Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің АКТ -ны қолданудың рөлі

Тасмагамбетова Кулаим Айтмуратовна
.
.
  Мектепке дейінгі əдіскер жұмысының негізгі бағыттары қазіргі заман балабақша жұмысы мақсаты мен міндетімен анықталған. Бүгінгі күні балабақша педагогтары алдында екі негізгі мақсат тұр, балабақша басшысы балаларды оқыту жəне тəрбиелеу процесін ұйымдастыруды анықтайды жəне жүзеге асырады. Бірінші мақсат – бұл барлық балалардың физикалық сапа жəне еңбек ете білуін дамыту, білім, дағды жəне танымның нақты жүйесін анықтау, өздерінің танымдық қажеттіліктері мен интеллектуалдық қызығушылықтарын қанағаттандыру, өз ақыл-ес мүмкіндігі мен тəуелділігін толық түрде ашуға мүмкіндік алу. Бұл мақсатты бала мына жағдайда жүзеге асыра алады: балабақша əкімшілігі, педагогикалық ұжым бұл үшін жағдай жасауға мүмкіндігі бар жəне жағдайы бар. Екінші мақсат — əр баланы мəдениетке, адамгершілік, шығармашылық, белсенділік жəне əлеуметтілікке тəрбиелеу. Бұл мақсат балабақшаның оқу-тəрбие үдерісінде жүзеге асады. Əдіскер жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі балабақшаның педагогикалық ұжымымен тамаша ұйымдастырылған жəне ойластырылған ынтымақтастық болып табылады. Ол балабақша педагогтарымен, ұжымымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, əртүрлі əкімшілік функцияларды атқаратын басқа да мамандармен ынтымақтастықты ойластырады. Ынтымақтастық жемісті болу үшін əдіскер педагогикалық ұжыммен жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік беретін басқару қызметтерінің əртүрлі тəсілдерін пайдалана білуі қажет. Аталған бағыт əдіскер жұмысының төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: танымдық; диагностикалық; бақылау-түзету; болжау. Мектепке дейінгі əдіскер жұмысының үшінші бағыты балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық жəне рухани жағдайларын білу, əдіскерге жəне оның əріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тəрбиесінде күрделі мəселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде əдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Бұл ата-аналарды мəдениетке баулу, отбасы диагностикасы, диагностикалық зерттеу банкісін құру. Балабақша əдіскері өз қызметінде əртүрлі функцияларды орындайды: ұйымдастырушылық, əдістемелік жəне əкімшілік. Əдіскердің ұйымдастырушылық функциялары: мектепке дейінгі білім беруде оқу-тəрбие үдерісі жағдайын талдау; балабақша жұмысын ұйымдастыруда табыс жағдайлары жəне сəтсіздік себептерін шығару; балабақшада баланы оқыту мен тəрбиелеу үдерісінің барлық қатысушыларының жұмысын болжау; алдағы жұмыс мазмұны, формасы мен əдісін өңдеу; кəсіби кадрларды оңтайлы таңдау; педагогтарға алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда міндеттің қойылымы мен тікелей көмек; мұндағы барлық педагогтар жұмысының нəтижесін талдау анализі. Əдіскердің ұйымдастырушылық құрылымының мақсаты – бұл баланың жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша барлық педагогикалық процесс жұмысының тиімділігін жəне сапалылығын қамтамасыз ету. Əдіскер – бұл кəсіпқой, яғни, балабақшада оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда бас маман болып табылады. Оның əдістемелік құрылымы төмендегідей: — диагностикалық; — зерттеушілік; — құрылымдық; — коммуникативтік. Əдіскер əдістемелік жұмыс үдерісінде — тəрбиешілердің педагогикалық біліктілікті арттыруды ұйымдастырады, — педагогтардың шығармашылық өсуін ұйымдастырумен айналысады, — жас педагогтармен жұмысты ұйымдастырады, — өз əріптестерінің тəжірибесі мен шеберлігін зерттейді, — педагогтардың атқарған жұмыстары мен жетістіктерін талдап қорытады, — олардың дарындылығы мен кəсіби дағдыларын кеңірек ашу үшін жағдай жасайды. Əдіскердің əкімшілік құрылымы өзінің күнделікті жұмысында басымдылық болып табылмайды. Оның басты міндеті педагог жұмысының жүйелі оқу-тəрбие жүйесін құру бойынша əдістемелік жəне ұйымдастырушылық құрылымды бекіту болып табылады. Əкімшілік құрылымның маңызды үлгісі балабақшада оқутəрбие үдерісінің сапасын бақылау болып табылады. Баланы білім беру жұмысы субьектісі ретінде дамыту үшін Сабақтас жəне Контроль предполагает анализ деятельности педагогов по созданию условий для развития личности ребенка как субъекта образовательной деятельности, становления детских коллективов, построения системы преемственности в деятельности начальной школы и детского сада. Əдіскер жұмысының практикасында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау жəне бақылау, жоспарланған оқу-тəрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нəтижелілігі, тəрбиешілердің əдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау ерекше орын алады. Жоғарыда жазылған құрылымдардың барлығы өз жұмысын көп жəне жемісті атқарса, өз кəсіби əлеуетін арттырса, өз əріптестеріне шығармашылық жағынан қызықты болса, барлық жағынан да жеткілікті тұлға болып көрінсе ғана, əдіскер жұмысында табысты болып көрінеді. Мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру жағдайында əдістемелік қызмет жұмысының мазмұны Əдістемелік қызмет жұмысын жетілдіру мəні – бұл педагогикалық ойлау стереотипін өзгерту; əдістемелік қызметтің мазмұны мен жұмысындағы құзыреттілік, жеке тұлғаға бағытталған əдіс-тəсілдер; шығармашылық дербестікті дамыту негізінде интерактивті оқыту. Жаңа тəсілдің құрылымдық үлгісі негізінде əдістемелік жұмысқа бірнеше бағытты көрсетуге болады: əлеуметтік тапсырысты зерттеу; кадрлармен жұмыс: диагностика, тəрбиеші жəне тəрбие үдерісі шеберлігін педагогикалық сараптау, біліктілікті арттыру жүйесі; эксперименталды-зерттеу жұмысы; вариативті бағдарлама, технологияларды жүзеге асыру мониторингі; педагогтардың өз жұмыстарында қолдау бағдарламаларын қамтамасыз ету
Мектеп жасына дейінгі балалардың тікелей білім беру қызметінде қолданылатын барлық ақпараттық құралдарды төмендегідей бөлуге болады:
  • аудио;
  • бейне;
  • мультимедиялық құралдар.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігінемұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалықпрогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргіқоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.