Мамандығым мақтанышым-Құрылысшы!

Шабданова Маржан Сейтказовна
Өндірістік оқу шебері
.
.
Мақсаты мен міндеті:
  • Оқушылардың мамандық жөніндегі білімдік деңгейлерін тексеру.
  • Құрылыстық мамандық бойынша оқушылардың білімдерін дамыту.
  • Тіл,есте сақтаушылық және бой іс әрекеттерін жаттықтыру.
  • Ойшылдық, зеректік, ұжымшылдық, жанашырлық және қабылеттілік қасиеттерін дамыту.
  • Қызымет атқарушылыққа баулып, жұмыс натижелеріне көңіл бөлу.
 
Өткізетін орыны: Сылақ өңдеу шеберханасы.
Сайыстың материалдық-дидактикалық жабдықталуы:
1.Презентация
  1. Тест
  2. Үлестірмелі парақша сұрақтары /презентация/
  3. Тәжірибеде қолданатын құрал-аспаптар
Сайыс барысы
 
 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша кәсіптік шеберлігінің сайысы 2 бөлімнен құрылады: теориялық және тәжірибиелік.
1 БӨЛІМ – 45 минут
  1. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.
  2. Сайыстың мақсаты және жоспарымен таныстыру – 2 минут.
  3. Кезең:
  • Амандасу / 5минут/.
  • Ой шабуылы /10минут/.
  • Қол шебері /5минут/.
  • Білімнің мініп кемесін /10минут/.
1 бөлімнің қорытындысы                                          
                                            
                                     2 БӨЛІМ – 1 сағат
  • Тәжірибе /50 минут/.
2 бөлімнің қорытындысы
Сайыстың 1-2 бөлінің қорытындысына жалпы – 5 минут.
Сайыстың нәтижесін қорытындылау – 10 минут.
 
1 БӨЛІМ
 
Жүргізуші ө/о шебері.
Сәлеметсіздерме қадырменді қонақтар!
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінге кеш төрінде
Көнілді кеш жасайық!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Абай атамыз айтып кеткендей «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген дана сөзін еске түсірсек артық болмас. Сіздерді 17-С-1к тобының оқушыларының арасында өтетін «Мамандығым мақтанышым-Құрылысшы!» сайысын ашылуына шақырамыз.
 
 
Жүргізуші студент.
Құрылысшы ол — құрылыс маманы, көне заманнан әйгілі мамандық. Адам жер бетіне келгеннен бері баспана қамын ойлап, жүздеген мыңдаған жылдар бойы, тас үңгірінен шықаннан бастап құрылыспен айналысуда. Ерте заманда салынған, шахарлар, кенсенелер, бүгінгі күндеде көзді қызықтырып таңғалдыратыны бәрімізге мәлім.
 
Жүргізуші ө/о шебері.
Жақсы адам кімге керек болар пана,
Мол оның тал бойына ақыл сана.
Қөркіне ақылыда сай келетін,
Шақырайық ортаға  ***(студент)- сылақшыны, ***(студент)-  — қаптаушыны және ***(студент)- — сырлаушыны.
Жүргізуші студент.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Біліммен тапқырлықты жарастырар,
Женіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе әділ-қазылар сайлап алайық.
  1. ***
  2. ***
  3. ***
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
  1. Амандасу
  2. Ой шабуылы
  3. Қол шебері
  4. Білімнің мініп кемесін
  5. Тәжірибе
Сайысымыз 5 ұпай бойынша бағаланады. Сонымен, сайысымызды бастаймыз…
 
Жүргізуші ө/о шебері.
1 кезең — «Амандасу».  Әр сайыскер  өзің таныстырып,  ал  әділ-қазылар  оларды бағалай отырады.
  • Ортаға ***(студент)- — сылақшы сайыскерді шақырамыз.
  • Ортаға ***(студент)- — каптаушы сайыскерді шақырамыз.
  • Ортаға ***(студент)- — сырлаушы сайыскерді шақырамыз. 
Әділ-қазыларға  сөз береміз (1 кезең қорытындысы бойынша).
Жүргізуші студент.
Жастыққа әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектеңген кетпес зая,
Міндетке бір жетесің ойыңа алсаң.
2 кезең«Ой шабуылы». Сіздер  пәндердің атауын тандап, қойылған  сұрақтарға жауап беру керексіздер.
Әділ-қазыларға  сөз береміз (2 кезең қорытындысы бойынша).
Жүргізуші ө/о шебері.
3 кезең«Қол шебері».
«Шеберді шеге қағысынан таны» деген мақалмен,  келесі кезең сайысы «Қол шебері».
Сайыскеркердің өндірістік оқыту сабағында «Ағаш беттерің сылаққа дайындау» тақырыбында  орындаған жұмыстарың сіздерге ұсынамыз.
Әділ-қазылар  сайыскерлердің шеберлігін бағалау кезінде,  көрермендерді мамаңдық туралы жұмбақ шешуге шақырамыз.
***
Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді.
/Балықшы/
Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
/Полиция/
Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан?
 /Қылқалам шебері/
Маңдайға жағып шырақты,
Лавалардан тұрақты.
Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім өз елін?
/Шахтер/
Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
/Құрылысшы/
Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
/Аспаз/
***
Әділ-қазыларға сөз береміз (3 кезең қорытындысы бойынша).
Жүргізуші студент.
4 кезең«Білімнің мініп кемесін».
«Оқу – білім азығы, Білім – ырыс қазығы» — деп, қазір сайыскерлердің білімін  тест арқылы тексереміз. Дайындық уақыты 10 минут беріледі.
Әділ-қазылар  сайыскерлердің шеберлігін бағалау кезінде,  көрермендерді  жұмбақ шешуге шақырамыз.
***
Аяғы үшкiр,
Басы доғал.
Ұрсаң шөгедi,
Ұрмасаң обал.
/Шеге/ 
Үшкiр қазық,
Дөңгелек қалпақты,
Бiрiктiрер бөлектi.
/Шеге/ 
Басы – құрыш,
Сабы – шырыш.
/Балға/
Қалпақты шымырды,
Төбесiнен ұрады.
Түзетуге қыңырды,
Дәйiм дайын тұрады.
/Балға\ 
Тоққа қоссаң зырылдйды,
Бiр бағыттан бұрылмайды.
Жуан жұмыр темiрдi,
Қырнап, жонып кемiрдi,
Өлшеп берсең кеседi,
Керек етсең теседi,
Артық болса қашайды,
Қажет тетiк жасайды.
/Станок
Май жалап, су iшсе,
Тоқтамай жортады.
/Машина
Құс ұясысекiлдi,
Үйшiгi бар биiкте.
Өрiлген қос кекiлдi,
Тұрар мойын иiп те.
/Кран
Болат түктi,
Көсеу мықты.
Тозаңдатып,
Темiрдi үктi.
/Егеу/
***
Әділ-қазыларға  сөз береміз (4 кезең  қорытындысы бойынша).
 
2 БӨЛІМ
 
Жүргізуші ө/о шебері.
5 кезең — «Тәжірибе». Сайыскерлердің міндеті:
  • Жұмыс орынын дайындау;
  • Ірге бетін дайындау;
  • 1 қабатты (шашрама) лақтыру;
  • 2 қабатты (болжама) лақтыру;
  • Түзету;
  • Жұмыс орының тазалау.
Тәжірибе жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды ұмытпау.
 
Жүргізуші студент.
Бойларында от бар екен, байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
Келесі сөз әділ-қазылар алқасына береміз.
Қорытындылау.
 
Жүргізуші ө/о шебері.
Сайысымызды қорытындылай келе, сайысқа тікелей қатысушылар  ****оқушыларымызға  алғысымызды білдіре отыра, аздаған сыйлығымызды тапсырыс етеміз.  Келешекте бұданда зор мағыналы сайыстарға қатысып үлкен жетістіктерге  жетулерінді тілеймін. Жарайсындар!
Жеңімпаздарды марапаттау.
 
Жүргізуші студент.
Өркендерің өссін, мейірлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Сау болыныздар!