Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындар

Ташмаганбетова Гулнара Байдировна

Тәрбиеші

.

.

Мақсаты:

Білімділік:  мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытуға арналған ойын түрлерін теориялық және іс-тәжірибе тұрғысынан ашық көрсету;

Дамытушылық: берілген тақырып төңірегіндегі білімдерін тиянақтап, қабылдау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Сөздік қорды дамытуға арналған ойын құрылымын түсіну үшін машықкерлерге әдістемелік нұсқау беру. Топтық жұмыс барысында әртүрлі пайдалану арқылы, эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Көрнекіліктер:әртүрлі  дидактикалық ойындарға арналған демонстрациялық материалдар.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, пікір алмасу

Барысы:«Ассоциацияның көмегімен көрініс» Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір ойыншықты ( қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім – Марат, ұнататын ойыншығым – машина ; Есімім – Айгул, ұнататын ойыншығым– арыстан, Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады. Құрметті тәрбиешілер бүгінгі шебер сағатымызды бастамас бұрын, осы тұрған ретпен сіздерді 3-топқа бөлу үшін мына жасырын номерлерді таңдауларыңызды сұраймын. Тәрбиешілер қызыл текшелі көк текшелі номерлерін таңдайсыздар. Орындарынызға жайғасыңыздар, ал мен шарамды ары қарай жалғастырайын. Мектепке дейінгі мекемеде балаларды тәрбиелеу мен білім беру жұмысында олардың жеке дара мүмкіндіктері мен қабілеттерін аса ескерек отырып, оны жүзеге асырамыз. Сол сияқты баланың тілін дамытуда да оның сөйлеу мүмкіндіктерін жас ерекшелігі және жеке дара ерекшелігін бөліп қарастырамыз. Баланың сөздік қорын дамытуда жеті міндет қоямыз.

  Сөздік қорын дамыту;

  Грамматикалық  дағдыларын қалыптастыру;

  Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу;

  Диалог түріндн әңгімелесу дағдысын қалыптастыру;

  Әңгімелесіп сөйлеуге үйрету, яғни – монологты сөлеуге үйрету;

  Көркем әдебиетпен таныстыру;

  Сауат ашуға тәрбиелеу.

 Қарап отырсыңыздар, осы міндеттер баланың даму кезеңінен бастау алады.   Олай болса, осы негізгі жеті міндетті кірістіре отырып, бүгінгі  тақырыбымызға сай балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындарды  ұйымдастыру жұмыстарын қарастырайық.

 Ол келесі қатарда көрсетілген тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

1-тапсырма.Әр топқа бірнеше сурет карточкалары беріледі. Әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа байланысты. Осы сурет карточкаларын кірістіре отырып, ойынның әдістемелік паспортын құрастырыңыздар. Яғни онда тақырыбы, мақсаты, жас ерекшелігі және ойынның барысы болуы керек. 3 минут

2- тапсырма. Алдарыңызға ұсынылған шашыранды  әріптерден, сөз тіркестерімен буындардан баланың грамматикалық дағдысын қалыптастыруға арналған ойын паспортын құрастырып, бізге ұсынуларынызды сұраймыз.3 минут.

3- тапсырма. Келесі тапсырма дыбыстық мәдениетті қалыптастыруға арналған болғандықтан, мына берілген материалдар арқылы 3 топ ойын паспортын құрастырып, оны іс- жүзінде көрсетулерін керек  ( тәрбиеші жетекші рөлінде, машықкер бала рөлін сомдайды). 4минут

4- тапсырма. Әр топқа 3 түрлі ертегі түрі беріледі. Осы ертегі кейіпкерлері кейпіне мына атрибуттарды пайдалана отырып еніп, тәрбиешінің топтағы балаларға желілі рөлді ойын түрімен, яғни ертегі кейпін сомдауға үйрету үлгісін ортаға ұсынасыздар. 5 минут.

5- тапсырма Құрметті жиынға қатысушылар, сіздер дайындықтарыңызды жалғастыра беріңіздер. Ал мен осы сәтте ортада отырған қонақтарға бөлгім келеді. Яғни, сіздермен біраз сөзжұмбақ жасырып, бөлінген уақыт мөлшерін үнемдейік.

Әңгімелесу, сөйлесу – балалардың үлкендермен және өз қатарларымен сөз арқылы қатынас жасауының негізгі түрі.

  1. Бұл балалардың тілін дамытудағы әдіс түрі.
  2. Балалардың ертегілерді өз бетінше ойластырып, қиялдап өз өмірінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, оқыған көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластыраайтуын қандай әдіске жатқызамыз?

 3.Сөздік қор, тілдің құрамдық материал болып табылатын жеті міндеттің бірі қалай аталады?

  1. Баланың тілін дамытудағы негізгі әдіс- тәсілдердің бірі, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы негізгі тәсіл.
  2. Белгілер жүйесі, адамдардың бір- бірімен қатынас құралы.
  3. Қатынас жасау, түсіну, өзін тәртіпке келтіру үшін тілдің лексикалық және грамматикалық белгілерін дұрыс пайдалануды бір сөзбен қалай атаймыз?

6-тапсырма. Алдыларыңызға ұсынылған иллюстрциялы картиналары пайдалана отырып, баланың тілін дамытуға арналған, көркем әдебиетке баулу міндетін жүзеге асыру үшін әдістемелік паспортымен бірге дайындайсыздар.

3 минут.

      Енді құрметті жиынға қатысушылар барлықтарыңызды ортаға келулеріңізді сұраймын. Біраз уақыт бойларыңызды сергіту үшін қойылған музыка ырғағымен жылдам билеп, бірден образға кіре отыруларыңызды сұраймын. Кімді – кім тосып қалады ойыннан шығады. Ойын ережесі бойынша жылдамдық, зеректік танытқан қатысушы озат атанады.

7-тапсырма.  Мектепалды даярлық тобында баланың сауат ашуын қалай дамытамыз? Яғни, мектепке даярлау шағында оның білімін,тілінің дамуын қалай тиянақтаймыз. Алдыларыңызға берілген материалдар арқылы бір емес, бірнеше дидактикалық ойын паспортын дайындауларыңызды сұраймын.

4 минут

 

 Рефлексия: « Сілкіп таста».

Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрметемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақанымызды сілкиміз, білегімізді сілкиміз. Осы сәтте өздеріңізді жағымсыз әрекеттерден арылғандай сезінесіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа қарай сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Сездіңіздер ме?…. бойымыздан ауыр жүк түсті. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз. Көңіл – күйіңіз жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыздар: Мен ақылдымын, менің жаным тыныш. Мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін. Менің қолымнан көптеген жақсылықтар келеді. Маған сенімділік күш береді. Мен бәріне де дайынмын.

 Қорытынды:Құрметті, тәрбиешілер осымен бүгінгі біздің шеберлік сағатымыз  өз мәресіне келіп жетті.