«Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесуге болады?» психологиялық тренинг

Кунтубаева Актолкын Мирзакимовна
Педагог — психолог
.
.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Жапон әліппесі»  жаттығуы
2. Баяндама. «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы кедергілерді
жеңуге қалай көмектесуге болады?»
  1. Сіз қандай жұмысшысыз?
    4. «Кочка» ойыны
  2. «Жалған қарапайымдылықсыз» жаттығу
    6. Рефлексия: «Жылы алақан» жаттығуы
Тренинг барысы:
  1. 1. «Жапон әліппесі»  жаттығуы
А – ка       З – з             П – но      Ц – ми        Б – зу       
И – ки       Р – ши         Ч – кэ       В – ру        К – мэ  
С – ари     Ш,Щ – хи    Г  — жи     Л – та         Т — чи                 
Ь,Ъ,Ы – зук                   Д – тэ      М – рин      У – до            
Э – мэй     Е – ку          Н – то      Ф – лу        Ю – фу
Ж – су       О – мо         Х – ри       Я – на
    Осы әліппе арқылы өздеріңіздің есімдеріңізге жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуларыңыз  керек. Мысалы:  сабырлы Ақтолқын деген жапон тілінде  ариказузукшитазук Камэчимотамэзукто
  1. Баяндама. «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесуге болады?»
Ə.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – білім ордасы  жəне оның мұғалімі.
Атақты педагог-ғалым  В.А. Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның  күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық  шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.
   Бүгінгі уақыт, қоғам, білім мекемелеріндегі басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындатып, өз алған білімдерін кез келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.
   Сындарлы оқытудың идеяларын іске асыру жолында ең алдымен ұстаз өз дүниетанымына өзгеріс енгізіп, содан кейін барып оқушылардың дүниетанымына өзгеріс енгізумен айналысуы керек. Қазіргі уақытта білім берумен оқытудың әдістері мұғалімдердің тәжірибесімен өзара тығыз байланыста. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңаша идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
    Мұғалімнің өзіндік кәсіби дамуында  кері байланыс, кәсіби рефлексия- манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу, білім беру саласында мұғалім  жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
    Психология саласынан мұғалімнің өз ісіне рефлексия жүргізуін қарастыратын болсақ,  «Мұғалім ұстанымына» назар аударайық. Психологтар «ұстаным»  ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Басқаша айтқанда, мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастырады, өз ісіндегі  іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады  және ой-тоқтамдар арқылы шешім қабылдап, іс-әрекет атқарады
Бұл жерде мұғалімнің  іс-әрекеті — сабақ үдерісі.
    Әрбір сабақтан кейін мұғалім өз-өзіне рефлексия жасай отырып, өз білімдері мен ұстанымы жайында ойланып, өз-өзіне сұрақ қойып, білімін, тәжірибесін толықтырып, түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.  Біз  өзіндік дамуымызда  өз шеберлік деңгейіміздің  қаншалықты екенін саралай білуіміз қажет, соның арқасында тәжірибе жинақтап, өзгереміз.
    Қазіргі уақыттағы педагог  әрбір сабақтан кейін «Өз сабағымда неге жеттім? немесе жете алмадым» , «Не ойдағыдай өтті? немесе өтпеді?», «Неліктен сабақтың бұл қадамы орындалған жоқ?» деген сұрақтарды үнемі қойып, ізденіп, басқа сөзбен айтқанда, біз үнемі өз жұмысымызға рефлексия жасауымыз керек.
    Рефлексия сөзінің мәнің ашатын болсақ- (латын сөзінен «reflexio- өткенге жүгіну») — субъектінің назарын өзіне, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.
   Мұғалімнің өзіндік кәсіби дамуында  ол «Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?», «Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?», «Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?» , «Оқу үрдісінде өзгеріс әкелу үшін мен не істедім, қандай үлес қостым?» деген сұрақтарды  үнемі қоя отырып, біз әрқашан жауап іздеуіміз қажет және кәсіби  рефлексия жүргізе білуіміз  керек деп ойлаймын.
    Бүгінгі «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесуге болады?»   тақырыбындағы баяндамамдағы  ойымды қорыта келе  бүгінгі заман талабы-білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, ұстаздың  мақсаты- өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Өзгеріс енгізу — өз жұмысымыз жайлы ойлану, мониторинг жасау, саралау, зерттеу, кәсіби біліктілігімізді арттыру, қысқаша айтқанда біз өмір бойы оқуымыз керек, білім алуымыз керек, себебі ұстаз  өз  оқуын тоқтатса оның ұстаздығы да  жойылады дегім келеді.
  1. Сіз қандай жұмысшысыз?
    Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз осы суретті аяқтау, оның сыртқы келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жағдай жасаңыз.
    Бұл тесте жылқы өзіңіз. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
Жауабы: -Егер сіз жылқының сырт келбетін басты назарға алсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз) онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз.
Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, ауызын, кекілін салсаңыз) онда сіздің жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер басым.
Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, сіз жұмысыңызға өте жауапкершілікпен қарайтын, әр-бір іс әрекетіңізді бақылап, қадағалап отыратын мамансыз, бірақ сіздің жаныңызда жұмыс істеу басқалар үшін қиың болып табылады.
  1. «Кочка» ойыны
  Біз көптеген курстарға,семинарларға және т.б. жерлерге барып қатысып жүреміз. Кейде біз өзімізге нақты керекті ұсақ-түйек заттарға көңіл бөле бермейміз, осы кішкентай ұсақ заттарға көңіл бөліп назар аудармағандықтан бізде үлкен түйіндер пайда болып жатады және осы түйіндердің дұрыс шешімін таппай жатамыз.Соның бәрі ұсақ, кішкентай заттарға және назар мен назар аударуға, көңіл бөлуге  байланысты екен.
  Мен қазір сіздерге ойынды түсіндіремін.Сіздерден сұралатыны сіздерге көрсеткенімді мұқият қарап содан кейін басынан аяғына дейін қайталап берулеріңізді сұраймын.
Бұл ойын қарапайым және оңай, өте назар аударуды қажет ететін ойын.
  1. «Жалған қарапайымдылықсыз» жаттығу
    Құрал – жабдықтар:А4 қағаз, фломастерлер.
    Біз өзіміз туралы жақсы айтсақ бұл әдіс тамаша табысқа қол жеткізуге көмектеседі. Қиын жағдайларды өткеруге және қиын жұмыстарды соңына дейін жеткізуге көмектеседі. Қазір үйренгіңіз келетін немесе әзірше қолыңыздан келмейтін үш нәрсені ойлап көріңіздер. Осы үш нәрсені Сіз жасай алатыңызды елестетіп көріңіз. Мысалы: «Мен өте жақсы жүземін», «Мен сабақты қызықты өткіземін», «Мен қызықты мақалаларды жазамын» және т.б. Содан кейін осы сөз тіркестерін қағазға үлкен әріптермен жазып, қағаздың шеттеріне рамка салып қойыңыз. Бұл палакаттарды өзіңізбен бірге алып кетесіздер. Оны көрінетін жерге іліп немесе салып қойыңыз. Бұл сөздер шындыққа ұласады және жетістіктерге оңай қол жеткізесіз.
  2. Рефлексия: «Жылы алақан» жаттығуы
  Қазір бір бірімізге қарама қарсы тұрып, біріміз жұдырығымызды түйіп, екіншіміз алақанымызды ашып тұрамыз. Алақанын ашып тұрған кісі жұмулы тұрған жұдырықты жылы сөздер айтып ашуымыз керек.
  Бұдан біздің қарым қатынас этикамыз байқалады. Егер сізге айтылған жылы сөздер  әсер етпесе алақаныңызды ашпаңыз.
  1. Қандай әсер алдыңыздар?
  2. Мен бүгінгі тақырыпты аша алдым ба?
  3. Маған айтар ұсыныстарыңыз?
  4. Естеріңізде не қалды;