Мамандығым мақтанышым

Абдирасил К.С.
.
.
«Ең қиын мамандық – адам болып қалу»
Мақсаты:
Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, электромонтер мамандығына  жүйелі көзқарас қалыптастыруға, электромонтер мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Электромонтер мамандығының маңызы туралы түсінік қалыптастыру
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру..
3Сұрақ бізден – жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)
  1. Қонақтарға сый.
    5. Қорытынды.
  1. Кіріспе сөз
1 – жүргізуші: Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар! Баршаңыз да бүгінгі «Мамандығым мақтанышым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Еңбастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соныісте» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен айналысқан жөн.
Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мамандығым мақтанышым» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!