Мамандығын шын сүйген ізгі жүрек

Жолаева Жаннат Тулеушовна
Даулетьярова Токжан Шакировна
Арнайы пән оқытушысы
.
.
Мақсаты:
1) Білімділік: Мұнай газ кешенінің шаруашылықтағы рөлін көрсету. Мұнай газ кешенінің  Қазақстан экономикасындағы ролі, болашақтағы    маңыздылығы туралы көзқарастарын қалыптастыру
2) Тәрбиелік: Сабақ барысында пәнаралық байланысты қолдана отырып ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағды қалыптастыру. Отын өнеркәсібіндегі экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: «Мамандықты даярлау және қайта даярлау» курсы мамандары мен студенттер арасында  пікір алмасу негізінде біліктілікті  қалыптастыру. Өз мамандығы туралы білімдерін тереңдете келе, таңдаған мамандығына деген  сүйіспеншілік  қасиеттерін артыру.  Логикалық ой-өрісті қамту, сөйлеу мәнеріне үйрету.
Сабақтың типі: сыныптан тыс шара 
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың барысы:
1 — жүргізуші:
Қарашүңгіл,
Өзіңде аласым жүр,
Құпияңды ашпаған даласың бір.
Шежіреге жүгінсек… шежіреге,
2 – жүргізуші: Кезекте келесі фактілерге назар аударайық:
Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіретіні бәрімізге белгілі.
Соның ішінде, мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді.
1 — жүргізуші:
Иә дұрыс айтасың,   өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнай және газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдарды басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге көшірілу ағымы жүріп жатыр,осындай жағдайларды көре отырып  неге, неліктен ? және халықтың жағдайын жақсартатын  қандай іс -шаралар жасалынып жатыр деген көкей тесті сұрақтарға жауап берсеңіздер. 2 – жүргізуші:
  1. Біреулер әлемдегі мұнай қоры енді көпке ұзамай шынында да таусылады дейді, ал енді біреулер оған қайшы пікірлер айтады. Енді біреулердің тұжырымынша, мұнай – органикалық та,  бейорганикалық та заттар шөгіндісі, ол жер бетіндегі және оның қойнауындағы тынымсыз жүріп жататын про­цестердің нәтижесінде түзіле береді. Мұнайдың жердің терең қойнауларындағы зерттелмеген қоры әлі де көп, ал жер қойны түрлі процестер нәтижесінде оны жоғары қарай қысыммен шығара бермек.
Қысқасы, бүгінде қарапайым адам түгілі ғалымдардың да бұл пікірлердің қай-қайсысына болмасын қарсы уәж айтуы­ оңай болмай тұр.
Дарияның бастауы боласың бұл – деп, кездесуімізді бастайық!
2 – жүргізуші: 
Құрметті қонақтарымыз, студенттер,  оқытушылар! Бүгін «Мамандығын шын сүйген ізгі жүрек» тақырыбында өтіп жатқан «Мұнай газ ісі пәндері» циклдік әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстелін өткізгелі тұрмыз. Бұл шараға студенттер, оқытушыларымыз және мекемелерден келген қонақтарымыз қатысады. Қонақтарымызды таныстырайын:
«Ақтөбе Мұнай Газ – СНПС» АҚы «Мұнайды және газды өндіру операторы» бөлімінің басшысы – Тимур  Оралбайұлы;
 «Ақтөбе Мұнай Газ – СНПС» АҚы ЖГПЗ бас технологы – Бейсен Тойбазаров
1 — жүргізуші:
Бүгінгі күні  ел экономикасының аршындап алға басуын қамтамасыз етіп отырған басым бағыттардың бірегейі мұнай-газ саласы болып табылады.
Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібінің потенциалымұнай мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі (перспективалық) және болжамдық ресурстарымен анықталады. 
2 – жүргізуші: Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты да мұнай-газ  өнеркәсібінің біздің болашағымыздағы рөлін анықтау, қазіргі дағдарыс кезеңінде мұнай-газды өндіріп өңдеудің жағдайы қандай деген толғандыратын сұрақтарға жауап алу.
1 — жүргізуші: Алдымен кесдесуге келген қонақтарымызға  осы мамандықты қалай таңдағаны, жетістіктері туралы  ой пікірлерімен бөлісейік .
1 – жүргізуші Соңғы кездері көпшілікті толғандыратын көкейтесті бір сұрақ бізді де мазалайды –
Мұнай таусылса не болады ?
  1. Мұнайшы мамандығы теориялық білімді игермей жатып, тәжірибеге араласуға мүмкіндік болама
2– жүргізуші: Сөз кезегін қонақтарымызға берелік: Осы айтылған пікірлерге қосатын өз ойларыңызды айтсаңыз?
________________________________________________________________________
1 – жүргізуші: Сұрақтарыңыз болса?
2 – жүргізуші: Қазақ жері — қазба байлық ордасы,
Мұнай менен газдың толған қордасы.
Мұның асты тұнған көмбе қазылар:
Алтын, күміс, мырыш пенен қорғасын.
Қазатын да, ашатын да кендерді,
Бейне шешер асыл тасты теңдерді
Атаған ел геолог деп инженер,
Туған елдің туын тіккен ерлерді.
Сол тастармен қойман енді таныспай,
Сол кендермен жүрсем деймін қарыштай.
Ел тамсанған еңбек даңқы жер жарған
Болам геолог Патшайым мен Қаныштай! – дей келе келген қонақтарымызға шын жүректен алғыс білдіреміз
Қолданылған әдебиеттер
1.«ҚазМұнайГаз» барлау  өндіру» АҚ // Болашаққа қатысты  мәлімдеме, 2017ж.
2.Қазақстанның мұнайгаз саласы: қазақстандық мазмұнның үдемелі даму бағыты // Сараптамалық қорытынды, 2017ж.
3.Қазақстанның Ұлттық банкі, Мұнай және газ министрлігі, 2016 ж. ВР дүниежүзілік энергетиканың статистикалық шолуы
4.Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің 2016-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
5.Сайттың атауы www.u-s.kz
6.Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2017 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама
7.Көмірдің көзі – өмірдің  өзі // Егемен Қазақстан. 27 қаңтар 2016, № 5 -4б.
8.KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының 2015–2016 жылдарға арналған әлеуметтік жауапкершілігі ШОЛУ