Мастер-класс с элементами тренинга для педагогов

Калиакперова А.Д.
қазақ тілі мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
  1. Білімдідік: оқушылардың білім деңгейлерін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды айтуға үйрету.
  2. Дамытушылық: білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.
             Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
  1. Түзеу: ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, тарих.
Күтілетін нәтиже: Астана тақырыбында әңгімелей білу.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық педагогигикалық дайындық.
Саған бүгін сәттілік тілеймін. Сізге сәттілік тілейміз.
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі. А) Сәлемдесу.
Б) кезекшінің мәліметі. – бүгін нешесі? – Аптаның қай күні? – Жылдың қай мезгілі? – қыс айларын ата.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
  • Сұрақ – жауап:
  • Біздің Отанымыз қай мемлекет?
  • Астанасы қай қала?
  • Қазақстанда неше астана болды?
  • Олар қандай? Картадан көрсетейік.
Ал енді, Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін бізге саяхат картасы қажет. (Астанадағы ғимараттардың  суреттері).
  1. жаңа сабақ
1 аялдама «Темір жол вокзалы» аялдамасы (физминутка қолмен мұрнын табу)
Сөздік жұмыс:
Орналасқан – расположен
Рәміз – символ
Ғимарат – здание
Ескерткіштер – памятники
Гүлденуде – цветет
Зәулім – высотный
Аудан – район
Сол жағалауында – на левом берегу.
  • Ауызша оқу
  • Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру.
2 аялдама «Бәйтерек» аялдамасы.
  • Мынау ненің суреті?
  • Бәйтеректің биіктігі қандай?
  • Басында не орналасқан?
Мәтінмен жұмыс.
  1. Мәтінді оқу.
  2. Аудару
Астана
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Астананың бұрыңғы аты – Ақмола. Ол Солтүстік Қазақстанның Ақмола облысында орналасқан. Астананың рәмізі – Бәйтерек. Қазірге кезде Астана ең сұлу, жас қала. Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астананың жазы салқын, қысы суық.
Бас қалада Абайдың, С.Сейфулиннің, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері бар.
Астана күннен күнге гүлденуде. Астананың болашағы зор. Астана күні –              6- шілде.
  1. V. бекіту.
3 аялдама. «Ақ орда» аялдамасы
Мұнда Елбасы жұмыс жасайды.
1-тапсырма. Мәтіннен көптік, тәуелдік, септік жалғауы бар сөздерді табыңдар.
1-топ – Септік жалғауы бар сөздер.
2 – топ – Тәуелдік жалғауы бар сөздер.
4 Аялдама. «Бейбітшілік және келісім сарайы» аялдамасы.
Физминутка.
Встречи представителей разных нации и народностей. Решаются вопросы мира и согласия.
«Жаңылмаймыз» ойыны
Сөйлемдерді дұрыстап құра.
  1. Болашағы, зор, Астананың.
  2. Астанада, ғимараттар, ғажап, зәулім, жатыр салынып.
  3. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.
  4. Қала, жас, сұлу, астана, ең.
5 Аялдама. «Ханшатыр» аялдамасы.
Это – торгово-развлекательный центр.
Сабағымызды тест жұмысымен аяқтаймыз.
Тест сұрақтары
  1. Астана қаласының рәмізі:
          А) ту               б) елтаңба         в) әнұран           с) Бәйтерек
  1. Астана ….. қала.
          А) көне           б) ескі                в) лас                 с) әсем
  1. Астананың бұрыңғы аты:
          А) Ақтөбе      б) Алматы         в) Ақмола          с) Орал
  1. Астананың туған күні:
          А) 6 шілде     б) 10 шілде        в)  10 маусым    с) 6 маусым
Тексереміз.
Бағалау. Бағалау парағына балалар бір-біріне баға қояды.
Рефлексия
Үйге тапсырма. Жаңа сөздер.