Мен жастарға сенемін

Ахметбекова Айжан Уалижановна
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
.
.
     Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты «Мен жастарға сенемін» атты  әдеби кеш
Мақсаты:Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы,поэзия әлеміндегі алатын орны.Ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру.  
 Дамытушылық: Білімгерлер  өз ойын еркін, айта  білуге, алған білімдерін өз бетінше қолдануға, шығармашылықпен іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасау.
    Тәрбиелік: Жастарды туған жерін, елін сүйуге оны  қадірлей білуге,мейрімділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
  Оқытушы;Ахметбекова Айжан Уалижанқызы кешті  ашып  береді.
Қолданатын көрнекі құралдар:Видио слайд
1 — жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен білімгерлер! Бүгінгі ұлы күн бүкіл елімізге әйгілі ақын,  белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевқа арналады.

2 — жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты
« Мен жастарға сенемін» атты өтетін әдеби кешімізге « Қош келдіңіздер!».
Ақынның өмірі жайлы  қысқаша бейне баянға назар аударыңыздар.
1 — жүргізуші:
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында — ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
2 — жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов болатын.
1 — жүргізуші: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.

2 — жүргізуші: Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзі мен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай  тізілген, торғындай үлбірегең  нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”

Білімгер Сейткерім Айдана «Сырым»өлеңімен ортаға шақырайық
1 — жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай — күйіне тәуелді.
Сонымен сіздердің назарларыңызға, Қосаев Нұрхан, «Анама»өлеңімен.
Қапарова Үмітті Мағжан атамыздың Дайдей-дау әнімен қарсы алайық
2 — жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
Слайд «Түркістан»
1- жүргізуші:Борибаева Аружанды «Түркістан» өлеңін оқуға шақырайық
2 — жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға — ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады.
 Жарылқасымова Нұрила«Мен жастарға сенемін» өлеңімен
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!…
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!
 М.Жұматаев туралы видио слайд
1 — жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті»
 Сәрсенова Индира«Қазақ тілі» өлеңімен.

2 — жүргізуші: Ақын жаратылыстың сұлу заттары, яки өнерінің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз… адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”
Кәрібозина Перизаттың орындауында «Көңіл толқыны»күйі
Алдарыңызда Төлебаев Қайсар «Сүй, жан сәулем.»» өлеңімен
Сүй,жан сәулем,тағы да сүй,тағыда
Жылы,тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы,бүкіл дүкіл дүние малына.
Құшақтатып нәзік талды қаным беліңнен,
Сүйгіз ,сәулем тәтті балдай тіліңнен.
Бой шымырлап ,талықсыды жүрегім,
Балқып денем,барам еріп деміңнен.
Кір қойныма,қыпша белің бұралып,
Тарқат шашың,жатсын жібек оралып.
Жаным !Жаным!Тезірек тисін төске төс,
Көз жұмулы,жиі ыстық демалып.
Шашың-қара,денең-ақ бұлт, жүзің-Ай,
Тісің –меруерт,көзің,сәуле,құралай.
Ләззат,рақат,бақыт-бәрі қойныңда,
Сұрамаймын енді ұжмақ-жақсы жай!
Сүй,жан сәулем,тағыда сүй ,тағы да!
Жылы,тәтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін:
Өтпесе түн,атпаса екен таңы да!

1 — жүргізуші: Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.

Алдарыңызда Мағжан Жұмабаевтың өмірінен естелік.Сахналық  көрініс
Қапарова Үміт  «Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып  тағып берейін» өлеңімен
2- жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – «Сағындым». Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
«Түрме» туралы слайд
 Алдарыңызда Мағжан Жұмабаевтың өмірінен естелік.Сахналық  көрініс .Бауыржан Момышұлымен , Мағжан Жұмабаевтың кездесуі.
1 — жүргізуші: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу — маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп — жұмыр жауһар дүние.
Уразгалиева Асем ,Айтқазиева Сымбат,Әбдіқалиев Нұрлыбек өз шығармашылығынан  «Мағжан Жұмабаевқа арнау»өлеңдерін тыңдаңыздар
2 — жүргізуші: Сонымен алдарыңызда  Борибаева Аружан М.Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Бәріненде сен сұлу» өлеңін оқуға шақырамыз
 М.Жұмабаевтың  «Толқын»  өлеңімен ортаға Мейірқұл Жанатты  шақырамыз
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад.
Күңіреніп кеңесіп,
Бітпейтін бір егесіп
Жарысып жарға барысад.
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралап,
Жарға жетер енелеп.
Ерке бала былдырлап,
Сылдыр,сылдыр,сылдырлап,
Толқынды толқын тқуады.
Күміс кәусәр суымен ,
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.
Мөлдіреп көз жасын,
Жасымен жуып жатасын,
Сүйіп сылқ-сылқ күледі.
Жылағаны-күлгені,
Күлгені оның-өлгені,
Жылағаны-күлгені,
Күлгені оның өлгені.
Сылдыр,сылдыр сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Жарыны бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын,тынады.
«Сен сұлу» өлеңімен ортаға Талғат Әйкерімді шақырамыз
Туған жер туралы слайд
Би;Балбырауын(қыздар биі)
 Мағжан Жұмабаев туралы бейнебаян .
1-жүргізуші:
 Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды.«Бәрінен де сен сұлу» , «Туған жер»өлеңі өзіндік халық арасына кең таралған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті.

«Туған жер» әнімен Жайлаубаев Шыңғысты  қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші
Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!
1 — жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше САУ БОЛЫҢЫЗДАР!