Медицинадағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Калкеева Бакыткуль Нургалиевна

Кәсіби қызметтегі ақпараттық технология пән оқытушысы

Баяндамашы: Құдайберген Арнұр

Емдеу ісі-302 топ

.

.

Қазіргі уақытта, медициналық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу үшін негізгі жолдарының бірі медицина қызметкерлерінің компьютерлендіру болып табылады. Денсаулық сақтау сақтау сапасы, пациенттердің қауіпсіздігі, құны тиімділігі: Бұл міндеттер үш ең маңызды денсаулық көрсеткіштерін жақсарту қабілетті тиімді құралдарын табу жатады. негізгі элементі шешім қабылдауды қолдау тетіктерін жабдықталған қазіргі заманғы аурухана клиникалық ақпараттық жүйелерде ақпаратты пайдалану болып табылады.

Өзімізге белгілі информациялық жүйелер медицина мен денсаулық сақтау ұйымының барлық саласында ауқымды орынды алады.Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информатизация деп аталады. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі информатизациясы — ақпараттық жүйе болып табылады.Сол себепті денсаулық ұйымының әр-түрлі бағытына байланысты медициналық ақпараттақ жүйелері де жіктелінеді. Медициналық ақпараттық жүйелердің жіктелуі иерархиялық принципке негізделген және медицинаның барлық құрылымына сәйкес келеді,негізгі деңгейлері:

  1. Базалық деңгей клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер
  2. Территориальды деңгей – профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары

Жалпы,әрбір деңгей өзінің атқаратын қызметіне байланысты жіктелген және дәлірек айтқанда есептерді осы жүйемен шешу мақсатында пайдаланамыз.

 Медициналық ақпараттық жүйелер

Ақпараттық есептеу техникасын қолдану және енгізу сұрағы көптеген елдердің ғылымдарының назарын аударады. Солай бола тұра халықтың денсаулығын үнемі бақылау жүйесін ұйымдастыру , халықты әр кезең сайын қарау және тестілеудің дұрыс тәсілдерін өңдеудің , профилактикалық медицина орталықтарының , санитарлық білім берудің , денсаулық сақтау жұмысын автоматтандырылған басқару және есептеулерді дамыту мәселелері өңделуде.

Ақпараттық жүйе дегеніміз – алдын – ала жинақталған құжаттар жиыны мен ақпараттық технологиялар, сонымен қатар есептеу техникасы мен байланыс құралдарын қолдану арқылы ақпараттық процестерді жүзеге асыратын жүйелер.

Медициналық ақпараттық жүйелерінің негізгі міндеттері халыққа кез келген жағдайда ақпараттық медициналық көмек көрсету, медициналық мекемелерді басқару мен денсаулық сақтау жүйесінің өзін ақпараттық қамтамасыз ету.

Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу – өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информатизация деп аталады

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер

1) Клиника жұмыстарының барлық қажеттіліктерін қанағатттандыру және сырқаттанушыға бағытталған болу.

2) Өзгертулердің енгізудің қарапайымдылығы .

3) Медициналық ақпараттық жүйелердің тиімділігін және пайдалылығын қолданушы көру керек.

4) Келесі анализдеу мақсатында медициналық терминдерді автоматты кодтауды қамтамасыз ету.

5) Жүйенің кілттік элементтерін басқару жүйені өңдеушінің емес медициналық мекеменің қолданушысы болуы керек.

6) Ақпараттық жүйе мекеменің барлық медициналық жұмыстарын қамтуды қамтамасыз ету.

7) Медициналық ақпараттық жүйе медицинамен, медицинаға арналып өңделуі тиіс , яғни клиника мамандары концепцияны өңдеуге белсенді қатысуы тиіс.

8) Медициналық ақпараттық жүйе ұйыммен бірге , бір уақытта өсуі тиіс.

 Медициналық ақпараттық жүйелердің негізгі денгейлері мыналар болып табылады:

  • Базалық деңгей— клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер
  • Мекемелер деңгейі— поликлиника, стационарлар,диспансерлер,жедел-жәрдем орталықтары
  • Территориальды деңгей— профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары

Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелер информациялық технологияларды дәлірек медико-технологиялық ақпараттық жүйелер қамтамасыз етеді. Бұл топтағы жүйелер әртүрлі саладағы дәрігерлерге әр түрлі деңгейдегі есептерді ақпараттық өңдеу арқылы шығару үшін кең түрде қолданылады. Бұлардың басты мақсаты дәрігер-клиницистке, гигиенистке, лаборанттарға әртүрлі тапсырмаларды орындау мақсатында компьютерлік қол ұшын беру болып табылады. Олар профилактикалық және емдік диагностикалық жұмыстардың сапасының артуына ықпал жасайды, әсіресе жоғары мамандандырылған дәрігерлердің жаппай тексерісі кезінде, қабылдау кезінде уақыт тым шектеулі кезде оларға деген сұраныстың, науқас жағынан, көп болған жағдайда өте маңызды болып табылады.

Базалық деңгейдегі медико-технологиялық ақпараттық жүйелерді атқаратын қызметіне қарай келесі топтарға бөлуге болады:

  • Медициналық информациялық анықтамалық жүйелер
  • Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер
  • Медициналық құрал-жабдық компьютерлік жүйе;
  • Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны

 

 

Медициналық ақпарттық жүйелердің территориялық деңгейі -кәсіби медициналық қызметтердің , емханалардың, жедел жәрдемнің территориялық деңгейде басқаруға арналған программалық жиынтық.

Территориялық деңгейдегі ақпаратық жүйелер:

1) Денсаулық сақтау ұйымының ақпараттыұ жүйелері

2) Медициналық қызметтегі жұмысшыларға медико-техникалық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық жүйе

3) Аймақтық деңгейдегі біріңғай ақпаратық денсаулық сақтау кеңістігін қамтамасыз ететін компьютерлік телекоммуникациялық медициналық торап.

Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының саясаты денсаулық сақтау жүйесінің талабына сәйкес жаңа технологияларды, бүгінгі күнгі емдеу әдістемелері мен медициналық қызмет көрсетуді халықаралық стандартқа жүйелі түрде көшіру болып табылады. Мемлекет осы бүкіл жұмыстарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті базалық шарттарды құрды.

Ақпараттық процестер барлық медицина мен денсаулық сақтау салаларында дамыған.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің барлық салаларының функциялау нақтылығы оларды тиімді басқару мен медицинадағы ақпараттық ағымдардың жинақталуына байланысты. Осы ақпараттық ағымдармен жұмыс істеу үшін медициналық ақпараттық жүйелер тағайындалған.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында №543 бұйрық бойынша медициналық ақпараттық ағымдарды тиімді қолдану мен жинақтау үшін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ААЖ поликлиника», «ААЖ стационар», «066 формасы» мен «Dn stat» медициналық автоматты ақпараттық жүйелері (ААЖ) енгізілді.

«ААЖ- стационар» бағдарламалық кешені стационарда және стационар сияқты мекемелерде емделген науқастар туралы жедел ақпарат алу мен мониторинг процестерін автоматтандыруға арналған. «ААЖ» бағдарламалық кешені екі бөлімнен: стационардың медициналық статистикасы мен қабылдау бөлімінің статистикасынан тұрады.

Бағдарламалық модуль мәселені шешуде ақпарат жиынын болжайтын жүйелік көзқарас пен кешенді принципта құрылған, ол аудандық ұйымдардан бастап денсаулық сақтау басқару органдарына дейінгі барлық негізгі жүйелердегі субъектің ақпараттық, өзара ғрекеттестік координатасын бақылайды және жоспарлайды.

Бағдарламалық модуль мәселені шешуде жүйелік кешенді принципта құрылған, ақпараттың жинақталуын болжайды сараптамасы барлық негізгі денсаулық сақтау жүйесінің деңгейлерінде аудандық ұйымдардан бастап денсаулық сақтау басқару мекемелеріне дейін жоспарланған.

«ААЖ- стационар» бағдарламасының міндеті:

— Емделген науқастың төл құжаты бойынша 066/у статистикалық картаға мғліметті енгізу және өндеу

— Анықтамаларды редактрлеу және қарап шығу

— Ішкі аудит үшін есептік құжаттар мен тіркелген статистикалық ақпарат құру

— Стационарда емделген науқастардың жалпы базасын құру.

«Стационардың медициналық статистикасы» бағдарламалық кешені стационарда емделген науқастың стационарлық картасын (ф.66/у -99) автоматты түрде енгізуге, өндеуге, медициналық ұйымдардың есептік – тіркелу құжаттарын алуға және сақтауға арналған.

«Стационардың медициналық статистика» бағдарламаларының міндеттері:

— Төл құжат бойынша ақпаратты енгізу және өндеу (емделген науқастың статистикалық картасы).

— Стационар бойынша ай сайындық, жылдық, кварталдық есептік формаларын құру.

«Қабылдау бөлімдегі стационардың медициналық статистикасы» бағдарламалық кешені стационарда емделген науқастың стационарлық картасын (ф.66/у -99) , стационарлық науқастың медициналық картасын (№ 003/у формасы) автоматты түрде енгізуге, өндеуге, медициналық ұйымдардың есептік –

«Қабылдау бөлімдегі стационардың медициналық статистикасы» бағдарламасының міндеттері:

— Төл құжат бойынша ақпаратты енгізу және өндеу (емделген науқастың статистикалық картасы және стационарлық науқастың медициналық картасы), емделген науқастардың мәліметтер базасын құру.

— Қабылданған және емделген науқастардың күн сайындық пен айлық есептерін құру.

— Кез келген мерзім бойынша қабылдау бөлімінің есептік формаларын құру.

Осы бағдарламалық кешен Visual Foxpro 5.0 жазылған және Windows 95 және одан бертінгі нұсқалары орнатылған IBM PC типті дербес компьютерлерде жұмыс істейді.

Елбасының халыққа жолдауы, «Қазақстан – 2030 стратегиясы», Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау Мемлекеттік Бағдарламасы мен Елбасының ақпараттандыру бағдарламасына сүйене отырып информатика сабақтарында осы бағдарламалармен білім алушыларды оқытуды жөн көрдік. Себебі медициналық мамандарды дайындауда білім алушылардың біліктілік сапасын жоғарылатуға, мәселені шешуге, өз ісінің шебері болуға, клиникалық тұрғыдан ой – санасын дамыту мен пәннің клиникалық тұрғыда бағытталуы қажет.

Білім алушыларға осы бағдарламаларды тез меңгеруге, тиімді және көрікті болу үшін CamStudio бағдарламасында жасалған видео – фильм ұсындық.

CamStudio –да жасалған бағдарламасының жаңашылдығы білім алушылардың клиникалық ой-санасын мен іскерлік қабілетін дамыту, жаңа медициналық технологиялармен жұмыс істеуді үйрету, клиникалық бағыттағы оқу – зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арналған.

Бұл жұмыстардың міндеті білім алушыларды біріккен элементтердің бөлігін іздеуге және оларды жинақтауға, теориялық қорытындысын шығаруға үйрету, сонымен қатар жоғары курста оқитын хирургия, ішкі аурулар, акушерства, мейірбике ісі, терапия, педиатрия клиникалық пәндердегі арнайы медициналық терминдермен жұмыс істеу кішігірім мәліметтер қоры бола алады.

 Қорытынды:

Қазіргі таңда медицинаның күрт дамуына байланысты кездесетін шешімі қиын мәселелер саныда арта түсуде. Әрине бұл жолда компьютерлік ақпарат және компьютерлік техника осы мәселелерді шешуді жеңілдету үстінде. Компьютерлік технологиялардың дамуы түрлерінің көптігі қызметтік дәрежелерінің жоғарылауы медицинада сенімділікті арттырадды. Дәрігерлерге , медициналық қызметшілерге жеңісті нәтижеге жету үшін медициналық компьютерлік ақпараттық жүйені ұтымды және кеңінен қолдану керек. Медициналық ақпарттық жүйелердің территориялық деңгейі -кәсіби медициналық қызметтердің , емханалардың, жедел жәрдемнің территориялық деңгейде басқаруға арналған программалық жиынтығы болып табылды. Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйе. Оның түрлері, мүмкіншіліктері, жетістіктері, кемшіліктері туралы сөз қозғалды. Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер медицинаның барлық саласында кеңінен қолданылу жолында. Бұл тек дәрігерлерге ауруды анықтап қана қоймай диагнозын емдеу шараларын да жоспарлауға зор мүмкіншілік тудырып отыр. Осының арқасында дәрігерлердің біліктілігін арттырып жұмысын жеңілдетуде.

 Қолданылған әдебиеттер:

  1. Құдабаев Қ.Ж. – информатика, медициналық жоғарға оқу рындарына арналған оқу құралы
  2. В.П.Омельченко, А.А.Демидова- информатика, учебник для медицинских училищ и колледжей
  3. Жапарова Г.Ә.-информатика негіздері,оқу құралы
  4. Интернет: http://main.tpkelbook.com
  5. http://lektsii.org