнатылған.

2-топтың жауабы: Иса-Досан ескерткішінің орнатылу себебі: 1870 жылы шаруалар көтерілісі, шығу себебі салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті

3-топтың жауабы: 1. Захар бақша, 2. Тамшалы, 3. Шүйелі, 4. Жұмбақ тас,

Компьютер

Слайд

Қазылар алқасы бағалайды

7  минут

3-кезең  — Досыма көмек беремін кезеңін оқытушы түсіндіріп өтеді. Шарты: жарақаттанған туристке алғашқы көмек көрсету қажет

Студенттер жарақаттанған туристке алғашқы көмек көрсетеді                   

Қазылар алқасы жауаптарына қарай топтарды бағалайды

10  минут

4-кезең «Бәріміз біргеміз» кезеңінің шартын студентерге оқытушылар түсіндіреді.

4-кезең «Бәріміз біргеміз». Кезеңінің шарттарын орындайды

Қазылар алқасы жауаптарына қарай топтарды бағалайды

15  минут

5-кезең «Сөз жұмбақ». Бұл кезеңде оқытушылар студенттерге  шарттарды түсіндіреді. Шарттары: киындықтардан өте келіп,сөз жұмбақты шешу керек.

Студенттер сөз жұмбақты шешеді.

Қазылар алқасы жауаптарына қарай топтарды бағалайды

15  минут

Соңғы кезеңде «Бестемше» ойынын ойнатады.

Студенттер бір-бірімен «Бестемше» ойынын ойнайды

Қазылар алқасы жауаптарына қарай топтарды бағалайды

5 минут

Қазылар алқасының қорытынды бағаларымен студенттерден құралған командаларды марапаттайды

Әр топ өздерінің топтарының бағаларын естіп, марапатталады.

Диплом қағаздарымен марапатталады.