Медбикелер медбикелерді оқытады

Адырбек Райхан Нұрманқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында кәсіптік білімді дамытудың маңыздылығын айқындай келе, білім саласына қатаң тапсырма жүктеген болатын: Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды. Соған орай, елімізде оқытудың дуальды жүйесі  арта түсті.
        Оқытудың дуальдау жүйесі дегеніміз — білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі, яғни кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны болып табылады. Білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру.
       Қазіргі кезеңдегі отандық денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлес қосып отырған мейірбикені мемлекет пен қоғам өзінің кәсіби міндеттер шеңберін өздігінен орындауға қабілетті тұлға ретінде қарастырады. Осыған байланысты орта медициналық персоналдың кәсіби қызметіне үлкен талаптар қойылды, олардың көмегімен орта медициналық персонал еңбегінің тиімділігі бағаланып, сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерді іздестіру іске асырылуда.             .
Науқастарға медициналық көмек көрсету процессінде мейірбикелер дәрігерлердің нұсқауларын орындаушы болумен қатар дәрігерлердің тең құқықты серіктесі болатын мейірбикелік қызметтің жаңа технологиялық моделін жасау қажеттігі туындап отыр. Жоғары мейірбикелік білімі бар мамандарды даярлау,  мейірбикелік қызметті басқарудың жаңа моделін жасауға мүмкіндік беретін басқару мәселелері бойынша белгілі бір білімге ие тұлғаларды тәрбиелеуді іске асырады.
Теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіби маман даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады. Осыған орай Түркістан медицина колледжінің мейірбике ісі пән оқытушылары Алматы қаласында Республикалық медициналық колледжінде шет елден келген менторлар: жоғарғы білім медициналық мейірбике ісі маманы Дженни Брунер Бодхолдт, мейірбике ісі ғылымының магистрі Лиа Майердің «Мейірбике ісі негіздері. Мейірбикелер мейірбикелерді үйретеді: «Жетістікке қалай жету» тақырыбында бір апталық мастер классын оқыды. Денсаулық сақтаудағы менторлық отандық медицина кадрларын оқыту саласындағы жаңашылдық болып табылады. Оның негізгі басымдықтары медициналық көмек көрсету үрдісін жетілдірумен байланысты, шақырылған ментор-тәлімгерлер мамандарды оқытты. Мұнда тәжірибелі медбикелер жас медбикелерді оқыту, қалай жетістікке жетуге болатындығын мәлімдеді.
            Ментор (тәлімгер) – клиникалық базада клиникалық және диплом алды тәжірибеден өту кезеңінде студенттің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бекітуге ықпал ететін білікті мейіргер.
Жаңадан келген маман – бұл тәжірибесі жоқ жаңадан келген жас маман және де жалпы ережелерді зерттей отырып, міндеттерді орындауға жәрдем беретін, сонымен қатар нұсқауларға ғана жүгінеді. Жаңадан келген – ережелерге негізделеді. Ережелерге жүгінеді, басшының ақылын тындайды. Оқу орындарының түлектері өздерінің үйренген дағдылары мен ептіліктерін тәжірибеде іске асыруға, қолдануға мүмкіншіліктері бар болады. Медбикелер шөп дәрі дәрмектерді зерттей отырып, қажетті өз тәжірибелеріндегі  білімнің  жаңа деңгейіне көтеріледі. Бүгінгі күні біз медбикелерге де, сонымен қатар клиникалық мекемелердің басшыларына да қажетті дағдыларды оқытамыз.
Пациенттерді ұзақ мерзім күтімінде медбикелер өздерінің  жеке тәжірибесі мен білікті оқыту  қоры арқылы пациенттерге  күтім дағдыларын дамытады. Ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арқылы білікті күтім ұйымдастырады. Еңбек өнімділігінің қолайлы деңгейін көрсетумен қатар тәжірибе жинақтай отырып, өзінің тәжірибесі негізінде басшылық принциптерін қалыптастыра алады. Стратегиялық және констекстуальды білімге жүгіне отырып, орта деңгейдегі практикалық дағдыларды меңгерген маман болып қалыптасады. Бұл жағдай өрленген жаңадан келген маманға негізделген. Шешімді өзі қабылдайды, оқу материалды өзі оқиды, іс-әрекеттерді байланыстырады және оларды түсіндіреді.
Сарапшы маманжағдайды түсініп, шешім қабылдау кезінде     ешқандай ережелер мен принциптерге жүгінбейді. Жинақталған тәжірибесі мен клиникалық жағдайлардың интуитивтік түсінігі болумен қатар, еңбек өнімділігі жоғары, икемді және тәжірибелі. Сарапшы маман  болуына барлық мүмкіншіліктері бар маман. Міндеттерді түсінеді, дәлелденген тәжірибеге негізделген жұмысты аяқтайды.  Ал ендеше, ұзақ мерзімді жоспарлары бар, еңбек тәжірибесі 2-3 жыл өтелі бар маман. Мақсаттың перспективасын анықтай алатын, жұмысты тәжірибе мен ақыл негізінде  жүргізеді. Қабілетті –  белгілі бір дағдыларды меңгерген, бірақ бір бейтаныс үдерісте ассистент пен көмекшінің көмегін қажет етеді.
Тәжірибелі медбикелер жас медбикелерді оқыту арқылы жұмыс жүргізуді негізге алсақ,  болашақ жас маманның жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылайды. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Кәсіби білім  ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстайды. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.
Медбике дайындау ісіндегі бакалавриаттың маңыздылығы
Медбике ісі дамуында бакалавриаттың маңызы үлкен. Егер бұрын медбике ауыр халдегі пациенттерге тек күтім жасаса, қазіргі күнде медбике басқа мамандармен бірге медбикелік күтімнің басты міндеті ретінде денсаулықты сақтауды, аурулардың алдын алуды, жеке ерекшеліктеріне қарай адамның барынша тәуелсіздігін қамтамасыз етуді, кейбір жағдайларда дәрігердің жұмыстарын орындауды қарастырады
 Орта буынды медициналық медбикелерді дамыту аясында бірқатар функциялар біртіндеп арнайы даярланған жалпы практикадағы медицина медбикелеріне берілетін болады. Осы мақсатта медбикелерді даярлаудың финдық үлгісі енгізілмек. Онда даярлаудың үш деңгейі қамтылатын болады. Мәселен, еліміздегі колледждер арасынан медбикелер даярлаудың жоғары мектептері, білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады. Бұл мектептердің түлектері медициналық көмек көрсетумен тікелей айналысады. Ал бүгінгі күні бакалавр деңгейінде оқытып, медбикелер даярлап жатқан жоғары оқу орындарында негізінен ғылыммен, әкімшілік жұмыстармен айналысатын медбикелер оқытылады. Бакалавриат -білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім.
Медициналық жүйе мен пациент арасындағы адами байланыс байқалумен қатар тура және жанама жәрдеммен қамтамасыз етіледі. Сыншыл және клиникалық ойлауды қолданып, күтімнің әр түрлі  мүмкіншіліктері мен вариантары анықталады. Пациенттің жағдайындағы өзгерістерді байқап дәрігерлерден кеңес алады. Дәрігердің кеңесімен сырқаттың күтімінде өзгерістер жасайды. Пациенттердің күтімінде бірнеше әдістер қолданады. Күтімді  үйлестіріліп  тұрады. Пациенттердің күтімі үшін басқа медбикелердің  жұмысы  жоспарландырылады. Өзінің білімін, қорытынды ойының негіздемесін мамандарға және маман еместерге айқын және ашық хабарлай алады. Медбике — емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Медициналық көмектің  үнемділігін, қолжетімділігін және сапасын едәуір арттыруға әкелетін, тұрғындардың ауруға ұшырау жағдайларын және өлім-жітімін кеміту есебінен тікелей және жанама шығын көлемдерін қысқарту мүмкіндігін беретін құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық және әдістемелік  жағдайлар тудыра алады.
Қолданылған әдебиеттер:
  1. Магистр мейірбике ісі ғылымы Лиа Майердің «Мейірбике ісі негіздері.
    Мейірбикелер мейірбикелерді үйретеді: «Жетістікке қалай жету» лекциясы
  1. Бабаханова Г.А. Медбикелік ісі негіздері.
  2. Интернет материалдары