Малдарды витаминдермен, макро-микроэлементермен емдеу және алмасуына диагностика жасау

Исмаилова Жадыра Әуелханқызы
Ветеринария мамандығының оқытушысы
.
.
Ашық сабақтың мақсаты:
Білімділік: білімгерлерге  тақырыпты игере отырып, малдардың аурулары кезінде витаминдермен, макро-микроэлементермен емдеу және диагностика жасауға қысқаша мәлімет беру.
Дамытушылық: білімгерлерге малдарды витаминдермен және макро-микроэлементтермен емдеудің тәсілдерін үғындыра отырып, білімгерлердің мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау арқылы бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру және жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: білімгерлерді малдарды емдеу барысында жеке басының гигиенасына, тақырыпты игере отырып ұқыптылыққа, жүйелі түрде жұмыс істеуге және жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: аралас (тәжірибе)
Ашық сабақтың типі: зерттеу сабағы.
Пәнаралық байланыс: жануарлар анатомиясы және физиологиясы, мал шаруашылығы, зоогигиена және ветеринариялық санитария.
Әдістері: «Конверт — сұрақ» стратегиясы, «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі, «Қара жәшік» әдісі, «Жалғасын тап» әдісі.
Көрнекіліктер: плакаттар, карточкалар, сөзжұмбақ, стикер
 
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
 
  1. Ұйымдастыру кезеңі: (5мин)
Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті білімгерлер! Біз бүгінгі сабақта өткен дәрістерден алған білімдеріңізді сараптаймыз, нақтылаймыз, тереңдете  түсеміз. Бүгінгі сабақ көптеген көрнекі материялдарды, терминдерді, ұғымдарды жадыларында сақтап қалуды талап етеді. Сондықтан, біріншіден сабаққа дайындықтарыңды тексеріп алайық. (Оқытушы білімгерлерді түгендеп, сабаққа дайындығын тексереді.)  .
  1. Білім алушылардың білімін тексеру: (15мин)
Сіздермен өткен сабағымызды қайталау үшін 2 топқа бөлінеміз. Топқа бөлініп болған соң, «Жалғасын тап» әдісін  қолданамыз. Конвертке өткен тақырыптар бойынша 3 сөйлем және сұрақтар жазып, барлық топтарға таратады:
Қызыл конверт – май алмасу процестері туралы сұрақтар
Көк конверт – белок, углевод, алмасу процестеріне диагностика жасау туралы сұрақтар
Әр топ топтасып жұмыс жасап, конверттегі терминдер бойынша түсінік береді және сөйлемдерін аяқтайды.
  1. Жаңа сабақтың жоспарын айқындау: (30мин)
Оқытушы: Сабақ барысында айтып өткендей, бүгінгі тақырыбымыз «Малдарды витаминдермен, макро-микроэлементермен емдеу және  алмасуына диагностика жасау» деп аталады. Бұл тақырыпта витаминдердің түрлерін, пайдасы мен зиянын  және оларды ағзаға еңгізу жолдары туралы айтылады. (столдың үстінде тәжірибелік сабаққа қажетті зертханалық құрал-жабдықтар тұрады).
(білімгерлерге сабақ тақырыбын, сабақтың мақсатын жазып алуды үсынады)
      Жұмыстың мақсаты мен мазмұны: студенттерді  кейбір ауруларда  орын толтырушы емдерді, атап айтқанда  витаминдерді және макро, микроэлементтерді пайдаланып емдеу тәсілдерін үйрету. 
Қажетті құрал саймандар мен  химиялық ертінділер, ыдыстар, малдар: мал станогы, қолжуғыш, дезраствтворлар, сүлгі,   2, 5, 10 мл шприц инелерімен, спирт, мақта , бинт, комплекс витаминдер, малға берілетін макро, микроэлементтер, резінкі етік,  3 пайыз карбол ертіндісі.
Сабақтың өту тәртібі: тәжірбиелік сабаққа керекті қоянға фиксация жасайды. Сабаққа керекті витаминдер топтары бар болса малға қажетті макро және микроэлементтерді пайдалануға даярлап қояды.Оқытушы:  студенттерден мал организіміне витаминдердің, гармондардың, ферменттердің, макро және микроэлементтердің тигізетін әсерін студенттерден кезек кезек сұрақ беріп жауап алады.Атап айтқанда мал организіміне витамин А, В, С, Д, Е,К, РР-ың тигізетін биологиялық, клиникалық сипаттамаларын анықтайды.
       Дәруменжануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин — салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.Құнарлы тағамдарДәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар.
Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көпБарлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады.Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады. соңғы кезде дәрумендерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды,
Майда еритін дәрумендерА дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені жүннің, терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Жануар іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
D дәрумені (кальциферол) жануардың терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Жас төлдерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан төлдердің қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас төлдердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
       Суда еритін дәрумендерС дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
В1 дәруменi В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.
В2 дәрумені
В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. дәрумен ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.
В6 дәруменi
В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі малдардың  бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады.
В12 дәрумені
В12 дәрумені (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 дәрумені анағұрлым аз.
В15 дәруменi
В15 дәруменi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.
Е дәруменi
Е дәруменi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері тұқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.
К дәруменi
К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К дәрумен жоқ.
Р дәруменi
Р дәруменi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С дәруменімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.
РР дәрумені
РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңейтеді, қан ағымын жақсартады, бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы. Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады, зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады, қабыршықтанады.
Дәрумендер маңызы
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. дәруменсіз ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін қажетті зат деп аталуы маңызы зор. дәрумендер көпшілігі тағамдық ағзалардың құрамында болады, ал ағзадан жануарлар ағзасында түзіледі. дәрумендерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853-1937) тапты. дәрумендер ағзадағы зат алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде дәрумендердің 30-ға жуық түрлері бар. дәрумендер әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін дұрыс өсуі, дамуы үшін өте қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады.
  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау: (30мин)
Жаңа тақырыпты пысықтау барысында «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс әдісін қолданамыз. Бұл әдіс бойынша студенттер жаңа тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтар дайындап, сол сұрақтарды әр топ біріне-бірі қойып тапқан сұрақтарды қара жәшік ішіне салады.
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісін  тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады.
  1. Витаминдер дегеніміз не?
  2. Витаминдердің жануарлар ағзасы үшін қандай пайдасы бар?
  3. Витаминдердің табиғатта қанша тобы кездеседі?
  4. Витамин терминін қай ғалым, қай жылы ғылымға еңгізді?
  5. Витаминдердің жануарлар ағзасына еңгізу жолдары мен мөлшері қандай?
5.Үй тапсырмасы: (5мин)
  1. М.Қожабаев «Малдардың ішкі жұқпайтын аурулары» оқулығының 102-104 беттерін оқып келу. 
  2. Витаминдердің химиялық құрамына сипаттама жазып келу.
  3. Витаминдер тақырыбына тест сұрақтарын дайындап келу.
  4. Сабақты бекіту: (5мин)
Бақылау сұрақтарын қою. Сабақ барысындағы белсенділігіне қарай білімгерлерді бағалау.
Әдебиеттер және оқу құралдарының тізбесі:
Негізгі әдебиеттер:
  1. Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары. Оқулық. Құрастырып редакциясын қараған М.А. Молдагулов. — Алматы, 1993ж. 
  2. Ішкі жұқпайтын аурулардың практикумы. Оқу құралы. Құрастырған К.Н.Кожанов. Ішкі жұқпайтын аурулардың практикумы. Оқу құралы.
  3. Внутренние незаразные болезни с- х. животных. Учебник. М.: Агропромиздат, 1991 г. Под. ред. В.М.Данилевского
  4. Клиническая диагностика внутренных незаразных болезней под редакцией профессора Зайцева В.И., Москва: Колос ,1971г.
  5. Таразов И. И. Кондрахин И. П. Ильин А.Г. Внутренные незаразные болезни с/х животных,М: Агропромиздат,  1987г.
Қосымша әдебиеттер:
  1. Қ.Қожабеков Мал аурулары, Алматы: Қайнар,  1989г.
  2. 2. Внутренные незаразные болезни с/х животных под редакцией профессора Данилевского В.М.       М:  Агропромиздат,  1991
  3. 3. Вилнер А.М. Кормовые отравления,   Л: Колос, 1974г.
 Оқу құралдары мен электронды оқулықтар тізімі:
 Web-resources:
  1. http://www. kz@gmail.com.