«Сиқыршы күз» ертеңгілігі

Бексултанова Динара Сапабековна
Тәрбиеші
.
.
Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой — өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиеші:           Тырна көкте тыраулат,
                              Қош,қош айтты,
                              «Кеттім» — деп  
                               Шөптің  басына  қыраулап,
                              Күзде келіп «жеттім» деп.
Құрметті ата – аналар, балалар,балалар күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілімізді көруге шақырамыз.
Күз кіреді:                    Өздерің аңсай сағынар
Серікжан:                     Шырыны – шәрбат, дәні бал;
                                       Қауын – қарбыз, жүзімнің
                                       Бәрі менен табылар.
Әсемай:                         Алақай,күз келді.
                                       Қарық қып жеміске,
                                       Сарғайды түз, белде.
                                       Толқысын егіс те.
Меруерт:                      Алмұрт алмасы,
                                  Жүзімі өрікпен;
                                 «Біреуін таңдашы» —
                                  Дегендей көрікпен.
Күз:  Тәрбиеші апай менің арманым бар. Сіз,қалай ойлайчыз мен өз арманымды айтсам орындайсыз ба?
Тәрбиеші: Айтып көріңіз.Балалар тыңдайық. Күздің қандай арманы бар екен?
Күз: Мен көптеген мерекелерде болдым: өлең,ән,тақпақтар тыңдадым.Ал мен қазір ерегі көргім келіп тұрғаны. Маған ертегі көрсете аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегілерді білеміз есімізге түсірейікші.
Балалар: «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық», «Алдар көсе мен бай», «Қасқыр мен жеті лақ».
Тәрбиеші: Балалар кұзге қандай ертегі қойып берейік?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісін.
Тәрбиеші: Ал, балалар ендеше ертегіні  бастайық,күздің арманын орындайық.
              Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Ата мен Әже болыпты.
 
 
 
 
Ата
Азат: Кемпірім   бауырсақ пісірші.
Әже
Гүлзира: Жарайды шалым – ау пісірейін.
Қоян
Меруерт:  Сен кімсің? Қандай әдімісің? Исің қандай  әдемі.
Бауырсақ
Әсемай:          Мен бауырсақпын.
Қоян: Дәмді шығарсың мен сені жеймін.
Бауырсақ: Қоян мені жемеші. Мен саған өлең айтып беремін.
                              
                           Әже қойма тырмалап,
                           Екі уыс ұн жинған.
                           Бал қаймаққа былғаған,
                           Пісіріп маймен сылаған.
Тәрбиеші: Қоян не болды?
Қоян:     Бауырсақтан айырылып қалдым қашып кетті.
Тәрбиеші:     Сен ренжіме одан да бізбен бірге көңілінді көтер.
Би:  «Қаражоға»      
Бауырсақ: Әндетіп билеп,жерден жапырақ теріп,қыдырып келе жатса,алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр:      Сен кімсің? Мында не қылып жүрсің?
Бауырсақ:     Қасқыр сен, мені жеме мен саған әдемі өлең айтып беремін.
Қасқыр:      Сен не өлең айта аласың ба?       
Бауырсақ:       Әже қойма тырмалап,
                           Екі уыс ұн жинған.
                           Бал қаймаққа былғаған,
                           Пісіріп маймен сылаған.
Қасқыр : Аузын ашып, тұрып қалады.
Қасқыр: Ызаланып   аспанға қарап ұлиды.
Тәрбиеші: Қасқыр сізге не болды?
Қасқыр:  Қарным ашып тұрғаным ашып тұүрғанда, бауырсақ қашып кетті.
 
 
 
Тәрбиеші: Сен ренжімеңіз оданда біздің балалардың биі,тақпақтарын бар соны тамашалаңыз, күз мерекесіне арнап жаттаған.
Қасқыр: Бауырсақ тағы келді ме?
Тәрбиеші: Күтіңіз келеді. Ендеше балаларды өлеңін тыңдайық.
Азат:                  Ой,балалар, балалар,
                           Қоңырқай күз болыпты.
                           Қурап жапырақ солыпты,
                           Ел егін орыпты.
                           Ой, балалар, балалар,
                           Ойнайықта, күлейік,
                           Мәз боп, бірге жүрелік.
Айгерім:            Күз сыны бәрі де,
                            Табиғат дәулеті.
                            Туған жер әрі де
                             Күзбенен сәулетті
Би: «Аттар»
Тәрбиеші: Ой, балалар қандай керемет билейді.
Бауырсақ: Адасып жүріп әндетіп билеп секіріп келе жатса алдынан аю шыға келеді.
Аю: Аені сені танимын.Исің қандай әдемі, түрің пішінің қандай дәмдісн – ау, ә деп жақындағанда бауырсақ секіріп кетеді.
 Бауырсақ: Аю тоқташы мен саған әдемі өлең айтып беремін.
Аю: Қандай өлең?
Бауырсақ:           Әже қойма тырмалап,
                                 Екі уыс ұн жинған.
                                Бал қаймаққа былғаған,
                                Пісіріп маймен сылаған.
Аю: Тоқта,тоқта бауырсақ деп жүгіріп бара жатып, жерге құлап аяғын ауыртып алып жылайды.
Тәрбиеші: Жарайды жылама сен нені жақсы көресің, соны айтшы.
Аю: Мен балды, варенені  жақсы көремін.
 
 
Тәрбиеші: Ал сен кәмпитті жақсы көресің бе?
 
Аю: Әрине егер ол тәтті болса,неге жақсы көрмееймін.
Тәрбиеші: Ал балалар біз аюға кәмпит тасу ойынын ойнайық.
Екі командаға бөлініп,үш баладан алты баланы  себетке кәмпитті тасу  ойынын ойнайық.
Екі командаға өлініп,үш баладан алты баланы себетіне кәмпитті боксшы қолғабымен тасу.
Ойын:  «Кәмпит тасу». Ата – аналармен ойнау.
Бауырсақ: Келе жатса алдынан түлкі бикеш шыға келеді.
Түлкі: Ой, мынау бауырсақтың әдемісін – ай!
Бауырсақ: Мен сізге өлең айтып беремін.Маған тимеңізші деп тәрбиешінің артына тығылады.Осы кезде күз келіп.
Күз: Түлкі сен бауырсаққа тиіспе.Одан да бұл мерекені бұзбайық,ойын ойнайық балалармен .
Күзде картопты қалай жинап алады екен.
Түлкі өзіне жинайды.Күз өзіне балалар жинайды.Екі команды болып.
Ойын:  «Картоп жинау»
Тәрбиеші:   Күз  біздің мерекеміз сізге ұнады ма?
Күз: Әрине ұнады.
Тәрбиеші: Күз сізге арналған «Күз келгенде» әнін орындап берейік.
Күз: Балалар мерекелерің өте жақсы екен. Мен енді кетейін,ал түлкі бикеш сен бауырсаққа тиіспе.
Түлкі :Жоқ, мен бауырсақты жемеймін. Мен тек,тауық етін,әтешті,қаймақты жеймін деп қылмыңдайды.
Күз: Ал тәрбиеші апай Менің балаларға  әкелген сыйлығым бар еді. МЕн соны сізге берейін.Сіз балаларға таратып беріңіз.Ал,балалар мен қаймып келгенше, аман сау болыңдар.
Тәрбиеші: Күз бізге сыйлық әкеліп бергеніңізге рахмет! Сізде сау болыңыз.