Мұқағали Мақатаев «Қайран Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға жүрек» поэмасы.

Сагынбекова Айзат Жаксылыковна
.
.
Сабақтың мақсаты:  Мұқағали  Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен  таныстыра отырып, ақынның бар болмысын ашу. Ақынның шығармаларының өміршеңдігін дәлелдеу,өлеңдердің тақырыбы мен идеясын ашу,талдау жасау.
Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, мәнерлеп оқу қабілеттерін жетілдіру, шығармашылығын оқуға,  талдауға ,мазмұнын ашуға үйрету.
Тәрбиелік: Ақын өлеңдері арқылы патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.                                                Өнерді, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу. Өлеңді  мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: үлестірмелі парақтар, видео фильмдер мен үн таспа, арнайы дайындалған презентация.
Сабақтың түрі: Таным сабағы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,музыка, тарих,
Сабақтың  әдісі:  әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап,  мәнерлеп оқу, жатқа айту, өлеңді  талдау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі :Бүгінгі  ашық сабағымызға колледж ұстаздары қатысып отыр, сондықтан өздеріңнің білімдерің мен өнегелі тәрбиелеріңді көрсетеді деп сенемін.
Сабағымызды үй тапсырмасын сұраудан бастаймыз.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Балалар жақсы дайындалып келіпсіңдер, олай болса жаңа сабағымызды бастаймыз.
Сабағымыздың  тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Қайран Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға жүрек» поэмасы.
        -Сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
         -Дұрыс ,сабағымыздың мақсаты ақынның өмірімен танысып, шығармашылығын оқу  арқылы Мұқағали ақынның  бар- болмысын, бейнесін ашу болып табылады.
Енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен  сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
 Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, -деп жырлаған  Ұлы тұлға, Ұлы ақын Мұқағали  Мақатаевтың  көзі тірі болса, биыл 86 жасқа толған болар еді.
Бірақ ,өкінішке орай көзінің тірісінде өмір тауқыметін көп көріп, өмірде  өзіне деген  лайықты бағасын ала алмаған ,өзінің көзі кеткеннен кейін келешек ұрпақтың  өзінің өлеңдерін сүйіп оқитынына көзі жеткен ақын.Олай болса экранға назар аударайық. Әдеттегідей сабағымызды ақын туралы бейнебаянмен бастаймыз. Бейнебаянды мұқият тыңдап,көреміз. Содан кейін  тапсырмалар орындаймыз. /Бейнебаян/ 
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы хронологиялық кесте толтырыңдар. 
1-топ: Ақынның  өмір жолы
Мұқағали  Мақатаев  1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты — Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(«Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?»). деп жазады ақын.   Мұқағалидің әкесі 1941ж  Калиниград майданында қаза    табады. Ауылда  жүріп үйленеді. Әйелінің аты –Лашын. Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар атты балалары  бар. Ақынның шығармашылығы:
1948 —  ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті атанады ;
1949 — көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 — «Советтік шекара» газеті — ақынның «Қырман  басында», «Қойшы бала — Әкітай» деген өлеңдірін  жариялады;
1950 — Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 — Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі «Әдебиет және искусство» журналында жарияланды;
1957 — Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 — «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 — «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді;
II-Топ:  Ақынның   шығармалары
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.),
“Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.),
“Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар.
 Мұқағали  аудармалары: Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы ; [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971) жарық көрді . 8 жыр жинағы : [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді
«Ару –ана», «Аққулар ұйықтағанда», «Жан азасы » «Райымбек, Райымбек », «Отаным саған айтамын », «Қашқын» «Моцарт» т.б поэма- толғаулары,  жыр-жинақтары бар. «Қош махаббат»  атты прозалық кітабы бар.
650-ден астам лирикалық өлеңдері бар.
III-топ. (ақынның еңбек нәтижесі  туралы)
Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді:Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалды;
Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылды.
Ақын  қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы  Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985),
Ақынға  ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді.
60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жері Қарасазда  мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар.
1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды .