Мағжан шығармаларындағы ұлттық идея

Оспанғали Жанар Ерболқызы
Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы
.
.
Мақсатым: Алаш деп ұрандатқан, елім, жерім деген, халық үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, бүгінгі таңдағы жастарға насихаттап, жастарға үлгі етерліктей білім беріп, алаш еліне арнаған өлеңдерін қазақ  әдебиетіне қосқан Мағжан туындыларын бүгінгі жастардың қанына сініру біз үшін үлкен міндет.
   Мағжан  Жұмабаев — көрнекті жазушы, ақын, публицист. Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Талантты ақынның есімі кеңес өкіметі тұсында қазақ әдебиеті тарихынан жазықсыз сызылып, оның  маржан жырлары идеологиялық қудалауға ұшыраған болатын. Халқының тәуелсіз ел болғанын  көруді аңсаған ол өмірінің  аса  ауыр сәттерін  бастан  өткерді. Алайда, тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа  өлмес мұра болып  қалды.
        ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі — ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген  дағдарыс дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды.
        Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.
        Ел алдындағы басты мұраты – тәуелсіздік  алып келген құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы – өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азамаы етіп, қлт болашағын тәрбиелеудегі «Мен жастарға сенемін»өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейілінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған.
          Жас ұрпақты өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал – әдебиет десек, әдебиетті жасаушы қауым – қаламгердің әр жазғаны жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қататтандырады. Маңжан ақын осы тұрғыда, «Мен дастарға сенемін» өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, халық жүрегіне үміт пен сенім шырақтарын жаға білді.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты-
Мен жастарға сенемін! –
деп, өзі армандаған бостандық таңына қажырлы жастардың қолы жететініне сенім білдірген сұңғыла ойдың хас шебері келешек жас буынға ел тізгінін  бере отырып, олардың рухтарын жігерлендіре түседі. Мағжан туған елінің қамын ойлаған ойлардың ұшығына жетіп болмайды. Солардың ең бірі құнарлысы-халыққа рухани тәрбие беру. [1.93]
     Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары кояды.
     Мағжан ақындығының құпиясы  оның өз тұсының шындығын дәл бейнелуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе, бірде жылаған, қайғы жұтқан  қазақтың ішкі сезімін көрсетеді. Абай – ұстаз, Мағжан –шәкірт. Шәкірт ұстазына ұқсайды да, ұқсамайды да. Мағжан бақыты – ол өзінің поэзиясындағы уыз сүнтін Абай өлеңдерінен ғана ішті. [1.90]
   Сәбит Мұқанов ол туралы:  «Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді,  қалтқысыз жан еді… » деп жазады . [1.52]
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр,–
дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс-тартыс көп. Міне, Мағжанның өкініші – осылар. Дегенмен, Мағжанның ойлары мұнымен шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, Кейбір ғалымдар қазіргі дәуірді «Түркі әлемінің алтын ғасыры» деп атап жүр. Әйткенмен, бір ғана жүзжылдық көлемінде күллі түркі жұртының бас біріктіре қалуы оңайға соқпасы анық.
     Түркі жұртының бірігу мәселесін кезінде Алаш арыстары көтергені белгілі. Мұндай бірігудің нәтижесі бізге саяси-экономикалық, тарихи-мәдени тұрғыдан орасан зор ұпай алып келетіні сөзсіз еді. Алайда, сыртқы күштер бұл мақсаттарымыздың жүзеге асуына барынша тосқауылдар қойып келді. Кеңестік идеология салтанат құрып, түркі ұрпақтарының арасына іріткі салып, оларды бір-бірінен алшақтатып жіберді. Дегенмен, бүгінгі таңда түркі елдерінің көпшілігі өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Енді, бұрын қол жетпеген құндылықтарымызды жандандыра түсуге, түркілер тарихын қайта парақтауға мүмкіндіктер туды.
     Мағжан идеалы – оқыған қазақ. Асыл сөз иесін айырықша сыйлайды. Оның толық адамы – Абай. [2.47]
      Мағжан Жұмабаев – Алаш идеяларын болмысына терең сіңіріп, туа біткен талантына арқау еткен ақын.
       Мағжан Жұмабаев өз басының ғана емес, бүкіл қазақының, барша адамзаттың бостандығын аңсаған рухын, идея, мұратын жаратушыға жеткізуге тырысты, сол ізгі мақсатқа талпынды.
       Ел алдында өз міндеттерін қалтқысыз орындаған Алаш қайраткерлерінің арманы халқына тәуелсіздік таңын сыйлау болды. Армандары мақсатқа айналған олар көлденең келген қатерлерге төтеп бере алды шамалары келгенше. Енді ғана тізгінді қолға алып, терең ұйқыдағы қазақты оятпақ болған Міржақыптардың түпкі ойын аңғарған Кеңестің кесірлі саясаты ойшылдар ісіне салмақ салды, бөгет болды, соңында Алаш Орданы құлатты. Бастаған істерінің соңына дейін жетпегеніне ашынған ұлт жанашырларының болашақ ұрпақ – жастарға сенуден басқа амалы болмады.
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемің!…
деп үкілі үмітпен үзілген Мағжан ақынның артынан ерген жастарының жалыны мен намысы, патриотизмі мен Отан сүйгіштігінің арқасында қазақтың қаймақтары қалаған бейбіт аспан астында өмір сүруге қол жеткіздік.
Қорыта келгенде, Халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасу жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет – қайым күндерді де, талай қилы замандарды да, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз Тәуелсіздік идеясын ұсынған Алаш Орданың құрылуы, сол тәуелсіздіктің туы желбіреп, төбемізден бұлт кеткеніне үстіміздегі жылы 27 жыл толуда. Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басар шақта Елбасының оралымды ойлары ойға келеді. Ол: «Қазақстанның болашағы — бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», — деген. Кешегі жас, бүгінгі ірі тұлға Алаш боздақтары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев ұлы дала өрендері өмірден озса да, олардың есімдері мәңгіге айтылмақ, олар жаққан сәуленің шамшырағы сөнбек емес қазақ жерінде. Елдігімізді әперген, тіліміз бен дініміздің сақталып қалуына тікелей себепші болған қайраткерлерге бүгінгі ұрпақ басын иеді. Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі, біз Мағжан сенген жастармыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Әбжанов Х.Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюция-сы // «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық кон-ференция материалдары. Семей, 2008. 9 б.
Ғаділша Қаһарманұлы «Жәжеке» . [1. 52,93]
Ә. Бөкейханов Абай.// Жұлдыз 1911ж
  4.Абай және қазіргі заман Алматы ғылым 1994ж   . [2.47]