«Ұлы дала жастары» атты сайысы

Досмаганбетов Сайлау Женисович

Қоғамдық пәндердің оқытушысы

.

.

Жүргізушілер фанфармен ортаға шығады.                                                                                                                                                                                                 

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Қостанай гуманитарлық колледжі мекемесіндегі жалпы білім беретін цикілдік комиссиясының апталық қорытындысы «Ұлы дала жастары»атты сайысына   хош келіпсіздер.

Мақсаты.Қыз-жігіттеріміздін бойындағы әдемілік,сыпайылық,серілік қасиеттерін дәлелдеп,өзгелерге үлгі ету,қоғамға жағымсыз қасиеттерден арылып,мәдениеттілікке тәрбиелеу,ұлттық өнерді жастарымыздың бойына сіңіру,беймәлім тұстарын үйрету және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру,студенттердін бос уақытын тиімді өткізуге ықпалдасу,жастар арасында Отансүйгіштік қасиетін дарыту,еліміздің патриоты болуға шақыру.                                                                                                                                                                                                            

Бүгінгі іс-шарамыздын бұлай деп аталуы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға.                                                                                                                

Жиналыппыз   сәтті күні бәрімізде, 
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де. 
Төрлетіңдер, қадірменді ағайын
Гүл-гүл жайнап біздің, мына, төрімізге деп, 
бүгінгі сайысымызға қатысатын жастарымызды   қошемет пен ортаға шақырайық.

1-жүргізуші.1-МДТ-21 тобынын намысын қорғайтын:  Бегалы Салтанат.

2-жүргізуші.1НОБ-10 тобынын намысын қорғайтын: Жауынбай Азат.

1-жүргізуші. 2МДТ-18 тобынын намысын қорғайтын:Тайпакова Карина

2-жүргізуші.2НОБ-10 тобынын намысын қорғайтын:Жұмабаев Аслан

1-жүргізуші. 2МДТ-24 тобынын намысын қорғайтын:Базарбай Мәдина

 2-Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, —
демекші, кез — келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара — жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.                                                                                                                                                                                                               

1-жүргізуші. 1.Жангужина Зәуреш Мейрамовна -директордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2-жүргізуші. 2.Кенжесариева Фариза Ариповна –педагогика пәнінің оқытушысы

1-жүргізуші..3.Жукеева Динара Болатбековна арнайы пәндер оқытушысы.мектепке дейіңгі тәрбие және оқыту мамандығында.
(Құрамы   3- адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)

 2-жүргізуші. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, сән үлгісі киіміне, жүріс-тұрысы тәртібіне де қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.Бағалау  10 балға дейінгі  жүйеде.

1-жүргізуші. Бұл сайыс барысында қатысушы қыз — жігіттер сайыс шарттарын орындауы тиіс, өз бойындағы өнерін, тапқырлығын, шешендігін көрсете білген ғ ана сайыс жеңімспазы бола алады. атағын жеңіп алады.
2-Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, .
Енді, мына  кезек номерлеріңізді анықтаймыз.
Жастарымыздың  реттік номерін білу үшін ортаға жеребе алуға  шақырамыз
1-жүргізуші. Номерімізді анықтап алдық, ендеше, сахана ішіне жайғасуларыңызға болады.
Сайыс бөлімдері .

1-жүргізуші: Бірінші- «Өзімнің өмірдегі –дерегім».Таныстыру сайысы.    Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің оқитын оқу орны мен тобын қызықты етіп таныстырады.Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі (қатысушы ән айту,өлең оқу, т.б.өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады,презентация жасау,міндетті түрде) және ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы тиіс.   2-жүргізуші:Екінші «Білікті маман-Ел тірегі».Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде қатысушының білім деңгейін,кәсіптік біліктілігін,ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.Ситуациялық тапсырма:мамандығына байланысты.

1-жүргізуші: Үшінші. «Білікті бірді ,білімді мыңды жығады».Білім сынау.Жан-жақты оқушы.Сұрақ-жауап (7 сұрақ әр түрлі пәндерден 3 минут).

2-жүргізуші:Төртінші. «Өнерлінің өрісі кең».Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін,өнерге бейімділігін ашу.Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы,би билеуі,көркем сөз оқуы,юмор немесе ерекше жанрлары арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).

Қойылатын талаптар:     

-Тіл тазалығы;   

-Дикцияның айшықтығы;  

-Өлең мазмұнын түсіне білуі.

1-жүргізуші: Бесінші. «Мамандығым-мақтанышым»   «Менің ата-анамның мамандығы» эссе презентация арқылы көрсетесіз. жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсетесіз.

2-жүргізуші: 2019жылдың  23 қаңтарын да Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті

 Іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметкерлер және т.б. қаттысты.

2-жүргізуші

Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,                                                                                                                                                                                 

Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
Әр жас  өздерін таныстырады

Ескеріледі:- Мазмұны
— Көрерменге әсер етуі
— Орындау шеберлігі
— эмоционалдығы

1-жүргізуші.1-МДТ-21 тобы:Бегелы Салтанат

 2-жүргізуші.1НОБ-10 тобы: Жауынбай Азат.

1-жүргізуші. 2МДТ-18 тобы:Тайпақова Карина                                                                                                                                                                                               

2-жүргізуші.2НОБ-10 тобы:Жұмабаев Аслан

1-жүргізуші. 2МДТ-24 тобы:Базарбай Мәдина

1-жүргізуші:жастарымызға рахмет.                                                                                                                                                                                                           

2-жүргізуші: Қоғамдық даму министрлігі Жастар жылының логотипін жариялап  ол логотип  бекітілді 

 

Логотип 23 қаңтарда Астанада өтетін Жастар жылының ресми ашылуына арнайы жасалды. Белгіде жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу кезінде әрбір құс қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады. Сондықтан құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады.

Бұл бастама – жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі. Тырналар мәңгілік жастық, бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістікке бірлескен күш-жігер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізуі

1-жүргізуші: келесі кезеңімізге өтейік  «Білікті маман-Ел тірегі».Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде қатысушының білім деңгейін,кәсіптік біліктілігін,ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.Ситуациялық тапсырма:мамандығына байланысты.

Ситуациялық тапсырма «Негізгі орта білім» мамандығына.

  1. Сіз бүгін қандай да бір жағдайлармен сабаққа дайын емессіз. Сабаққа келсеңіз кісі қатысып отыр. Не істейсіз, жағдаяттан қалай шығасыз?
  2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

Ситуациялық тапсырма «Мектепке дейіңгі тәрбие және оқыту» мамандығына

  1. Сізге бір ата — ана баласының киімі жоғалғанын айтып, қатты ашулы келді, басшыларға шағымданбақ екен. Баламның киімі жоғалмаған, осы бала-бақшада ұрланған, ол қымбат киім»,- деп сізді сөйлетер емес.. Сіздің әрекетіңіз

2.Ауданнан кенет білім бөлімдерінің өкілдері үнсіз келген екен. Олар сіздің топқа кіріп келсе, балалар саны — 12. Ал сырттағы тақтада «Топта 25 бала бар» деп жазылған. Сіз қалай жол табасыз?

3.Меңгеруші балабақшадағы сіздің бір сабағыңызға кіріп келді. Ол кезде сіз бос отырсыз, ал балалар ойнап жүр. Сізден бүгінгі сабақ жоспарыңызды сұрап, сабағыңызға қатысатынын айтты. Сіздің іс-әрекетіңіз. 
1-жүргізуші.1-МДТ-21 тобы: Бегелы Салтанат.

2-жүргізуші.1НОБ-10 тобы: Жауынбай Азат.                  

1-жүргізуші. 2МДТ-18 тобы Тайпакова Карина                                                                                                                                                                                               

2-жүргізуші.2НОБ-10 тобы:Жұмабаев Аслан

1-жүргізуші. 2МДТ-24 тобы:Базарбай Мәдина

2-жүргізуші:жастарымызға рахмет. Қазымбекова  А мен Шағалин Исламның   орындауында « Бір үйдін баласы  »атты  әнін қабыл алыңыздар

1-жұргізуші.Рахмет.  

 Сайыскерлер, білімге қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар                                                                                                                                                                                    

Келесі үшінші  сайысымыз:    «Білікті бірді ,білімді мыңды жығады».Білім сынау.Жан-жақты оқушы.Сұрақ-жауап (10сұрақ әр түрлі пәндерден 2-3 минут).

1-жүргізуші.1-МДТ-21 тобы: Бегалы Салтанат.

2-жүргізуші.1НОБ-10 тобы: Жауынбай Азат.

1-жүргізуші. 2МДТ-18 тобы:Тайпакова Карина

2-жүргізуші.2НОБ-10 тобы:Жұмабаев Аслан

1-жүргізуші. 2МДТ-24 тобы:Базарбай Мәдина

1-Тапсырма

  1. Бес арысты атаңыз 2. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн  3. Елбасымыздың  мамандығы  4.Қандай ыдыстарға су құйылмайды? 5. Аюдың баласы
     2-Тапсырма.
  2. Тарихтың атасы   2. Қазақтың соңғы ханы 3. Адамның қай жеріне нан піседі? 4. Жеті жарғыны жазған кім?
  3. Математикада неше амал бар
    3-Тапсырма.
  4. Үш бәйтеректі атаңыз 2. Көп түкірсе не болад? 3. Қазақтың ән өнерін алғаш шетелге танытқан әнші кім?
  5. Қазақтың тұңғыш би өнерін дамытушы кім? 5.Теңізде қандай тастар табылмайды?                                                                                                                  4-Тапсырма.
  6. «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар! Кімнің сөзі? 2.Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді?
  7. Суда өседі тамыры жоқ 4.Сөйлем неден құралады 5. Дүние жүзіндегі халық саны ең көп мемлекет

5-Тапсырма.

  1. А.Байтұрсыновтың жазған оқу құралы 2. Жылқының сүті 3. «26» неше таңбалы сан  4.Әкемнің әкесі маған
    5. Жыл мезгілдері нешеу
      6-Тапсырма.
  2. «Мен қазақпын» поэмасының авторы: 2. «Алтын адам» қайдан табылды? 3. Қ. Р — ның туының авторы  4. Тасқа салынған сурет5. Қазақтың тұңғыш суретшісі:
     7-Тапсырма.
  3. Ж. Жабаевтың ұстазы 2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 3. Қазақтың 3 биі: 4. Исатайдың ақын досы:5. Абылай тұсындағы атақты жырау:
    2-жұргізуші.Рахмет

Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген.

— сары түс – позитив энергетиканы, мерекені, күннің нұрын,

-көгілдір түс – кеңшілікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді.

— Көк түс – рухани тазалық мен кемелдікті,

-қызғылт-сары түс – тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы.

2-жүргізуші: келесі кезеңімізге көшейік.  Төртінші. «Өнерлінің өрісі кең».Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін,өнерге бейімділігін ашу.Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы,би билеуі,көркем сөз оқуы,юмор немесе ерекше жанрлары арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).

Қойылатын талаптар:                                                                                                                                                                                                                                            

-Тіл тазалығы;                                                         

 -Дикцияның айшықтығы;                                                                                                           

-Өлең мазмұнын түсіне білуі.

1-жүргізуші.1-МДТ-21 тобы:Бегалы Салтанат.

2-жүргізуші.1НОБ-10 тобы: Жауынбай Азат.

1-жүргізуші. 2МДТ-18 тобы:Тайпақова Карина

2-жүргізуші.2НОБ-10 тобы:Жұмабаев Аслан

 1-жүргізуші. 2МДТ-24 тобы:Базарбай Мәдина

1-жүргізуші: Жастар үшін ең басты түйткіл – білім алу және жұмыспен қамтылу, одан кейін баспаналы болу. Егер осы үш мәселе шешімін тапса, жас маман тиянақты, сапалы жұмыс істей алады. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек.

Кезекті бесінші сайысымыз. «Мамандығым-мақтанышым»   «Менің ата-анамның мамандығы» эссе презентация арқылы көрсетесіз. жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсетесіз.

1-жүргізуші.1-МДТ-21 тобы:Бегалы Салтанат

2-жүргізуші.1НОБ-10 тобы: Жауынбай Азат.

1-жүргізуші. 2МДТ-18 тобы:Тайпакова Карина

Қорытынды:

Бойларыңда от бар екен байқадық

,Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

,Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

«Қандай сынақ болсадағы беріспе

.«Әрқашанда үміткер бол жеңіске!» деп сайысымызды аяқтаймыз.
2 жүргізуші Құрметті көрермендер «Ұлы дала жастары»атты сайысын қорытындылау үшін сөз кезегін Әділ қазылар алқасына береміз.Жеңімпаз жастарды марапаттау.

 1-орын:2НОБ-10 тобы:Жұмабаев Аслан

 2-орын:2МДТ-18 тобы:Тайпакова Карина

 3-орын:2МДТ-24 тобы:Базарбай Мәдина

         

1- жүргізуші.Тамашалағандарыңызға рахмет, сау — саламат  болыңыздар.